Әділет партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Öskemen
  • Әділет партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы

Әділет партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы Әділет партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ресми парақшасы

04/09/2026

Модернизация тепловой инфраструктуры — в центре внимания

В Усть-Каменогорске обсудили вопросы модернизации системы теплоснабжения и ход подготовки к предстоящему отопительному сезону. Представители Восточно-Казахстанского областного филиала партии «Әділет» приняли участие во встрече и ознакомились с проводимой предприятием работой.

В ходе встречи были рассмотрены вопросы обновления тепловых сетей, проведения капитального ремонта котельного оборудования, внедрения современных технологий и автоматизированных систем управления.

В рамках инвестиционной программы на 2026 год проводится модернизация отдельных участков тепловых сетей, ремонт котельных агрегатов и техническое перевооружение. Основная цель этих мероприятий — обеспечить стабильную работу системы теплоснабжения и надежное и качественное снабжение жителей теплом.

Представители Восточно-Казахстанского областного филиала партии «Әділет» подчеркнули важность проводимых работ, отметив необходимость качественного и своевременного выполнения проектов на объектах социальной значимости.

Подобные встречи способствуют обеспечению открытости проводимой работы, усилению общественного контроля и позволяют выносить на обсуждение вопросы, волнующие жителей.

03/09/2026

Ұлы даланың табиғаты мен тарихы бізге талай ғасырдан жеткен ерекше мұраларға бай

Тазы мен төбет, адай және Қостанай жылқылары, тоғайлы ормандар, ен даламызға қайта оралған тұран жолбарысы – қазақ жерінің табиғи байлығы мен ұлттық болмысының бір қырын көрсетеді.

Мемлекет басшысы да ұлттық мұрамызды сақтап, табиғи байлығымызды келер ұрпаққа жеткізуге айрықша мән береді.

Өйткені табиғаттың әр бөлшегінде Ұлы даланың тарихы өрнектелген.

💜 Оны қорғап, келер ұрпаққа жеткізу – біздің парызымыз!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Құмай тазы – ұлттық құндылығымызТазы – қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқа...
03/09/2026

Құмай тазы – ұлттық құндылығымыз

Тазы – қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейту ісіне айрықша мән береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәл осы бағытта мазмұнды жұмыс жүргізілді. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді.

Сондықтан жеті қазынаның бірі саналатын құмай тазы – аңшының сенімді серігі ғана емес, ұлттық құндылығымыз. Оны келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың қастерлі борышымыз!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Ардақты ағайын!Баршаңызды Қазақ тазысы мен төбеті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Есте жоқ ескі заманнан бері сайын да...
03/09/2026

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Қазақ тазысы мен төбеті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Есте жоқ ескі заманнан бері сайын далада саят құрған халқымыз үшін құмай тазы – атадан балаға аманат болып жеткен қастерлі құндылық, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Ал ұлттық құндылықтарды ұлықтау – баршамызға ортақ ұлағатты іс.

Осы орайда, елімізде дәстүр сабақтастығы жалғасын тауып, тарих қойнауынан тамыр тартқан салтымыз бен мәдениетіміз жыл өткен сайын жаңғырып келеді. Қазақ тазысы мен төбеті күні – соның жарқын дәлелі.

Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық және келешегі кемел болсын!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

«Мектепке нық қадаммен!» акциясы белсенді жалғасудаБалаларды жаңа оқу жылына дайындық аясында «Әділет» партиясының баста...
02/09/2026

«Мектепке нық қадаммен!» акциясы белсенді жалғасуда

Балаларды жаңа оқу жылына дайындық аясында «Әділет» партиясының бастамасымен қолға алынған «Мектепке нық қадаммен!» акциясы Шығыс Қазақстан облысында белсенді жалғасуда.

Акцияға барлық деңгейдегі мәслихат депутатары, партия мүшелері қатысуда. Сонымен қатар партияның аумақтық филиалдарында да бұл акция барынша белсенді түрде ұйымдастырылуда.

Акцияның басты мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға қолдау көрсету, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаңа білімге нық қадам басуына ықпал ету.

Акция басталғанан бері Шығыс Қазақстан облысы бойынша 600 -ден астам балаға мектепке қажетті құрал жабдыққатар салынған сөмкелер табысталды.

«Мектепке нық қадаммен!» — балаларға қамқорлық танытып, игі істер төңірегінде жұртшылықты біріктіруге және оларға жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған «Әділет» партиясының әлеуметтік бастамасы.

Активно продолжается акция «С уверенным шагом в школу!»

В Восточно-Казахстанской области продолжается акция «С уверенным шагом в школу!», инициированная партией «Әділет» в рамках подготовки детей к новому учебному году.

В акции принимают участие депутаты маслихатов всех уровней и члены партии. Активно организована работа и в территориальных филиалах партии.

Главная цель акции — оказать поддержку школьникам накануне нового учебного года, подарить им хорошее настроение и помочь уверенно сделать шаг навстречу новым знаниям.

С начала акции по Восточно-Казахстанской области более 600 детям были вручены школьные рюкзаки с необходимыми учебными принадлежностями.

«С уверенным шагом в школу!» — это социальная инициатива партии «Әділет», направленная на поддержку детей, объединение общественности вокруг добрых дел и создание новых возможностей для подрастающего поколения.

02/09/2026

Құрылтай депутаттары кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

​Кен өндіру және өнеркәсіп саласы – депутаттардың кәсіби жолының бір бөлігі. Арман Қалықов көмір шахтасында жер астындағы кен жұмысшысы болып еңбек етсе, Алмат Әбдікешов кәсіби мансабын Анненский кенішінде шәкірт болып бастады. Сұңғат Есімханов бұған дейін электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі мәселелеріне жетекшілік етті. Ал Вадим Басин Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарға жетекшілік ететін Qarmet компаниясын басқарды.

​Депутаттар құттықтауында еңбек қауіпсіздігіне, жұмысшы мамандықтардың беделін арттыруға және еңбек адамын құрметтеуге баса мән берді.

Сондай-ақ олар Мемлекет басшысы жұмысшы мамандық иелерінің ел дамуындағы айрықша рөлін бірнеше рет атап өткенін еске салды.
​Кеншілерге қауіпсіз жұмыс, зор денсаулық және отбасыларына амандық тіледі.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

02/09/2026

🌸 Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – әр адам үшін ерекше күн. Бірінші сынып оқушылары таңғажайып білім әлеміне алғашқы қадамдарын жасайды, жоғары сынып оқушылары өз болашағын таңдайды, ал педагогтер мен ата-аналар күш-жігерін балалардың жетістігі жолында жұмсайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесуде білім мен ғылым, инновация мен озық технология – бүгінгі дәуірдің басты қаруы екенін атап өтті. Жаһандық бәсекеде білімді, зияткер елдер ғана алға шығады.

Баршаңызға толайым табыс тілейміз.

Мереке құтты болсын! Білім күні құтты болсын!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқанына белсене қатысып, ортақ іске елеулі үлес қосқан азаматт...
02/09/2026

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқанына белсене қатысып, ортақ іске елеулі үлес қосқан азаматтарға «Әділет» партиясының Төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан Алғыс хаттар табысталды.

Бұл – белсенді азаматтық ұстанымы, жауапкершілігі мен сайлау науқанын өткізуге қосқан үлесі үшін әр қатысушыға көрсетілген ризашылықтың белгісі.

Іс-шара соңында «Әділет» партиясының Әнұраны шырқалды.

Ортақ іске атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтамыз! Еңбектеріңізге табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

В рамках избирательной кампании по выборам депутатов Курултая Республики Казахстан активным участникам, внесшим значительный вклад в общее дело, вручены Благодарственные письма Председателя партии «Әділет» Айбека Дәдебая.

Это признание активной гражданской позиции, ответственности и труда каждого, кто внес свой вклад в проведение избирательной кампании.

В завершение мероприятия прозвучал Гимн партии «Әділет».

Благодарим всех, кто был частью общего дела! Желаем новых успехов и достижений на благо страны!

Әділет партиясы Құрылтайдың I шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөлдіАстанада Айбек Дәдебайдың төрағалығымен «Әділе...
27/08/2026

Әділет партиясы Құрылтайдың I шақырылымындағы депутаттық мандаттарды бөлді

Астанада Айбек Дәдебайдың төрағалығымен «Әділет» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Отырыс барысында Бюро еліміздің бір палаталы парламентінде депутаттық мандатқа ие болған 110 кандидаттың тізімін бекітті. Тиісті шешім мен партиялық тізім Құрылтайдың бірінші шақырылымы депутаттарын ресми тіркеу үшін ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолданды.



Партия «Әділет» распределила депутатские мандаты в Курултай I созыва

В Астане состоялось заседание Бюро Политического совета партии «Әділет» под председательством Айбека Дадебай. В ходе заседания Бюро утвердило список из 110 кандидатов, получивших депутатские мандаты в однопалатном парламенте страны. Соответствующее решение и партийный список направлены в Центральную избирательную комиссию РК для официальной регистрации депутатов Курултая первого созыва.

Address

Кайсенова 121
Öskemen
070000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Әділет партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share