26/08/2026
⚜️ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТРЕНИНГ АЯСЫНДА ІЛЕ АЛАТАУЫНДА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ИНФОТУРЫ ӨТТІ
♻️Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде халықаралық тренинг аясында Қазақстанның әр өңірінен және шет мемлекеттерден келген қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға бағытталған инфотур ұйымдастырылды.
🏔️Қатысушылар ұлттық парктің табиғи және рекреациялық нысандарымен, визит-орталықтардың қызметімен, орман аумақтарын қорғау, табиғи өрттердің алдын алу және өртке қарсы іс-қимыл жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен танысты.
🏕️Бағдарлама барысында Өткелді шатқалындағы абаттандырылған жаяу соқпақ, «Шымбұлақ» тау курорты, «Жұмбақ жол» бағыты және «Апа Катя» визит-орталығы қамтылды.
Сондай-ақ Медеу филиалының Үлкен Алматы орманшылығында орналасқан I типті өрт сөндіру станциясының жұмысы таныстырылып, арнайы техника мен өрт сөндіру құралдары көрсетілді. Қатысушылар таулы және техника жетуі қиын аумақтарда орман өрттерін сөндіру тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты.
🚨Инфотур табиғи аумақтарды қорғау, орман өрттерінің алдын алу және рекреациялық қызметті тиімді ұйымдастыру бағытындағы тәжірибелік өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.