Mangystay Tjd

Mangystay Tjd МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ

29/08/2026

🔥 МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР

Басқұдық және Баянды ауылдарында әлеуметтік осал отбасылардың үйлері араланып, газталдағыштар орнатылды. Жылыту пештері мен мұржалардың қауіпсіздігі тексеріліп, өрт және газ қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

⚠️ Қауіпсіздік ережесін сақтау — ортақ міндет!

26/08/2026

Ақтау қаласында жылыту маусымына дайындық бойынша рейдтік іс-шара өткізілді

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өкілдерімен бірлесіп, алдағы жылыту маусымына дайындық аясында тұрғын үйлерде рейдтік іс-шара өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жылыту маусымы кезінде орын алуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ тұрғындар арасында өрт және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтау мәдениетін арттыру.

Рейд барысында көппәтерлі тұрғын үйлердің жылыту бөлмелері тексеріліп, жылыту жүйелері мен газ жабдықтарының қауіпсіз пайдаланылуына назар аударылды.

Сонымен қатар, тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар газ және жылыту жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, жабдықтарға уақтылы техникалық қызмет көрсету және ақаулы жылыту құрылғыларын пайдаланбау қажеттігін түсіндірді.

Тұрғындарға жылыту маусымы кезеңінде өрт және газ қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жадынамалар беріліп, қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді.

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарды жылыту құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережеле

26/08/2026

БАТЫРЛАРДЫҢ ЕСІМІ — ЕЛ ЖАДЫНДА 🇰🇿

26 тамыз — азаматтық қорғау органдары үшін қастерлі әрі қаралы күн.

2021 жылы дәл осы күні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы №28349 әскери бөлімде болған қайғылы оқиға кезінде қызметтік міндеттерін орындау барысында 10 азаматтық қорғау қызметкері ерлікпен қаза тапты.

Бүгін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде батыр әріптестерімізді еске алуға арналған тағзым рәсімі өтті. Департамент қызметкерлері мен азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысып, қаза болғандардың рухына тағзым етті. Бір минут үнсіздік жарияланып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды.

Отан алдындағы қызметтік борышын орындау жолында қаза болған әрбір азаматтың есімі — ел жадында. Олардың ерлігі мен батылдығы, антқа адалдығы — кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге.

Батырлардың есімі — мәңгілік.
Ерлігі — ұрпаққа аманат.

25/08/2026

🔥 Жылыту маусымына дайындық

Қарақия ауданы ТЖ бөлімі, жергілікті атқарушы органдар және «QazaqGaz Aimaq» қызметкерлері әлеуметтік осал және аз қамтылған отбасылардың үйлерін аралап, жылыту маусымындағы қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

🏠 Пеш, газ және электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, мұржаларды тексеру және газ иісі сезілген жағдайда сақтық шараларын сақтау ескертілді.

⚠️ Қауіпсіздік – әр адамның өзінен басталады!

#ТЖМ #Қарақия #ӨртҚауіпсіздігі #ЖылытуМаусымы

24/08/2026

🔥 Өрт сөндірілді — тергеу жалғасуда

Анықтаушылар өрт-техникалық зерттеу саласындағы сарапшымен бірлесіп, бұған дейін өрт болған нысанда практикалық сабақ өткізді.

Сабақ барысында өрт болған жерді қарап-тексеру, салдарын тіркеу, зақымдану сипатын зерделеу, өрт ошағы мен ықтимал себепті анықтау тәртібі пысықталды.

🔎 Өрттен кейін қалған іздер мен белгілерге ерекше назар аударылды. Бұл — оқиғаның мән-жайын анықтауда маңызды.

Өрт өз ізін қалдырады. Ал маманның міндеті — сол іздерді дұрыс оқу.



🔥 Пожар погас — расследование продолжается

Дознаватели совместно с экспертом провели практическое занятие на объекте, где ранее произошёл пожар.

Сотрудники отработали порядок осмотра места пожара, фиксации последствий, определения очага и возможной причины возгорания.

🔎 Особое внимание уделили следам и признакам, которые помогают установить обстоятельства произошедшего.

Огонь оставляет следы. Задача специалиста — правильно их прочитать.

21/08/2026

🔥 Офицерлер құрамы жылу-түтін камерасында жаттығудан өтті

🚒 Қою түтін, жоғары температура және нөлдік көрініс жағдайында қызметкерлердің тактикалық дағдылары мен психологиялық төзімділігі пысықталды.

💪 Басты мақсат — кез келген төтенше жағдайда кәсіби әрі жедел әрекет етуге дайын болу!

#ТЖД #Құтқарушылар #ӨртСөндірушілер #қауіпсіздік

20/08/2026

🔥 Жылу-түтін камерасы – өрт сөндірушілердің қауіпсіздігі үшін!

👨‍🚒 Камера арқылы өрт ошағының орналасуын, түтіннің бағытын және қауіпті аймақтарды анықтауға болады.

🌡️ Жылу-түтін камерасы көрінбейтін жерде қалған адамдарды іздеуге, өрттің таралуын бақылауға және жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

🚒 Басты мақсат – адам өмірін құтқару және өртті жедел әрі қауіпсіз сөндіру!

📞 101 | 112
Жаңаөзен қаласының Төтенше жағдайлар бөлімі

Address

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 24-6
Aktau
130000

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 08:30 - 18:00
Wednesday 08:30 - 18:00
Thursday 08:30 - 18:00
Friday 08:30 - 18:00

Telephone

+77292701708

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Mangystay Tjd posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Mangystay Tjd:

Shortcuts

Share