12/05/2026
Аналар күніне орай және «100 кітап» жалпыұлттық жобасы аясында «Ана бейнесі әдебиетте» тақырыбында әдеби талдау өтті.
М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының оқушыларымен өткен шарада
«100 кітап» жалпыұлттық жобасына енген ана, әйел тақырыбындағы шығармалар талданып, әсіресе Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы», Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» шығармасы, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айшасы», Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» туындыларындағы аналардың жарқын бейнелерін аша білді.
Сондай-ақ «100 кітап» жалпыұлттық жобасына енген, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер Рақымжан Отарбаевтың «Біздің ауылдың амазонкалары» шығармасындағы ауыл әйелдерінің қайсарлығы, еңбекқорлығы және отбасы үшін төзім танытатын мықты мінезі сөз етілді.
Оқырмандар Ақұштап Бақтыгерееваның «Ана әлдиі» атты екі томдық шығармасынан ана туралы өлеңдерді жатқа оқып, «Ана бейнесі әдебиетте» атты жұмыс парағындағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді.
«Ана — гүл, ана — өмір шуағы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.