Ақтөбе қаласы әкімдігі Акимат города Ақтөбе

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktobe
  • Ақтөбе қаласы әкімдігі Акимат города Ақтөбе

Ақтөбе қаласы әкімдігі Акимат города Ақтөбе На данной странице Вы сможете ознакомиться с историей,

02/09/2026

🌺Құрметті ақтөбеліктер!

🌸12 қыркүйек күні Орталық стадион алаңында (Арбат) «Гүлдер әлемі» қалалық фестивалі өтеді.

Табиғат пен сұлулықтың, шығармашылық пен шабыттың бұл мерекесі Ақтөбе қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылып, бүлдіршіндерден бастап кәсіпқой шеберлерге дейінгі түрлі жастағы тұрғындарды біріктірмек.

🌷Фестивальге Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары, ұйымдар, мекемелер мен білім беру ұйымдары қатыса алады.

​💐Бағдарламада 6 номинация бойынша байқау өткізіледі:
1. «Ақтөбеде жасалған»
2. «Үздік бөлме гүлі»
3. «Қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының үздік ұжымдық жұмысы»
4. «Қала мектептерінің үздік ұжымдық жұмысы»
5. «Ең үздік ұжымдық колледж жұмысы»
6. «Шығармашылық ұйымдарының үздік ұжымдық жұмысы»

🌼Өтінімдер 8 қыркүйекке дейін экранда көрсетілген электрондық поштаға қабылданады:
[email protected]

🌹Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 708 261 88 54
_______________________

🌺 Уважаемые жители Актобе!

🌸 12 сентября на площади Центрального стадиона (Арбат) состоится городской фестиваль «Гүлдер әлемі».

Этот праздник природы и красоты, творчества и вдохновения организован по инициативе акимата города Актобе. Фестиваль объединит жителей разных возрастов — от юных участников до профессиональных мастеров.

🌷 Принять участие в фестивале могут жители и гости города Актобе, организации, учреждения и образовательные организации.

💐 В рамках фестиваля пройдет конкурс по 6 номинациям:

1. «Сделано в Актобе»
2. «Лучший комнатный цветок»
3. «Лучшая коллективная работа дошкольных организаций города»
4. «Лучшая коллективная работа школ города»
5. «Лучшая коллективная работа колледжей»
6. «Лучшая коллективная работа творческих организаций»

🌼 Заявки принимаются до 8 сентября по электронной почте:
[email protected]

🌹 Дополнительная информация по телефону:
+7 708 261 88 54

02/09/2026

🔹Ақтөбеде белгіленбеген орындардағы заңсыз сауданың жолын кесу мақсатында рейдтік шаралар жүргізілуде

Қалалық жер қатынастары, сәулет бөлімі жанындағы мобильдік топ мүшелері полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, белгіленбеген орындарда заңсыз сауда жасау фактілерін тоқтату мақсатында рейдтік шаралар өткізді.

Кәсіппен айналысушылар ескерулері тиіс: адамдар жүретін жолдарды бөгеп, тротуар үстінде, көшеде немесе кез келген белгіленбеген орындарда сауда жасау заңсыз әрекет болып есептеледі. Ол үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-ші бабына сәйкес, заңсыз сауда бірінші рет анықталған жағдайда 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 21 мың теңге айыппұл салынады.

Заңсыз сауда орын алған жерлерде тазалық сақталмайтыны, жаяу адамдарға көшелер бойындағы жабайы сауда кедергі келтіретіні туралы тұрғындардан бірнеше мәрте арыз-шағым түсті.

Осыған орай рейдтік шараларды полиция тұрақты өткізуді қолға алып отыр.
_____________________

🔸В Актобе проводят рейды по пресечению незаконной торговли в неустановленных местах

Мобильная группа при городском отделе земельных отношений и архитектуры совместно с сотрудниками управления полиции провела рейдовые мероприятия, направленные на пресечение фактов незаконной торговли в неустановленных местах.

Предпринимателям следует учитывать: торговля с перекрытием пешеходных проходов, на тротуарах, улицах и в любых других неустановленных местах является незаконной. В соответствии со статьёй 204 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях, за впервые выявленный факт незаконной торговли предусмотрен штраф в размере 5 месячных расчётных показателей, то есть 21 тысячи тенге.

В адрес соответствующих служб неоднократно поступали обращения жителей о том, что в местах незаконной торговли не соблюдаются требования по санитарному состоянию и чистоте, а стихийная торговля вдоль улиц создаёт препятствия для пешеходов.

В связи с этим сотрудники полиции намерены проводить рейдовые мероприятия на постоянной основе.

02/09/2026

🔹 «Оңтүстік-Батыс-2» тұрғындарының көптен күткен мәселесі шешілді

Тұрғындар жаңа мектептің салынуына қолдау көрсеткен Мемлекет басшысына алғысын білдірді.

Білім күнінде Ақтөбедегі «Оңтүстік-Батыс-2» тұрғын алабында Президент тапсырмасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерген жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оқу ордасының ашылуы – елді мекен тұрғындары үшін көптен күткен маңызды оқиғалардың бірі.

«Бүгін – біздің елді мекен тұрғындары асыға күткен күн. Елді мекенімізде «Келешек мектебі» ашылып жатыр. Бұл мектеп аудан балаларының сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және сауатты азамат болып қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларға жасалған үлкен тарту деп білеміз. Бұл күнді біз асыға күттік. Біздің сұранысымызға Мемлекет басшысының қолдауының арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік.
Бұл нысанның маңызы өте зор. Мектебіміздің ашылуы құтты болсын! Мектеп ұжымы мен оқушыларға сәттілік және жақсы нәтижелер тілеймін»,
- деді «Оңтүстік-Батыс-2» тұрғыны Сапарбек Көбегенов.

———

🔸 «Юго-Запад-2»: решена долгожданная проблема жителей

Жители выразили благодарность Главе государства за поддержку строительства новой школы.

В День знаний в жилом массиве «Юго-Запад-2» города Актобе введена в эксплуатацию новая школа, построенная в рамках национального проекта «Келешек мектептері», реализуемого по поручению Президента. Открытие учебного заведения стало важным и долгожданным событием для жителей жилого массива.

«Сегодня – день, которого жители нашего жилого массива ждали с большим нетерпением. В нашем жилом массиве открывается «Келешек мектептері». Эта школа создаст благоприятные условия для получения детьми качественного образования, их всестороннего развития и формирования грамотных граждан.

Считаем это большим подарком для школьников накануне нового учебного года. Мы с нетерпением ждали этого дня. Благодаря поддержке Главы государства нам удалось достичь такого результата.

Значение этого объекта очень велико. Поздравляю всех с открытием нашей школы! Желаю коллективу школы и учащимся успехов и высоких результатов»,
– сказал житель жилого массива «Юго-Запад-2» Сапарбек Кобегенов.

⚜️ Асхат Шахаров Азия және әлем чемпионы Ерлік Сертайды қабылдадыАқтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров семсерлесуден Азия...
02/09/2026

⚜️ Асхат Шахаров Азия және әлем чемпионы Ерлік Сертайды қабылдады

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров семсерлесуден Азия және әлем чемпионы Ерлік Сертайды қабылдады.

Кездесу барысында өңір басшысы спортшыны халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелерімен құттықтап, оның жетістігі Ақтөбе облысының семсерлесу спорты үшін маңызды белес екенін атап өтті.

«Облысымызда семсерлесу спорты жақында ғана дами бастағанына қарамастан, қысқа уақыт ішінде тарихи нәтижеге қол жеткіздік. Азия және әлем чемпионы атанғаныңызды естіп, қуандық. Бұл – Сіз бен бапкеріңіздің қажырлы еңбегі, жоғары тәртіп пен төзімділіктің нәтижесі. Жетістіктеріңіз жас спортшыларға үлгі»,
– деді Асхат Шахаров.

Өңір басшысы спортшыларға көрсетілетін қолдау жалғасатынын сөз етті. Кездесу соңында облыс әкімі спортшы мен оның бапкеріне алғыс білдіріп, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.

🥇 Ерлік Сертай – Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, халықаралық және Азия деңгейіндегі жарыстардың жүлдегері. Семсерлесумен 2013 жылдан бері айналысады. Спорттағы алғашқы қадамын Қаркен Ахметов атындағы олимпиадалық резервтегі спорт мектебінде бастаған.

Спортшы 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысып, командалық есепте 6-орын иеленді. 2024 және 2026 жылдары Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар Азия чемпионаттарының жүлдегері, 2022 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2026 жылы Будапешт Гран-приінде жеке есепте күміс жүлдеге ие болды. Сол жылы әлем чемпионатында командалық есепте чемпион атанды.

✨ Ерлік Сертайдың халықаралық аренадағы нәтижелері Ақтөбе облысында семсерлесу спортының дамуына және жас спортшылардың осы спорт түріне қызығушылығын арттыруға серпін береді.
______________________

⚜️ Асхат Шахаров принял чемпиона Азии и мира Ерлика Сертай

Аким Актюбинской области Асхат Шахаров принял чемпиона Азии и мира по фехтованию Ерлика Сертай.

В ходе встречи глава региона поздравил спортсмена с высокими результатами на международных соревнованиях и отметил, что его достижение стало важной вехой для развития фехтования в Актюбинской области.

«Несмотря на то, что фехтование в нашей области начало развиваться относительно недавно, за короткий период нам удалось добиться исторического результата. Мы очень рады, что Вы стали чемпионом Азии и мира. Это результат Вашего и Вашего тренера самоотверженного труда, высокой дисциплины и выдержки. Ваши достижения станут примером для молодых спортсменов»,
– сказал Асхат Шахаров.

Глава региона отметил, что поддержка спортсменов будет продолжена. В завершение встречи аким области поблагодарил спортсмена и его тренера, пожелав им успехов и новых побед на предстоящих соревнованиях.

🥇 Ерлик Сертай – член национальной сборной Казахстана, призер международных и азиатских соревнований. Фехтованием занимается с 2013 года. Первые шаги в спорте начал в школе олимпийского резерва имени Каркена Ахметова.

Спортсмен принял участие в Олимпийских играх 2024 года в Париже, где занял 6-е место в командном зачете. В 2024 и 2026 годах становился чемпионом Азии. Также является призером чемпионатов Азии и серебряным призером Азиатских игр 2022 года. В 2026 году завоевал серебряную медаль в личном зачете на Гран-при в Будапеште. В том же году стал чемпионом мира в командном зачете.

✨ Результаты Ерлика Сертай на международной арене способствуют дальнейшему развитию фехтования в Актюбинской области и повышению интереса молодых спортсменов к этому виду спорта.

🔹Құрметті Ақтөбе тұрғындары мен қала қонақтары! 🌿🍂Сіздерді 5–6 қыркүйек күндері сағат 9:00-ден бастап «Нұрғасыр» мешітін...
01/09/2026

🔹Құрметті Ақтөбе тұрғындары мен қала қонақтары!

🌿🍂Сіздерді 5–6 қыркүйек күндері сағат 9:00-ден бастап «Нұрғасыр» мешітінің автотұрағында өтетін көшеттер мен гүлдер жәрмеңкесіне шақырамыз!

🌲 Жәрмеңкеде қылқан жапырақты және жеміс ағаштарының көшеттері, сәндік өсімдіктер мен гүлдейтін бұталар, көпжылдық және бөлме гүлдерінің кең таңдауы ұсынылады. Сонымен қатар өсімдіктерді қорғау құралдары мен түрлі тыңайтқыштарды да таба аласыздар.

👩‍🌾 Тәжірибелі бағбандар өз кеңестерімен бөлісіп, сұрақтарыңызға жауап береді және бақшаңызға қажетті көшеттерді таңдауға көмектеседі.

🍂 Күз — бақшаңызды жаңартуға таптырмас уақыт!
Өзіңізге ұнайтын көшетті таңдап, аулаңызға жаңа көрік сыйлаңыз! 🌱

📍 Мекенжайы: «Нұрғасыр» мешітінің автотұрағы
📅 5–6 қыркүйек
⏰ 09:00-ден бастап
__________________

🔸Уважаемые жители Актобе и гости города!

🌿🍂Приглашаем вас на ярмарку саженцев и цветов, которая состоится 5–6 сентября с 9:00 на автостоянке у мечети «Нургасыр»!

🌲 На ярмарке будет представлен широкий ассортимент саженцев хвойных и плодовых деревьев, декоративных растений, цветущих кустарников, многолетних и комнатных цветов. Также вы сможете приобрести средства защиты растений и различные удобрения.

👩‍🌾 Опытные садоводы поделятся полезными рекомендациями, ответят на ваши вопросы и помогут подобрать подходящие саженцы для вашего сада.

🍂 Осень — прекрасное время, чтобы обновить свой сад!
Выбирайте понравившиеся растения и создавайте красоту вокруг себя! 🌱

📍 Место проведения: автопарковка около мечети «Нұрғасыр»
📅 5–6 сентября
⏰ С 09:00

🔹1 қыркүйек күні сағат 17:35-те қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында алдын ала мәлімет бойынша шамамен 300 шарш...
01/09/2026

🔹1 қыркүйек күні сағат 17:35-те қалалық қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында алдын ала мәлімет бойынша шамамен 300 шаршы метр аумақта қоқыс өртенді.

Өрт полигонның жаңа бөлігіндегі 18 картаның екеуінде орын алды. Өрттің қалған карталарға таралуына жол берілген жоқ. Бұған дейін өрттің таралуына жол бермеу мақсатында 16 картаға толықтай топырақ төселген.

Қазіргі уақытта қайта тұтанудың алдын алу және түтінді басу мақсатында Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың күштері арнайы техникалардың көмегімен өрт ошақтарын топырақпен көміп жатыр.

Өртті сөндіру және салдарын жою жұмыстарына 10 өрт сөндіру есебі, 10 өрт сөндіру машинасы, 15 су тасымалдайтын көлік, сондай-ақ 20 ауыр жүк көлігі (самосвал), 7 жүк тиегіш, 1 экскаватор және 2 бульдозер жұмылдырылды.

Сонымен қатар, жұмыстардың қарқынын күшейту мақсатында қосымша техника тартылуда.
_____________________

🔸1 сентября в 17:35 на городском полигоне твердых бытовых отходов, по предварительным данным, произошло возгорание мусора на площади около 300 квадратных метров.

Возгорание произошло на двух из 18 карт нового участка полигона. Распространения огня на остальные карты не допущено. Это стало возможным благодаря тому, что ранее на 16 картах в целях предотвращения распространения огня была полностью выполнена отсыпка грунтом.

В настоящее время силами ДЧС и местных исполнительных органов с использованием специальной техники проводится засыпка очагов возгорания грунтом. Данные работы направлены на предотвращение повторного возгорания и снижение задымленности.

К ликвидации возгорания привлечены 10 пожарных расчетов, 10 пожарных машин, 15 водовозов, а также 20 единиц тяжелой техники (самосвалов), 7 погрузчиков, 1 экскаватор и 2 бульдозера.

Кроме того, для усиления темпов работ дополнительно привлекается техника.

01/09/2026

🔹 Ақтөбедегі «Мәңгілік алау» монументінің артындағы саябақ ұзақ жылдардан бері тозып тұр еді. Биыл қала әкімінің қаланы абаттандыру туралы үндеуін қабыл алған «Вибромастер Қазақстан» компаниясы өз қаражатына осы саябақты қалпына келтіріп, жаңалап берді.

Қала әкімі Азамат Бекет ақтөбеліктердің атынан демеушілік жасаған компания басшылығына алғысын жеткізді. Олар жаңа жарықтандыру тіректері мен шамдарын орнатып, жаяу жүргіншілер жолдарына кеспе тас төсеп, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жаңалап бергендерін көрсетті.

«Барлығын жаңалауға тырыстық. Әбден тозған баскетбол алаңын, воркаут аймақты, балалардың ойын алаңын жаңарттық. Сынған ескі кеспе тастардың ішінен бүтіндерін іріктеп алып, шеткері жақтардағы адамдар жүріп жол қылып тастаған жерлерге төседік. Ал жаяу жолдарға негізінен жаңа кеспе тас төсеп шықтық. Бұл — қаланың тұрғындарына жасаған сыйлығымыз», - деді компания өкілдері.
_________________________

🔸Парк за монументом «Мәңгілік алау» в Актобе долгие годы находился в неудовлетворительном состоянии. В этом году компания «Вибромастер Қазақстан», поддержав призыв акима города по благоустройству Актобе, за счет собственных средств восстановила и обновила территорию парка.

Аким города Азамат Бекет от имени жителей Актобе выразил благодарность руководству компании за оказанную спонсорскую помощь. Представители компании показали результаты проведенных работ: установлены новые опоры освещения и светильники, на пешеходных дорожках уложена брусчатка, обновлены детские игровые и спортивные площадки.

«Мы постарались обновить все. Отремонтировали баскетбольную площадку, которая уже сильно износилась, обновили воркаут-зону и детскую игровую площадку. Из старой разбитой брусчатки отобрали сохранившиеся целые элементы и уложили их на участках, где жители ранее самостоятельно протоптали так называемые народные тропы. А на основных пешеходных дорожках уложили преимущественно новую брусчатку. Это наш подарок жителям города», — рассказали представители компании.

✨ Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшалары табысталдыАқтөбе қаласының жаңартылған теміржол вокзалын...
01/09/2026

✨ Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшалары табысталды

Ақтөбе қаласының жаңартылған теміржол вокзалында дуалды оқыту бағдарламасы аясында оқу-өндірістік тәжірибеден өткен студенттерге еңбек кітапшаларын табыстау рәсімі өтті.

🔹 Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, колледж өкілдері мен жастар қатысты.

Биыл Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі мен Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі ALT-тың бес студенті «Қазақстан темір жолы» компаниясында тәжірибеден өтіп, еңбек кітапшаларын алды. Осылайша, жастар теміржол саласындағы кәсіби жолын бастады.

«Бүгінде Ақтөбе облысында дуалды оқыту 28 колледжде енгізілген. Бұл жастарға теориялық білімін өндірістік тәжірибемен ұштастырып, еңбек нарығына қажетті дағдыларды ерте меңгеруге мүмкіндік береді. Біз кәсіпорындар мен колледждер арасындағы байланысты одан әрі күшейтіп, жастардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына жағдай жасай береміз»,
– деді Асхат Шахаров.

Өңірде дуалды оқытуға 1104 кәсіпорын тартылып, 8694 студент қамтылды. Оқыту 60 мамандық және 87 біліктілік бойынша жүргізіледі. Студенттер көлік, тау-кен, ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика және басқа да салаларда тәжірибеден өтеді.

Колледждердің негізгі серіктестері қатарында «Қазхром» ТҰК, «Дөң тау-кен байыту комбинаты» АҚ филиалы, «Қазпошта» АҚ, «АМК Жарық» ЖШС, «Анвар» ЖШС және «Данай-Ақтөбе» ЖШС бар.

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобында жыл сайын шамамен 10 мың студент дуалды оқыту мен өндірістік практикадан өтеді. Бұл жүйе жастарға оқу кезінде еңбек дағдыларын меңгеріп, кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында Нұрлан Жақыпов Ақтөбедегі теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен де танысты. Вокзалда ғимарат пен инженерлік жүйелер жаңартылып, жолаушылар үшін қолайлы жағдай жасалуда.

«Жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтаумен қатар, олардың сапасы жоғары және қауіпсіз болуын қамтамасыз ету маңызды. Міндет – жолаушылар үшін заманауи әрі қолайлы жағдай жасау»,
– деді Нұрлан Жақыпов.
___________________

✨ В Актобе студентам, прошедшим дуальное обучение, вручили трудовые книжки

На обновлённом железнодорожном вокзале Актобе состоялась церемония вручения трудовых книжек студентам, прошедшим учебно-производственную практику в рамках программы дуального обучения.

🔹 В мероприятии приняли участие аким Актюбинской области Асхат Шахаров, председатель правления АО «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов, представители колледжей и молодёжь.

В этом году пять студентов Актюбинского колледжа транспорта и коммуникаций и Актюбинского гуманитарно-технического колледжа ALT прошли практику в компании «Қазақстан темір жолы» и получили трудовые книжки. Таким образом, молодые специалисты начали свой профессиональный путь в железнодорожной отрасли.

«Сегодня дуальное обучение внедрено в 28 колледжах Актюбинской области. Это позволяет молодёжи совмещать теоретические знания с производственной практикой и уже во время обучения приобретать навыки, востребованные на рынке труда. Мы продолжим укреплять взаимодействие между предприятиями и колледжами и создавать условия для профессионального становления молодёжи»,
– отметил Асхат Шахаров.

В регионе к системе дуального обучения привлечены 1104 предприятия, охвачено 8694 студента. Подготовка ведётся по 60 специальностям и 87 квалификациям. Студенты проходят практику в сферах транспорта, горнодобывающей промышленности, сельского хозяйства, строительства, энергетики и других отраслях.

Основными партнёрами колледжей являются такие предприятия, как ТНК «Казхром», филиал АО «Донской горно-обогатительный комбинат», АО «Казпочта», ТОО «АМК Жарык», ТОО «Анвар» и ТОО «Данай-Актобе».

Ежегодно около 10 тысяч студентов проходят дуальное обучение и производственную практику в компаниях группы «Самрук-Қазына». Такая система позволяет молодёжи получить практические навыки уже во время обучения и в дальнейшем трудоустроиться.

В рамках мероприятия Нурлан Жакупов также ознакомился с ходом модернизации железнодорожного вокзала Актобе. В здании обновляются инженерные системы и помещения, создаются более комфортные условия для пассажиров.

«Важно не только завершить работы в установленные сроки, но и обеспечить их высокое качество и безопасность. Задача – создать для пассажиров современные и комфортные условия»,
– сказал Нурлан Жакупов.

Address

Улица Т. Ахтанова, 50
Aktobe
030000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77132909092

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ақтөбе қаласы әкімдігі Акимат города Ақтөбе posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share