24/06/2026
🔹Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бойынша «Атырау облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-ге қатысты тергеп-тексеруді бастады.
🔹Тергеп-тексеру сұйытылған мұнай газын бөлу және жеткізу жоспарын қалыптастыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеттеріне жүргізілген талдау шеңберінде жүзеге асырылуда.
Бұған дейін Департамент Басқарманың атына бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарлама жолдаған болатын. Алайда белгіленген мерзімде хабарламаны орындау жөнінде тиісті шаралар қабылданбағандықтан, тергеп-тексеру бастауға негіз қалыптасты.
🔹Қазіргі уақытта құқық бұзушылық белгілерінің бар-жоғын растау немесе жоққа шығару мақсатында материалдарды жинау және талдау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, мынадай ықтимал фактілер тексерілуде:
нарықтың жекелеген қатысушыларына артықшылықтар мен жеңілдіктер беру;
жекелеген нарық субъектілері үшін артықшылықты жағдайлар жасау;
бәсекелестерге қатысты кемсітушілік жағдайлар қалыптастыру.
🔹Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 194-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданатын болады.
🔹Департамент Агентства Республики Казахстан по защите и развитию конкуренции по Атырауской области начал расследование в отношении ГУ «Управление энергетики и жилищно-коммунального хозяйства Атырауской области» по признакам нарушения законодательства Республики Казахстан в области защиты конкуренции.
🔹Расследование проводится в рамках анализа действий местных исполнительных органов при распределении сжиженного нефтяного газа и формировании плана поставок.
Ранее Департаментом в адрес Управления было направлено уведомление о наличии признаков нарушения законодательства в области защиты конкуренции. Однако в установленный срок меры по его исполнению приняты не были, что послужило основанием для начала расследования.
🔹В настоящее время проводится сбор и анализ материалов для подтверждения либо опровержения признаков нарушения. Проверяются возможные факты:
предоставления отдельным участникам рынка преимуществ и льгот;
создания привилегированных условий для отдельных субъектов рынка;
формирования дискриминационных условий по отношению к конкурентам.
🔹Расследование проводится в соответствии с подпунктом 9) пункта 2 статьи 194 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан. По итогам расследования будут приняты меры в рамках действующего законодательства.