Әділет Атырау облысы

Әділет Атырау облысы 🇰🇿«Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалының ресми парақшасы

📍Атырау қаласы, Әйтеке би, 79а

05/09/2026

Бүгін - ұлт ұстазы, қазақ руханиятының темірқазығы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Ахмет Байтұрсынұлы халқының әліпбиін жүйелеп, қазақ тілінің ғылыми негізін қалаған бірегей тұлға. Ол білімді – ел дамуының, ал ана тілін – ұлт бірлігінің тірегі деп білді. Ғибратты ғұмырын халқының азаттығы мен жарқын болашағына арнады.

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD Ақмарал Дәуітқұлова ақынның мұрасы өткеннің ескерткіші ғана емес, бүгінгі ғылым мен білімге бағыт беретін мәңгілік құндылық екенін атап өтті.

Ғалым ұлт ұстазының өнегесі санамызда мәңгі жаңғырып, тағылымды сөзі әр буынға шамшырақ болсын деген тілегін жеткізді.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

05/09/2026

Ардақты ағайын!

Бүгін – Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 154 жыл!

Ұлы ағартушының мұрасы – Отанға адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алаш» қайраткерлерінің өсиеті, олардың білімге, келісімге және ғылымға ұмтылысы Әділетті Қазақстанды құру жолындағы байыпты бағдар болып қала беретінін үнемі айтып келеді.

Осы игі істі жалғастыра отырып, «Әділет» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында инновациялар арқылы мемлекеттік тілді дамытуды, «Оқырман ұлт» бағдарламасын ілгерілетуді және «Адал азамат» құндылықтарын орнықтыруды мақсат тұтып отыр.

«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек». Ахмет Байтұрсынұлы осындай өсиет қалдырды. Осы өсиет баршамызға ортақ жасампаздыққа, бірлік пен дамуға сенімді серпін береді!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

05/09/2026

Тіл – жай ғана қарым-қатынас құралы емес

Тіл – әр халықтың мәдениеті мен дәстүрін, өткені мен тарихын сақтайтын рухани мұра.

Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өз тілінде сөйлеп, ана тілін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді. Әр тілге құрметпен қарау – өзара түсіністік пен татулықты нығайтып, ел бірлігін бекемдей түседі.

Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!



Язык – это не только средство общения

В нем живут культура, традиции, память и история каждого народа.

Казахстан объединяет людей, говорящих на разных языках, и уважение к этому многообразию остается важной частью нашего общего пространства, взаимопонимания и единства.

Қазақстан халқының тілдері күні құтты болсын!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

03/09/2026

Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған күн

Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Қазақ тазысы мен төбеті күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтау және көбейту ісіне айрықша мән беріп келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде, Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды.

Осы орайда, ұзақ жылдан бері ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, халқымыздың рухани және мәдени мұрасын сақтау, дәріптеу, келер ұрпаққа жеткізу ісіне айрықша атсалысып жүрген депутаттар Дихан Қамзабекұлы, Жанарбек Әшімжанов, Нұрлан Дулатбеков және Жарқынбек Амантайұлы орамды ойларын ортаға салды.

Депутаттар бүгінде қазақ тазысы әлемге танылып келе жатқанын атап өтіп, тазы мен төбет ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді.

Құмай тазы – ұлттық құндылығымызТазы – қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқа...
03/09/2026

Құмай тазы – ұлттық құндылығымыз

Тазы – қазақ халқының тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтап, көбейту ісіне айрықша мән береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәл осы бағытта мазмұнды жұмыс жүргізілді. Қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту туралы заң қолданысқа енді.

Сондықтан жеті қазынаның бірі саналатын құмай тазы – аңшының сенімді серігі ғана емес, ұлттық құндылығымыз. Оны келер ұрпаққа аманат ету – баршамыздың қастерлі борышымыз!

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

02/09/2026

Атырауда Құрылтай сайлауының қорытындысы бойынша марапаттау шарасы өтті

Саяси науқанға белсене атсалысқан өңірлік штаб мүшелері мен партия қызметкерлеріне арналған салтанатты басқосуда «Әділет» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Болат Қонарбай сайлауалды науқанның жауапты кезеңінде ұйымшылдық пен ерекше белсенділік танытқан штаб мүшелеріне алғыс білдірді.

-Құрылтай сайлауы еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге, азаматтардың қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуына мүмкіндік берген ерекше саяси дода болды. Сайлауалды науқан барысында штаб мүшелері өңір тұрғындарымен тұрақты байланыс орнатып, партияның негізгі ұстанымдары мен бағдарламалық міндеттерін жан-жақты түсіндірді. Халықтың ұсыныс-пікірлері назарға алынды. Науқанның нәтижелі өтуіне штабтағы әр азаматтың табанды еңбегі мен жауапкершілігі зор ықпал етті, - деді Болат Қонарбай.

Жиында сайлауалды науқанға белсене қатысқан бірқатар штаб мүшесі мен партия белсендісіне партия Төрағасы Айбек Дәдебайдың атынан Алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Депутаты Курултая поздравили школьников и педагогов с Днем знаний Депутаты Курултая от партии «Әділет» приняли участие в...
01/09/2026

Депутаты Курултая поздравили школьников и педагогов с Днем знаний

Депутаты Курултая от партии «Әділет» приняли участие в торжественных линейках, посвященных началу нового 2026–2027 учебного года. Всего в школы столицы и Акмолинской области выехали около 50 депутатов партии. Они встретились с учащимися, родителями и педагогами, поздравили их с Днем знаний и обсудили вопросы развития школьного образования.

В Алматинском районе Астаны школу-лицей №37 имени Сырбая Мауленова посетила заместитель руководителя фракции партии «Әділет» Лаура Карабасова. Она подчеркнула, что Глава государства уделяет особое внимание повышению качества образования и поддержке школьников. За последние пять лет в стране построено более 1200 современных школ более чем на 1 млн ученических мест, а для призеров международных школьных олимпиад учреждены единовременные денежные выплаты.

«Недавно на встрече с победителями международных предметных олимпиад Президент подчеркнул: «Светлое будущее Казахстана - в руках эрудированной, образованной и талантливой молодежи». Эти слова напрямую относятся к каждому из вас. Вы растете в эпоху стремительных изменений, когда технологии и искусственный интеллект становятся частью жизни. Однако они никогда не заменят человека, поэтому важно научиться грамотно использовать их, осваивать как гуманитарные, так и инженерно-технические дисциплины и открывать для себя новые возможности», - сказала Лаура Карабасова.

Отдельно депутат обратилась к педагогам, подчеркнув особую роль учителя в развитии общества и подготовке нового поколения. По ее словам, поддержка педагогов и повышение их статуса остаются важными направлениями государственной политики.

В Акмолинской области депутаты Юлия Кучинская и Амантай Жаркынбек посетили школу-лицей села Каражар Целиноградского района, где ознакомились с оснащением кабинетов физики, химии, трудового обучения, робототехники и искусственного интеллекта. Ерканат Мусылманбек и Айнагуль Балташева побывали в школе-гимназии №2 города Косшы.

В своих выступлениях депутаты говорили о задачах, которые сегодня стоят перед системой образования. Повышение качества обучения и развитие школьной инфраструктуры занимают отдельное место и в программе партии «Әділет». К 2031 году предусмотрено создание не менее 300 тысяч новых ученических мест, открытие 60 профильных школ и развитие сети опорных школ. Реализация этих инициатив, модернизация школьной инфраструктуры и меры поддержки педагогов останутся в центре внимания депутатов фракции «Әділет» в Курултае.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Құрылтай депутаттары оқушылар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтады​«Әділет» партиясынан сайланған Құрылтай депутаттар...
01/09/2026

Құрылтай депутаттары оқушылар мен ұстаздарды Білім күнімен құттықтады

​«Әділет» партиясынан сайланған Құрылтай депутаттары 2026-2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиындарға қатысты. Елорда мен Ақмола облысының мектептеріне партияның 50-ге жуық депутаты барды. Олар оқушылармен, ата-аналармен және ұстаздармен кездесіп, барша қауымды Білім күнімен құттықтады әрі мектептегі білім беруді дамыту мәселелерін талқылады.

«Әділет» партиясының фракция жетекшісінің орынбасары Лаура Қарабасова Астананың Алматы ауданында орналасқан Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейіне барды. Ол Мемлекет басшысының білім сапасын арттыру мен оқушыларды қолдауға айрықша көңіл бөліп отырғанын баса айтты. Соңғы бес жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1200-ден астам заманауи мектеп салынды. Сондай-ақ халықаралық мектеп олимпиадаларының жүлдегерлеріне біржолғы ақшалай сыйақы тағайындалды.

​«Жақында халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарымен кездесуде Президент: «Қазақстанның жарқын болашағы білімді, жан-жақты әрі талантты жастардың қолында» деді. Бұл сөздердің әрқайсыңызға тікелей қатысы бар. Сіздер технология мен жасанды интеллект күнделікті өмірімізге дендеп еніп жатқан кезеңде өсіп келесіздер. Алайда технология адамды ешқашан алмастыра алмайды. Сондықтан оларды сауатты қолдануды үйреніп, гуманитарлық және инженерлік-техникалық бағыттарды қатар меңгеріп, өздеріңіз үшін жаңа мүмкіндіктер ашу маңызды», - деді Лаура Қарабасова.

​Депутат ұстаздарға да арнайы тоқталып, мұғалімнің қоғамды дамытудағы және жаңа ұрпақты тәрбиелеудегі айрықша рөлін атап өтті. Оның айтуынша, педагогтерді қолдау және олардың мәртебесін арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты.

​Ақмола облысында депутаттар Юлия Кучинская мен Амантай Жарқынбек Целиноград ауданына қарасты Қаражар ауылындағы мектеп-лицейге барып, физика, химия, еңбекке баулу, робототехника және жасанды интеллект кабинеттерінің құрал-жабдықтарын қарап шықты. Ал Ерқанат Мұсылманбек пен Айнагүл Балташева Қосшы қаласындағы №2 мектеп-гимназияға барды.

​Депутаттар білім беру жүйесінің алдында тұрған бүгінгі міндеттерге тоқталды. Оқыту сапасын арттыру мен мектеп инфрақұрылымын дамыту «Әділет» партиясының бағдарламасында да маңызды орын алады. 2031 жылға дейін кемінде 300 мың жаңа оқу орны ашылып, 60 бейінді мектеп құру және тірек мектептер желісін дамыту көзделген. Бұл бастамаларды жүзеге асыру, мектеп инфрақұрылымын жаңғырту және педагогтерді қолдау шаралары Құрылтайдағы «Әділет» фракциясы депутаттарының назарында болады.

#қазақстан #әділет #әділетпартиясы #ӘділеттіҚазақстан #партияадилет

Address

Әйтеке би, 79 а
Atyrau

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Әділет Атырау облысы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share