01/07/2026
2026 жылғы 30 маусым күні №15 мекеме жанындағы колледжде түлектерге диплом табыстау салтанаты өтті.
Салтанатты шара барысында білім алушылар өздері игерген мамандықтары бойынша диплом алып, кәсіби білім алу жолындағы маңызды белесті бағындырды. Түлектер «Автомобиль жөндеу слесарі», «Тігінші», «Электргазбен дәнекерлеуші», «Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері» біліктіліктері бойынша кәсіптік даярлықтан сәтті өтті.
Оқу барысында олар теориялық біліммен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеріп, болашақ еңбек жолына қажетті кәсіби құзыреттерді игерді. Бұл білім мен дағдылар олардың қоғамға бейімделуіне, еңбек нарығында өз орнын табуына және жаңа өмір бастауына мүмкіндік береді.
Шара барысында түлектерге ізгі тілектер айтылып, олардың алдағы өмір жолында табысқа жетуіне, таңдаған кәсіптерінде биік белестерді бағындыруына тілектестік білдірілді.
Диплом – тек білімнің нәтижесі ғана емес, ол жаңа мүмкіндіктерге бастайтын маңызды қадам. Барша түлектерді шын жүректен құттықтаймыз!