Әйелдер істері және демографиялық саясат Түпқараған ауданы

Әйелдер істері және демографиялық саясат Түпқараған ауданы Әйелдер істері және демографиялық саясат Түпқараған ауданы

04/09/2026

⚜️«Пахтақор» өзбек этномәдени бірлестігі жанынан құрылған Аналар кеңесінің төрайымы Сауле Абдикаримова Қазақстандағы этносаралық келісім мен қоғамдық бірліктің маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, елімізде түрлі этнос өкілдері татулық пен өзара сыйластықта өмір сүріп, мемлекет дамуына бірлесе үлес қосып келеді. Сауле Абдикаримова Мемлекет басшысының бастамаларын және Жаңа Конституцияны қолдайтынын жеткізді. Сондай-ақ ол бейбіт өмір мен мол мүмкіндік сыйлаған қазақ еліне шынайы алғысын білдірді.

📌 Қоғамдық коммуникация орталығы

04/09/2026

⚜️«Вайнах» шешен этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Магомед Чучаевтің айтуынша, бейбіт ғұмыр мен тату тұрмыс салтанат құрған елімізде әр азаматтың өмір сүруіне, еңбек етіп, кәсібін өркендетуіне барлық жағдай жасалған. Ол еліміздегі барша этнос өкілдеріне татулық пен амандық тіледі.

📌Қоғамдық коммуникация орталығы

02/09/2026

Форт-Шевченко қаласының аумағында санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Мониторинг барысында қала аумағында тазалық талаптарының сақталуына бақылау жасалып, анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, қараусыз жүрген 2 ірі қара малдың иесіне әкімшілік жауапкершілікке тарту шарасы қолданылып, айыппұл салынды.

Сонымен қатар, өзге де тұрғындарға тазалық талаптарын сақтау, малды қараусыз жібермеу және қоғамдық аумақтардың санитарлық жағдайына жауапкершілікпен қарау жөнінде ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қала тазалығын сақтау – баршаға ортақ міндет. Осыған байланысты тұрғындарды белгіленген санитарлық талаптарды сақтауға, қоршаған ортаның тазалығына ұқыпты қарауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырамыз.

Форт-Шевченко қаласының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және абаттандыру талаптарының орындалуын бақылау бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

Бірге тазалықты сақтайық!Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс!  #ТазаҚазақстан  #ЖасылЕл  #ТазаЖағалау  #ТабиғаттыҚорғай...
02/09/2026

Бірге тазалықты сақтайық!
Таза Қазақстан – баршамызға ортақ іс!

#ТазаҚазақстан #ЖасылЕл #ТазаЖағалау #ТабиғаттыҚорғайық #БолашақҮшін #Қазақстан

Таза Қазақстан – жарқын болашақтың бастауы! #ТазаҚазақстан  #ЖасылЕл  #ТазаЖағалау  #ТабиғаттыҚорғайық  #БолашақҮшін  #Қ...
02/09/2026

Таза Қазақстан – жарқын болашақтың бастауы!

#ТазаҚазақстан #ЖасылЕл #ТазаЖағалау #ТабиғаттыҚорғайық #БолашақҮшін #Қазақстан

«ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ» БАЙҚАУЫНДА ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ Маңғыстау облысы...
28/08/2026

«ЖАРНАМА – ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫНЫҢ КӨРІНІСІ» БАЙҚАУЫНДА ТҮПҚАРАҒАН АУДАНЫНЫҢ КӘСІПКЕРІ ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Маңғыстау облысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің сауатты әрі талапқа сай рәсімделуін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» республикалық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.

Байқау барысында өңірдегі кәсіпкерлік субъектілерінің жарнама мәтіндерінде мемлекеттік тіл нормаларының сақталуы, сауаттылығы мен тіл тазалығына ерекше мән берілді.

Байқаудың қорытындысы бойынша Түпқараған ауданы, Таушық ауылының жеке кәсіпкері Утебаева Жансая Мырзалықызы жүлделі ІІІ орынға ие болып, байқаудың үздіктері қатарынан көрінді. Түпқараған ауданының жеңімпазын шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік – мемлекеттік тілді құрметтеу, жарнама саласында тіл тазалығын сақтау және сауатты ақпараттық орта қалыптастыру бағытындағы еңбектің нәтижесі.

#ТүпқарағанАуданы #Таушық #ТілТазалығы #ЖарнамаТілТазалығы #МемлекеттікТіл #Маңғыстауоблысы

05/08/2026

Өз ісінің маманы Бақтияр Дабылов Ақтаудың тазалығы үшін еңбек етіп жүр

Бақтияр Дабыловтың жүргізушілік тәжірибесі - 20 жыл. Бүгінде ол «Таза Ақтау» мекемесінде қала көшелерін тазалатын арнайы техниканы жүргізеді. Бақтияр Бабылов үлкен көлік жүргізу кезіндегі қиындықтар болғанымен өз ісінің нағыз маманы кездескен қиындықты оңай жеңетінін айтады.

Бүгінде қала тазалайтын техникалар заманауи технологиямен толық жабдықталған. Жүргізушінің айтуынша, осының арқасында жұмыс едәуір жеңілдей түсті.

05/08/2026

#ТазаҚазақстан

10/07/2026

Посетить Мангистау рекомендуют зарубежные путеводители

ктк тв - 09.07.26

Ақтауда этномәдени бірлестіктер мүшелерімен Жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыландыАқтауда «Қоғамдық келісім» КММ...
10/07/2026

Ақтауда этномәдени бірлестіктер мүшелерімен Жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

Ақтауда «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жаңа Конституцияны ілгерілету аясында этномәдени бірлестіктердің мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Іс-шараға Маңғыстау облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева, облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қоғамдық құрылымдардың мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Жаңа Конституцияның нормаларын түсіндіру, биылғы жылдың екінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары мен алдағы міндеттер кеңінен талқыланды.

Жиында сөз сөйлеген облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы Гүлмира Балғожаева елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы маңызына тоқталды.

- Жаңа Конституцияның нормалары 1 шілдеден бастап күшіне енді. Конституциялық реформалар аясында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа институттар қалыптастырылды. Атап айтқанда, Конституцияның VI бөлімінде Қазақстан Халық Кеңесінің мәртебесі айқындалды. Конституцияның 70-бабына сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесі - ҚР халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік орган. Конституциялық өзгерістерге сәйкес, бұрын этномәдени бірлестіктердің қызметін реттеп келген «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңның күші жойылды. Алайда бұл этномәдени бірлестіктердің қызметі тоқтайды деген сөз емес. Керісінше, олар қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту бағытындағы жұмыстарын жаңа құқықтық негізде жалғастыра береді, - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, облыстық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оңайбек Әбділов қоғамдық келісімді қамтамасыз етуде этномәдени бірлестіктердің рөлі ерекше екенін атап өтті.

- Ел бірлігі, ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуда бұл құрылымдардың маңызы зор. Аналар кеңесі, Жастар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі сияқты қоғамдық құрылымдардың қызметі де жалғасады. Сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің жұмысы жаңа заң талаптарына сәйкес жетілдіріліп, олардың мәртебесі айқындалды. Бірлік пен қоғамдық келісім - еліміздің тұрақты дамуының басты кепілі, - деді Оңайбек Әбділов.

Жиында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Ровшан Алиев, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Амангүл Жайылханова және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абзал Марат сөз сөйлеп, жаңа заңнамалық өзгерістердің маңызы мен этномәдени бірлестіктердің алдағы қызмет бағыттарына тоқталды.

Кездесу соңында этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа басылымы табысталды.

Сондай-ақ жиын барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Құрмет грамотасы ақпарат саласын дамытуға қосқан үлесі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін Айнахан Есетоваға салтанатты түрде табысталды.

Address

Форт-Шевченко
Fort-Shevchenko
130500

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Әйелдер істері және демографиялық саясат Түпқараған ауданы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share