12/02/2026
КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУГЕ АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ
Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған мазмұнды кездесу өтті. Басқосуға Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы, «Аманат» партиясы Қазалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы, сондай-ақ мекеме басшысы мен жұмысшылары қатысты.
Жиында Конституция жобасындағы өзгерістердің ел дамуы мен азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Мәслихат төрағасы ұсынылып отырған өзгерістер халықтың әл-ауқатын арттыруға және билік пен қоғам арасындағы жауапкершілікті күшейтуге бағытталғанын айтты.
Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушылар Конституциялық реформаларды қолдайтындарын білдіріп, мұндай жиындардың маңыздылығын атап өтті.