Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Kuryk
  • Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

🔹 ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркедіТолығырақ:https://www.election.gov.kz/kaz/ne...
17/07/2026

🔹 ОСК Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының партиялық тізімін тіркеді

Толығырақ:
https://www.election.gov.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=10310

*****

🔹 ЦИК зарегистрировала партийный список Общенациональной социал-демократической партии

Подробнее:
https://www.election.gov.kz/rus/news/releases/index.php?ID=10309

🔹 БАҚ ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР НАЗАРЫНАШарттық негізде үгіт материалдарын орналастыру бойынша көрсетіле...
16/07/2026

🔹 БАҚ ЖӘНЕ ОНЛАЙН-ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР НАЗАРЫНА

Шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыру бойынша көрсетілетін қызметтер ақысының мен орналастыру шарттары туралы мәліметтерді жариялау және бұл туралы 2026 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қажеттігін еске саламыз.
Толық ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында.

🔹2026 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша ОСК жанынан шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 60 байқаушысы аккредиттел...
16/07/2026

🔹2026 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша ОСК жанынан шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 60 байқаушысы аккредиттелді

****

🔹По состоянию на 14 июля 2026 года в ЦИКе аккредитовали 60 наблюдателей иностранных государств и международных организаций

13/07/2026

К выборам в Курултай в Мангистауской области откроют 7 новых избирательных участков. Всего в регионе будут работать 267 участков, проголосовать смогут свыше 450 тысяч...

🔵 Дауыс беру құқығына арналған ЕСЕПТЕН  ШЫҒАРУ  КУӘЛІГІН  қалай алуға болады?
10/07/2026

🔵 Дауыс беру құқығына арналған ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІН қалай алуға болады?

09/07/2026

✔️Дауыс беру құқығына арналған ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІ туралы

09/07/2026

✅ Азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу туралы

08/07/2026

Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының 40-бабының тәртібінде

ҮНДЕУ

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Мемлекет басшысының Жарлығына (01.07.2026 ж.№1338) сәйкес 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы тағайындалды.
Оны дайындау мен өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңымен егжей-тегжейлі регламенттелген.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен (01.07.2026 ж. №26/41) аталған сайлауды Дайындау мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспары бекітілді.
Көрсетілген Күнтізбелік жоспарға сай 2026 жылғы 2 және 23 шілде аралығында партиялық тізімдерді ұсыну және тіркеу кезеңдері өтеді, ал 2026 жылғы 23 шілдеде, сағат 18:01-ден бастап сайлау алдындағы үгiт басталады.
Ол 2026 жылғы 22 тамыз, сағат 00:00-ге дейін жалғасады.
Осыған байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабының 2-тармағына сай партиялық тізімді тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін қандай да бір сайлау алдындағы үгiт жүргізуге жол берілмейді.
Мұндай үгітке сайлаушыларға тегiн немесе жеңiлдiк шарттарымен тауарлар, бағалы қағаздар беру, қызметтер көрсету, лотереялар, қайырымдылық акцияларын өткiзу, ақша төлеу не осындай уәде беру жатады.
Жөнсіз жүргізілген үгіт үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 122-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауаптылық көзделген.
Егер параға сатып алумен ұласқан құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 150-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды.
Сондай-ақ сайлау тағайындалған кезден бастап кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға, сонымен бірге олардың атынан немесе оларды қолдап кез келген жеке және заңды тұлғаларға ойын-сауық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынатынын атап өткен маңызды.
Кандидаттың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның, сондай-ақ олардың сенім білдірілген адамдарының жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзуы кандидатты немесе партиялық тізімді тіркеу туралы шешімнің күшін жоюға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 27-бабының 7 және 7-1-тармақтарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары, сол сияқты онлайн-платформаларды пайдаланушылар кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне көрінеу нұқсан келтіретін үгіт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан бас тартуға міндетті.
Кандидаттар, саяси партиялар туралы көрінеу жалған мәліметтерді тарату немесе сайлау нәтижесіне ықпал ету мақсатында олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін өзге де әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 104-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылық көзделген.
Сонымен қатар жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратқаны үшін де Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабына сәйкес жаза көзделген.
Сонымен бірге жалған ақпаратты, құқыққа қайшы контентті орналастыру, тарату Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Бұған қоса қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабының 9-тармағында көзделген қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу және оның нәтижелерін жариялау тәртібіне ерекше назарларыңызды аудартамыз.
Нақты айтқанда, осы заң нормасына сай бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде, сауал жүргiзген заңды тұлғаны, сауал жүргізуге тапсырыс берген және оның ақысын төлеген тұлғаларды, сауал жүргiзілген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрақтың нақты тұжырымын, сауал салынғандардың саны мен сауал салу нәтижелерінің қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар және бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып жүргізуге құқылы.
Қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерiн, сайлау, сайлауға байланысты өзге де зерттеулер, кандидаттарды не саяси партияларды қолдап дауыс беру нәтижелерiнiң болжамдарын дауыс берiлетін күннің алдындағы бес күн ішінде және дауыс берiлетiн күні бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда жариялауға жол берілмейдi.
Сайлау күнi дауыс беруге арналған үй-жайда немесе пунктте қоғамдық пiкiрге сауал салуды жүргізуге тыйым салынады.
Бұл ретте қоғамдық пікірге сауал салуды жеке тұлғалардың жүргізуіне және олардың нәтижелерін жариялауына мүлдем жол берілмейді.
Осы талаптарды сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 120-бабына сәйкес жауаптылық көзделген.
Мазмұндалғанды ескере отырып, Бас прокуратура заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сайлау процесіне қатысушылардың барлығын қолданыстағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауға және құқыққа қайшы әрекеттерге жол бермеуге шақырады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Е. Өтегенов

🔊 Құрметті сайлаушылар!Сіздің қай сайлау учаскесінде тіркелгендігіңізді және оның нөмірі мен орналасқан жерін https://sa...
08/07/2026

🔊 Құрметті сайлаушылар!

Сіздің қай сайлау учаскесінде тіркелгендігіңізді және оның нөмірі мен орналасқан жерін https://sailau.e-mangistau.kz/ сайтынан, https://t.me/man_saylaw_bot/ телеграм-каналынан көруіңізге болады.

Ол үшін Сізге көрсетілген жолға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) енгізу қажет.
Жоғарыда аталған платформалардан өз деректеріңіз жөнінде ақпарат таба алмаған жағдайда, тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті әкімдіктіі CALL-орталығына хабарласу қажет.

Қарақия ауданы
Құрық ауылы, Досан Батыр көшесі, №8 ғимарат, Қарақия ауданының әкімдігі
☎️ 8/72937/22191

Address

Kuryk
130300

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share