04/09/2026
🔹Облыс прокуроры студенттермен кездесті
Облыс прокуроры Ризабек Ожаров заң мамандығында білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында прокуратура органдарының қызметі, заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, прокуратура органдарына жұмысқа орналасу талаптары, прокурор мамандығының ерекшеліктері, кәсіби даму мүмкіндіктері және тәжірибеден өту мәселелері сөз болды.
Облыс прокуроры студенттерге прокуратура қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі прокурорлардың рөліне тоқталды.
Сонымен қатар, болашақ заңгерлердің кәсіби білімі мен практикалық дағдыларын жетілдірудің, жоғары жауапкершілік пен адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында облыс прокуроры студенттерге оқуында табыс, кәсіби жетістіктер және болашақ қызметінде биік белестер тіледі.
Мұндай кездесулер студенттердің құқық қорғау органдарының қызметімен жақынырақ танысуына, заң мамандығына деген қызығушылығын арттыруға және кәсіби бағдарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
🔹 Прокурор области провел встречу со студентами
Прокурор области Ризабек Ожаров провел встречу со студентами, обучающимися по юридическим специальностям. В ходе мероприятия обсуждены вопросы профессионального становления молодых специалистов, роли прокуратуры в обеспечении законности и защиты прав граждан.
Встреча прошла в формате открытого диалога. Студенты смогли задать интересующие их вопросы о деятельности органов прокуратуры, требованиях к профессии прокурора, а также возможностях профессионального развития и прохождения практики.
Прокурор области рассказал о ключевых направлениях работы органов прокуратуры, значении соблюдения законности и ответственности, которая возлагается на работников правоохранительной системы.
Особое внимание было уделено вопросам формирования у будущих юристов высоких профессиональных и морально-нравственных качеств, необходимых для эффективной защиты прав и законных интересов граждан.
В завершение встречи прокурор области пожелал студентам успехов в учебе, профессионального роста и отметил важность постоянного совершенствования знаний и практических навыков.
Подобные встречи способствуют повышению правовой грамотности молодежи, знакомству студентов с практической деятельностью органов прокуратуры и формированию интереса к юридической профессии.
#заңментәртіп #законипорядок