Қызылорда облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаменті

  • Home
  • Kazakhstan
  • Kyzylorda
  • Қызылорда облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаменті

Қызылорда облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаменті ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қызылорда облысы бойынша департаменті

18/08/2026

Тікелей эфирде дәрілік заттар және медициналық бұйымдар айналысы саласын мемлекеттік бақылау мәселелері түсіндірілді

Ағымдағы жылдың 14 тамызында ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент мамандары «Qyzylorda TV» телеарнасының «Қайырлы күн, Қызылорда!» бағдарламасының қонағы болып, өңірдегі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бағасының тұрақтылығы, рецептімен босатылатын дәрілік заттарды бақылау және заңсыз айналымды тоқтату шаралары туралы сұхбат берді.

18/08/2026
13/08/2026

📢 ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ИМПОРТТАУДА ҚҚС ҚОЛДАНУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРДІ!

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті дәрілік заттарды импорттау кезінде артық әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында жаңа өзгерістер енгізілгенін хабарлайды (Үкіметтің №1203 және №1204 қаулылары).

Басты жаңалықтар:

✅ Тіркелген дәрілік заттар үшін: Қазақстанға импортталатын мемлекеттік тіркеуден өткен дәрілерге енді нысаналы мақсатын растайтын құжат талап етілмейді!

✅ Тіркелмеген өнімдер мен шикізат үшін: Нысаналы мақсатты растайтын құжат тек елімізде дәрі өндіруге арналған фармацевтикалық субстанциялар, балк-өнімдер, шикізат пен материалдарды импорттағанда ғана қажет.

✅ ҚҚС-тан босату шарттары: Субстанциялар мен балк-өнімдерді импорттау кезінде ҚҚС-тан босатылу үшін өндіріске лицензия және тауарды нысаналы пайдалану туралы міндеттеме болуы тиіс.

🚫 Тіркелмеген дәрілерді әкелу: Тәртіп өзгерген жоқ, бұрынғыша ДСМ белгілеген рұқсат беру тәртібімен жүзеге асады.

💡 Бұл өзгерістер артық бюрократияны азайтып, ҚҚС бойынша талаптарды біркелкі әрі түсінікті қолдануға мүмкіндік береді.

Толық нұсқа сілтемеде: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2600000542/

#дәрілікзаттар #импорт #ҚҚС #өгерістер #фармацевтика #Қазақстан #ДСМ #Медфармбақылаукомитеті

13/08/2026

📢 Изменен порядок применения НДС при импорте лекарственных средств

Комитет медицинского и фармацевтического контроля Минздрава РК сообщает о важных изменениях в таможенном и налоговом администрировании (Постановления Правительства РК № 1203 и № 1204).

Главная цель - снизить административную нагрузку на бизнес, устранить неоднозначные трактовки и упростить порядок применения льгот по НДС.

🔑 Ключевые изменения:
Зарегистрированные лекарства:

При импорте больше не нужно предоставлять подтверждение целевого назначения! Их назначение уже подтверждено фактом госрегистрации (в Госреестре РК и Едином реестре ЕАЭС).

Подтверждение целевого назначения требуется только для продукции, используемой для производства лекарств в РК, так как эти категории не подлежат госрегистрации.

📋 Условия освобождения от НДС (для субстанций и балк-продуктов):

Наличие лицензии на фармацевтическую деятельность (подвид «производство лекарственных средств»).

Обязательство импортера о целевом использовании товаров по установленной форме (за исключением орфанных и социально значимых препаратов).

📌 Что еще важно знать:
Перечни товаров приведены в соответствие с актуальными кодами ТН ВЭД ЕАЭС.

Порядок ввоза незарегистрированных лекарственных средств остается без изменений (Приказ МЗ РК № ҚР ДСМ-237/2020).

📋Внесенные поправки упрощают процедуры импорта, устраняют бюрократические барьеры и создают более прозрачные условия для фармрынка Казахстана.

Подробнее: https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2600000542

#КМФК #МинздравРК #Фармацевтика #ИмпортЛекарств #НДС #Медфармконтроль

11/08/2026

Дәрілік заттың заңды айналымда екеніне және таңбалануы туралы ақпаратқа көз жеткізу үшін «Naqty Onim» мобильді қосымшасын пайдалануға болады.

📱 Қалай тексеруге болады?

1️⃣ «Naqty Onim» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз;
2️⃣ Қаптамадағы Data Matrix кодын сканерлеңіз;
3️⃣ Жүйеде көрсетілген дәрілік зат туралы ақпаратты тексеріңіз;
4️⃣ Өнімнің атауы және басқа да мәліметтердің қаптамадағы ақпаратпен сәйкестігіне назар аударыңыз.

⚠️ Маңызды!
Егер сканерлеу кезінде дәрілік зат туралы ақпарат анықталмаса немесе көрсетілген мәліметтер қаптамадағы ақпаратқа сәйкес келмесе, дәрілік затты сатып алуға асықпаңыз. Мұндай жағдайда дәрілік затты босатқан фармацевтикалық ұйымға немесе уәкілетті мемлекеттік органға жүгінуге болады.

✅ Дәрілік затты тек лицензиясы бар дәріханалардан сатып алып, оның таңбалануына және жарамдылық мерзіміне міндетті түрде назар аударыңыз!

Өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз — дәрілік затты сатып алмас бұрын тексеріңіз!

Address

Проспект Абая Кунанбаева, 27
Kyzylorda

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қызылорда облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау Департаменті posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share