10/07/2026
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалында ағымдағы жөндеу жұмыстарына кезекті мониторинг жүргізді.
Мониторинг шеңберінде мынадай негізгі мәселелерге ерекше назар аударылды:
• 2026 жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары көлемінің орындалуы;
• Бекітілген мерзімдердің сақталуы;
• Қажетті қосалқы бөлшектермен және материалдық-техникалық ресурстармен жабдықталу деңгейі.
№18 трансформаторлық қосалқы станциясында орналасқан №1 және №2 күштік трансформаторларына, сондай-ақ 0,4 кВ тарату құрылғысына жоспарлы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жөндеу барысында трансформаторлардың багы, радиаторлары мен өтпелі оқшаулағыштары (ввод), сонымен бірге 0,4 кВ тарату құрылғысы шаңнан, күйе мен майдан тазартылып, оларда жарықшақтардың бар-жоғы тексерілді. Жоғары және төменгі кернеу шиналарының, жүктемесіз ауыстырып-қосқыш (ПБВ) секіргіштерінің, сондай-ақ автоматтар мен кабель ұяшықтарының болтты қосылыстары тартылды. Сонымен қатар кабельдік желілер сыналып, қондырғылар фазаларының түстік таңбалануы жаңартылды. Трансформаторлардың оқшаулау кедергісі мегомметрмен тексеріліп, нәтижелерінің нормаға сәйкес екені расталды.
Нысандағы жөндеу науқанының барысы Департаменттің тұрақты бақылауында.
__________
Территориальный департамент Комитета государственного энергетического надзора и контроля по Кызылординской области провел очередной мониторинг текущих ремонтных работ в филиале «Кызылординское отделение магистральной сети» акционерного общества «Национальная компания «Қазақстан темір жолы».
В рамках мониторинга особое внимание было уделено следующим ключевым вопросам:
• Выполнение объемов ремонтных работ, запланированных на 2026 год;
• Соблюдение утвержденных сроков;
• Уровень обеспеченности необходимыми запасными частями и материально-техническими ресурсами.
На трансформаторной подстанции №18 был проведен плановый текущий ремонт силовых трансформаторов №1 и №2, а также распределительного устройства 0,4 кВ.
В ходе ремонта баки, радиаторы и проходные изоляторы (вводы) трансформаторов, а также распределительное устройство 0,4 кВ были очищены от пыли, копоти и масла, а также проверены на наличие трещин. Были подтянуты болтовые соединения шин высокого и низкого напряжения, перемычек переключателя без возбуждения (ПБВ), а также автоматов и кабельных ячеек. Кроме того, были проведены испытания кабельных линий и обновлена цветовая маркировка фаз оборудования. Сопротивление изоляции трансформаторов было проверено мегомметром, результаты подтвердили соответствие норме.
Ход ремонтной кампании на объекте находится на постоянном контроле Департамента.