03/09/2026
*Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталған күн*
Құрылтай депутаттары, «Әділет» партиясы фракциясының мүшелері Қазақ тазысы мен төбеті күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тазы тұқымын сақтау және көбейту ісіне айрықша мән беріп келеді. Соның жарқын дәлелі ретінде, Президент тапсырмасымен соңғы жылдары бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылды.
Осы орайда, ұзақ жылдан бері ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, халқымыздың рухани және мәдени мұрасын сақтау, дәріптеу, келер ұрпаққа жеткізу ісіне айрықша атсалысып жүрген депутаттар Дихан Қамзабекұлы, Жанарбек Әшімжанов, Нұрлан Дулатбеков және Жарқынбек Амантайұлы орамды ойларын ортаға салды.
Депутаттар бүгінде қазақ тазысы әлемге танылып келе жатқанын атап өтіп, тазы мен төбет ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді.