01/09/2026
БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Құрметті ұстаздар, білім беру саласының қызметкерлері, оқушылар және ата-аналар!
Сіздерді 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – білімге бастар алғашқы қадамның, жаңа үміт пен жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тілейміз! Алғашқы қоңырау жүректеріңізде жарқын естелік болып қалсын!
Ұстаздарға – шығармашылық ізденіс пен кәсіби биіктер, оқушыларға – талмас талап пен толағай жетістіктер, ата-аналарға – балаларының әр жеңісіне қуаныш тілейміз.
Жаңа оқу жылы сапалы білім, берік тәрбие, жарқын жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер жылы болсын!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілейміз!
Жаңа оқу жылы құтты болсын!
Білім күні берекелі болсын!
Ізгі ниетпен,
Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі@Нургуль Умарова