Duispavlodar

Duispavlodar Департамент Уголовно-исполнительной системы по Павлодарской области

04/09/2026

№63 мекемесінде сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Анара Уәлиева сотталғандарды жеке қабылдау өткізді.
Жеке қабылдау барысында сотталғандар өздерін толғандырған сұрақтарымен жүгініп, мәселелерін жеткізуге мүмкіндік алды. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, құзыреті шеңберінде қаралды.
Жеке қабылдау өткізу – сотталғандарға уақтылы қолдау көрсетуге, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, сондай-ақ олардың түзелуіне және қоғамға табысты бейімделуіне ықпал етуге бағытталған тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстың маңызды бөлігі.
#ПавлодарОблысыДУИС #№63Мекеме #ЖекеҚабылдау #ТәрбиеЖұмысы

02/09/2026
02/09/2026

01/09/2026

📌Жаңа мамандық – жаңа мүмкіндік

№46 Мекемеде 25 сотталған «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алуда. Оқу мерзімі – 10 ай. Сабақты өндірістік оқыту шебері, арнайы пәндер оқытушысы Тоққожин Ерлан Мэлсович жүргізеді.

Мамандықтың ашылуына БҰҰ-ның Қазақстандағы Өкілдігінің қаржыландыруы мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында оқу кабинеті жөнделіп, қажетті жабдықтар мен құралдармен қамтамасыз етілді.

Колледж тарапынан білім беру бағдарламасы әзірленіп, тиісті тізілімге енгізілді және лицензияға қосымша алынды.

Оқу барысында білім алушылар теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Оқу аяқталған соң түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом және біліктілік разряды беріледі.

Кәсіптік білім алу – сотталғандардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық меңгеріп, бостандыққа шыққаннан кейін жаңа өмір бастауына жасалған маңызды қадам.

01/09/2026

📌Жаңа мамандық – жаңа мүмкіндік

Мекемеде 25 сотталған «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша білім алуда. Оқу мерзімі – 10 ай. Сабақты өндірістік оқыту шебері, арнайы пәндер оқытушысы Тоққожин Ерлан Мэлсович жүргізеді.

Мамандықтың ашылуына БҰҰ-ның Қазақстандағы Өкілдігінің қаржыландыруы мүмкіндік берді. Бағдарлама аясында оқу кабинеті жөнделіп, қажетті жабдықтар мен құралдармен қамтамасыз етілді.

Колледж тарапынан білім беру бағдарламасы әзірленіп, тиісті тізілімге енгізілді және лицензияға қосымша алынды.

Оқу барысында білім алушылар теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді. Оқу аяқталған соң түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом және біліктілік разряды беріледі.

Кәсіптік білім алу – сотталғандардың еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық меңгеріп, бостандыққа шыққаннан кейін жаңа өмір бастауына жасалған маңызды қадам.

📌№44 және №46 мекемелерінде Білім күні аталып өтті2026 жылғы 1 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйес...
01/09/2026

📌№44 және №46 мекемелерінде Білім күні аталып өтті

2026 жылғы 1 қыркүйекте Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №44 және №46 мекемелерінде Білім күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Сотталғандарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Іс-шара барысында білім алудың, жаңа білім мен кәсіби дағдыларды меңгерудің сотталғандарды табысты әлеуметтендіру және босатылғаннан кейінгі өмірге бейімдеу үшін маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шаралар салтанатты әрі жылы, достық атмосферада өтті. Сотталғандардың білім алуға, өзін-өзі дамытуға және бостандыққа шыққаннан кейінгі өмірге дайындалуына ерекше көңіл бөлінді.

31/08/2026

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында №44 мекеме қызметкерлері қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасына көмек көрсетті.

Төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана отбасымен бірге мүгедектігі бар әкесін де бағып отыр. Биыл кенже ұлы Владислав алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, бірінші сыныпқа барады.

Мекеме қызметкерлері болашақ бірінші сынып оқушысына қолдау көрсетіп, мектепке қажетті киім, аяқ киім және кеңсе тауарларын алып берді.

Владислав үшін бұл күн ерекше есте қалды. Оның көптен бергі арманы — қызметтік автокөлікке міну еді. Сол күні оның арманы орындалды. Бала қызметкерлерге алғысын білдіріп, болашақта полицей болғысы келетінін айтты.

Кейде кішкентай ғана көмек баланың жүрегіне үлкен қуаныш пен жақсылыққа деген сенім сыйлайды.

🗞️НА СТРАЖЕ
31/08/2026

🗞️НА СТРАЖЕ

31/08/2026

Павлодар қаласының Оқу орталығында профессорлық-оқытушылық құрам мен тыңдаушыларға арналған қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдармен жұмыс істеудің халықаралық стандарттарына арналған дәріс өткізілді.
Дәрістің спикері — сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің бастығы, әділет подполковнигі Уалиева А. Ж.
Дәріс барысында Нельсон Мандела ережелеріне — бас бостандығынан айырылған адамдарға ізгілікпен қараудың, сондай-ақ олардың құқықтары мен қадір-қасиетін сақтаудың негізгі қағидаттарын айқындайтын халықаралық стандарттарға ерекше назар аударылды.
Іс-шараны жалғастыру барысында Оқу орталығының профессорлық-оқытушылық құрамы мен тыңдаушылары Нельсон Мандела ережелерін және қылмыстық жазаларды орындау саласындағы халықаралық стандарттарды тереңдетіп зерделеуге бағытталған онлайн-курстан өтті.
Онлайн-курсты қорытындылау нәтижесінде қатысушылар оқуды сәтті аяқтап, тиісті сертификаттарға ие болды.
Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, адам құқықтарын сақтау бойынша бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін халықаралық стандарттарға сәйке�

Address

Павлова 1/1
Pavlodar

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Duispavlodar posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share