05/09/2026
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. 🇰🇿
Қазақ тіл білімінің негізін салған, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – тіл мерекесімен астасқан айтулы дата.
Алаш арысы қазақ тілінің табиғатын ғылыми тұрғыдан зерделеп, оның грамматикалық құрылымын жүйеледі. Әліпби мен емле мәселесін реттеп, ана тілінде білім берудің негізін қалады. Оның ғылыми еңбектері қазақ тіл білімінің қалыптасуына берік негіз болды.
«Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген ұстаныммен ғұмырын ұлтқа қызмет етуге арнаған Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы – қазақ тілі үшін мәңгілік құндылық.
Ұлт ұстазының еңбегін ұлықтау – ана тілімізді құрметтеуден басталады.
#тілдерорталығы #5қыркүйектілдеркүні #ахметбайтұрсынұлы #ұлтұстазыахметбайтұрсынұлы