Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі Пресс-служба акимата города Петропавловска

22/08/2026

✅ Бүгін Петропавлда Универсальная көшесіндегі жаңа жол өткелі арқылы көлік қозғалысы ашылды.

Ашылу салтанатына Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев қатысты.

Жаңа жолдың ұзындығы 1,2 шақырым. Ол айналма жолды Универсальная өткелімен байланыстырады. Бұл өткел Қараванная көшесіндегі жол өткеліне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Қазір нысанда соңғы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта жолдың айналасын абаттандырылады.

Сонымен бірге Универсальная көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда. Оны келесі аптада аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңа жол өткелі толық іске қосылғаннан кейін қаланың осы бөлігіндегі көлік қозғалысы біршама жеңілдеп, жол қатынасы ыңғайлы бола түседі.

✅ Открыт технический проезд по новому путепроводу на улице Универсальной

Сегодня в Петропавловске открыт технический проезд по новому путепроводу на улице Универсальной. В запуске движения приняли участие первый заместитель акима Северо-Казахстанской области Марат Тасмаганбетов и аким города Петропавловска Серик Мухамедиев.

Движение открыто на участке общей протяженностью 1,2 км — от объездной дороги

15/08/2026

✅ «Qyzyljar Creative Center» скверінде спортшыларды, жаттықтырушыларды, спорт саласының өкілдері мен қала тұрғындарын біріктірген мерекелік іс-шара өтті.

Бұл күні өз еңбегі, табандылығы мен жетістіктері арқылы спорттың дамуына үлес қосып, өзгелерді дене шынықтырумен айналысуға ынталандырып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді.

Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің атынан үздік спортшыларға, жаттықтырушыларға және спорт саласының өкілдеріне Алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.

Мерекелік шара Петропавлда спорттың дамуына күн сайын өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс білдіруге жақсы мүмкіндік болды.

Спортшыларымызға жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер және толағай табыстар тілейміз! 🏆

10/08/2026

Бүгін Қазақстанда ұлы ойшыл, философ, композитор, ағартушы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының күні атап өтіледі.

Абай халқымыздың тарихы мен рухани өмірінде айрықша орын алады. Ол өз шығармаларында білім мен еңбек, ар-ұят пен әділдік, ел бірлігі және адамның үнемі дамуға ұмтылысы туралы терең ой қозғады. Оның әйгілі «Қара сөздері» Қазақстанның рухани мұрасының ажырамас бөлігіне айналып, арада ғасырдан астам уақыт өтсе де өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Абай мұрасы әлдеқашан еліміздің шекарасынан асып, әлемге танылды. Оның шығармалары әлемнің 116 тіліне аударылған. Ұлы ойшылдың ескерткіштері мен бюстері Мәскеу, Бейжің, Каир, Будапешт, Анкара, Ыстанбұл, Нью-Дели, Женева, Париж, Берлин, Сеул, Баку, Рио-де-Жанейро, Рим және басқа да әлем қалаларында орнатылған.

Абай идеяларының бүгінгі жас ұрпақтың жүрегінен орын табуы ерекше маңызды. Оның білім алуға, үнемі өзін-өзі жетілдіруге, адал еңбек етуге және қоғам алдындағы жауапкершілікке үндеген ойлары Қазақстан жастарына ғана емес, шетелдегі жастарға да түсінікті әрі жақын. Абай мұрасы түрлі мәдениеттер мен ұрпақтарды жақындастырып, ортақ құндылықтарға үндеп келеді.

Абай — қазақ халқының ұлы өткені ғана емес. Оны�

06/08/2026

✅ Құрылысшылар күні қарсаңында Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінде салтанатты іс-шара өтті.

Бұл оқу орны көптеген жылдар бойы Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс саласына қажетті білікті мамандарды даярлап келеді. Бүгінде колледж түлектері өңірдің дамуына өз үлестерін қосып, түрлі құрылыс нысандарында еңбек етуде.

Мерекелік жиында құрылыс саласының ардагерлері мен мамандарын Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов және Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Сергей Мелехов құттықтады.

Ұзақ жылғы адал еңбегі, кәсіби біліктілігі және құрылыс саласының дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар сала қызметкерлері облыс және қала әкімінің марапаттарына ие болды.

Құрылысшы – елдің дамуына үлес қосатын маңызды мамандық иесі. Олардың еңбегінің арқасында жаңа тұрғын үйлер, мектептер, ауруханалар, жолдар және басқа да әлеуметтік нысандар бой көтеріп, қаламыз көркейіп келеді.

Барша құрылыс саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

✅ В преддверии Дня строителя в Петропавловском строительно-экономическом колледже состоялось торжественное мероприятие, посвященное профессиональному празднику.

Именно здесь на протяжении многих лет готовят квалифицированные кадры для строительной отрасли Северо-Казахстанской области, внося значительный вклад в развитие региона.

С наступающим профессиональным праздником работников и ветеранов отрасли поздравили заместитель акима Северо-Казахстанской области Нурлан Кенесов и заместитель акима города Петропавловска Сергей Мелехов.

За многолетний добросовестный труд, высокий профессионализм и вклад в развитие строительной отрасли лучшие представители профессии были отмечены наградами акима Северо-Казахстанской области и акима города Петропавловска.

Строители — это люди, чьим трудом создаются новые дома, школы, больницы, дороги и другие объекты, определяющие комфорт и качество жизни жителей. Благодарим всех работников отрасли за созидательный труд и желаем крепкого здоровья, благополучия и новых профессиональных достижений!

05/08/2026

🏙 Қала әкімінің бірінші орынбасары МИБ төрағаларымен кездесті

Қала әкімінің бірінші орынбасары Сергей Владимирович Мелеховтың төрағалығымен мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ) төрағаларымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында көпқабатты тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау және аула аумақтарын абаттандырудың өзекті мәселелері қаралды.

МИБ төрағалары өз жұмысында кездесетін мәселелерді көтеріп, оларды шешу бойынша ұсыныстарын айтты. Қала әкімінің бірінші орынбасары кездесу қатысушыларының өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берді.

Кездесу қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелерді уақытылы шешу және қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында әкімдік пен МИБ төрағалары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығы атап өтілді.

05/08/2026

🏙 Қала әкімі МИБ төрағаларымен кездесті

Қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің МИБ төрағаларымен кездесу өткізіп, алдағы жылыту маусымына дайындық пен аулаларды күтіп ұстау мәселелерін талқылады.

Осыған байланысты МИБ төрағаларына жылыту жүйелерін уақытында жуып-шаю және қысыммен тексеру жұмыстарын аяқтау тапсырылды.

Сонымен қатар аулаларды абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарының жағдайы, жарықтандыру және оларды күтіп ұстау мәселелері де сөз болды. Қала әкімі жайлы әрі таза аула қалыптастыруда тұрғындардың белсенділігі мен жауапкершілігі маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу соңында жауапты тұлғаларға тұрғындармен тығыз байланыста болып, барлық жоспарланған жұмыстарды уақытында орындау тапсырылды.

🏙 Аким города встретился с председателями ОСИ

Аким города провел рабочую встречу с председателями объединений собственников имущества (ОСИ), в ходе которой были рассмотрены вопросы подготовки многоквартирных жилых домов к предстоящему отопительному сезону и благоустройства дворовых территорий.

Особое внимание было уделено подготовке домов к зиме. Председателям ОСИ поручено активизировать работу по проведению промывки и опрессовки систем отопления, чтобы �

26/07/2026

🎉 Петропавлда халықаралық QYZYLJAR SABANTUI – 2026 мерекесі кең көлемде әрі ерекше аталып өтті!

Қаланың Бас және Орталық алаңдары бір күнге түрлі мәдениеттердің, салт-дәстүрлердің және халықтар достығы тоғысқан орталығына айналды. Салтанатты іс-шараларға Татарстан Республикасының Раисы Рустам Минниханов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, мемлекеттік органдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан өңірлері мен шетелдерден келген делегациялар қатысты.

Қала тұрғындары мен қонақтарына мазмұнды мерекелік бағдарлама ұсынылды. Онда Қазақстан, Татарстан және ТМД елдерінің ұлттық көрмелері, дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен ұлттық тағамдары таныстырылған татар ауылы, ұлттық спорт түрлерінен тартысты жарыстар, көрнекті татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың бюстін салтанатты түрде ашу рәсімі, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен өткен үлкен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

QYZYLJAR SABANTUI – 2026 халықтар арасындағы достықтың, өзара құрмет пен бірліктің жарқын көрінісіне айналып, ондаған мың қала тұрғындары мен қонақтарын бір алаңда тоғыстырды.

🎉 В Петропавловске ярко и масштабно прошел международный праздник QYZYLJAR SABANTUI – 2026!

Главная и Цент�

24/07/2026

🌊 В Петропавловске начали очистку озера Пестрое

В Петропавловске стартовали работы по комплексной очистке озера Пестрое. Реализация проекта пройдет в несколько этапов.

✅ На первом этапе будет разработана проектно-сметная документация (ПСД), предусматривающая комплексный подход к восстановлению водоема. Также специалисты проведут необходимые исследования, чтобы оценить влияние работ на экосистему и биосферу озера.

✅ Второй этап включает подготовительные работы и мобилизацию специализированной техники.

✅ На третьем этапе начнутся основные работы: извлечение донных отложений, очистка береговой линии, удаление излишней прибрежной растительности и очистка глубоководной акватории. В первую очередь будут приведены в порядок участки вдоль пляжа к купальному сезону следующего года.

Проект двухгодичный, завершение работ планируется в осенью 2027 года.

Комплексная очистка позволит улучшить экологическое состояние озера, сохранить его природную экосистему и сделать территорию более комфортной для отдыха жителей и гостей города.

13/07/2026

🎉 Петропавл қаласы Қала күнін кең көлемде атап өтті!

Облыс орталығының Орталық алаңына мыңдаған тұрғындар мен қала қонақтары жиналды. Мереке шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен өткен жарқын концерттік бағдарламамен басталып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

Қала тұрғындарын Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев құттықтады. Салтанатты шара барысында өңірдің дамуына елеулі үлес қосқан еңбек әулеттері мен өз саласында жоғары жетістіктерге жеткен азаматтар марапатталды.

Мерекеде Петропавлдың тарихы мен мәдени мұрасына ерекше назар аударылды. Көрермендер өңірдің көрнекті тұлғалары, Солтүстік Қазақстанның бай тарихы және әлемге әйгілі Ботай қонысы туралы арнайы бейнероликтерді тамашалап, әсерлі ән-бимен көмкерілген концерттік бағдарламаны көрді.

Кештің жарқын жалғасы ретінде сахнада қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин өнер көрсетіп, көпшілікке сүйікті әндерін тарту етіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Туған күнің құтты болсын, сүйікті Петропавл! Қаламыз көркей�

Address

Конституция Казахстана, 23
Petropavl
150000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share