16/07/2026
Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Абай облысы бойынша Экология департаменті Абай облысы бойынша Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен, Абай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен, сондай-ақ «Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп рұқсат етілмеген қоқыс үйінділеріне қатысты жергілікті жерге шығу жұмыстарын ұйымдастырды.
Аталған іс-шара барысында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ геопорталының мәліметтеріне сәйкес Семей қаласының әкімшілік аумағында орналасқан қоқыс үйінділерінің координаттары бойынша тазалау жұмыстарының орындалу барысы зерделенді.
Тексеру нәтижесінде аталған қоқыс үйінділерінің толық көлемде тазартылмағаны анықталды.
Осыған байланысты, Департамент алдағы уақытта анықталған бұзушылықтарға жол берген жауапты тұлғаларға қатысты өз құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдайтын болады.
15 июля текущего года Департаментом экологии по области Абай совместно со Специализированной природоохранной прокуратурой области Абай, Управлением природных ресурсов и регулирования природопользования области Абай, а также государственным учрежде�