04/09/2026
Абай ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық бақылау жүргізілді
🔹Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Абай ауданы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
🔹Қоғамдық бақылау жүргізу шараларына Департамент басшысының орынбасары Д.Жанысбек және Республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау қажеттігін жеткізді.