04/09/2026
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты 58жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 10 сынып оқушыларымен «Туған ел-тұғырың (5 қыркүйек тілдер күні») тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің негізі мақсаты-оқушыларға туған елге деген сүйіспеншілікті, отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру және кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Көрме барысында оқушыларға қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен әдебиеті туралы кітап тар таныстырылып, олардың мазмұнына шолу жасалды. Оқушылар өздерін қызықтырған кітаптармен танысып, пікір алмасты