03/09/2026
«КІТАП TIME»: ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВАНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Кітап TIME» әлеуметтік жобасы аясында кезекті әдеби кездесу өтті. А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған әдеби талқылау ұйымдастырылды.
«Кітап TIME» жобасының басты мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың зияткерлік және рухани әлеуетін дамыту, ұлттық әдебиет пен мәдени құндылықтарды кеңінен дәріптеу.
Кездесу барысында қатысушылар Фариза Оңғарсынованың поэзиясына тереңірек үңіліп, ақын өлеңдеріндегі адам тағдыры, махаббат, туған жер, ар-намыс пен рух тақырыптарын талқылады. Сондай-ақ шығармалардың көркемдік ерекшеліктері мен ақынның өзіндік қолтаңбасы жөнінде пікір алмасты.
Әдеби басқосу барысында жастар ақынның өлеңдерін оқып, шығармалардан алған әсерлерімен бөлісті. Фариза поэзиясының бүгінгі жас ұрпақ үшін маңызы мен тәрбиелік мәніне ерекше назар аударылды.
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы қайсарлық пен сыршылдықты, нәзіктік пен өр рухты қатар тоғыстырған құнды мұра.
«Кіта