30/06/2026
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Ынтымақ және Самал шағынаудандарында тұрғындар арасында газ қауіпсіздігі бойынша кең көлемді түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, улы газдан улану мен тұрмыстық газға байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу.
Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қағидалары, желдету жүйелері мен түтін мұржаларының жарамдылығын тұрақты бақылаудың маңыздылығы, сондай-ақ газ иісі анықталған жағдайда атқарылуы тиіс іс-әрекеттер жөнінде жан-жақты ақпарат беріліп, арнайы жадынамалар таратылды.
⚠️ Газ қауіпсіздігі – әрбір отбасының амандығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Қауіпсіздік талаптарын сақтап, өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!