20/07/2026
📘 2025 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндама жарияланды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2025 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеп, Мемлекет басшысына ұсынды. Құжат Агенттіктің ресми интернет-ресурсында жарияланды.
Сонымен қатар, баяндамада қосымша профилактикалық шараларды талап ететін өзекті мәселелер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салалар айқындалған. Олардың қатарында:
🔹 халықты әлеуметтік қорғау;
🔹 білім беру;
🔹 ғылым;
🔹 автомобиль жолдарының құрылысы;
🔹 спорт;
🔹 жер қойнауын пайдалану және өзге де салалар бар.
📌 Ұлттық баяндама мемлекеттік органдардың қызметінде пайдалану үшін жолданып, онда берілген қорытындылар мен ұсынымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүзеге асыру барысында басшылыққа алу ұсынылған. Сондай-ақ, құжаттың мазмұнын барлық мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдарға таныстыру тапсырылған.
2023 жылдан бастап осы күндерге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларды бірыңғай республикалық цифрлық Битрикс жүйесінде біздің Жобалық офистің ұйымдарстыруымен барлық мемлекеттік органдар ішінде іске асырып келеміз. 2025 жылы ТБН-4 ҚР «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» жобасы аясында: 3 жоба іске асырылды, жалпы 29 маңызды кезең қамтылды. Барлық 2964 іс-шара орындалды.
🤝 Ашықтық, әділдік және заң үстемдігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді саясаттың негізгі қағидаттары.