Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі

Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі Информация по земельным отношениям

✅ ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?✅ ҚАЗІР ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІН АЛЫП, 23 ТАМЫЗ...
12/08/2026

✅ ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

✅ ҚАЗІР ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ КУӘЛІГІН АЛЫП, 23 ТАМЫЗДА ДАУЫС БЕРІҢІЗ!

🟢 Егер дауыс беру күні басқа қалада, облыста немесе елде болып, тұрақты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс бере алмайтын болсаңыз, қазір есептен шығару куәлігін алуға құқығыңыз бар. Осылайша, 23 тамызда болатын жеріңіз бойынша дауыс бере аласыз.

Орталық сайлау комиссиясы еске салады:
Сайлаушының есептен шығару куәлігін алуға құқығы бар. Ол үшін жазбаша өтініш беріп, жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну жеткілікті.

📍Есептен шығару куәлігі 7 тамыздан бастап 22 тамыз күні сағат 18:00-ге дейін беріледі.

📍Есептен шығару куәлігін жеке өзіңіз, сондай-ақ сенімхат бойынша өкіл арқылы алуға болады. Сенімхатты нотариалдық куәландыру талап етілмейді.

Сайлаушы болатын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде есептен шығару куәлігін және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

📍 Учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушыны сайлаушылар тізіміне енгізіп, есептен шығару куәлігінің орнына дауыс беруге арналған бюллетень береді.

📌 Маңызды! Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.
📌 Назар аударыңыз: бір елді мекен шегінде басқа сайлау учаскесінде дауыс бергісі келетін сайлаушыларға дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігі берілмейді.

12/08/2026

Жеңіс алаңда ғана емес. Таңдауыңнан да басталады. 23 тамызда бірге болайық!

12/08/2026

📌Тазалық – өзімізден басталады

12/08/2026

📌Таза Қазақстан – таза орта, қауіпсіз болашақ

12/08/2026

📌Таза Қазақстан – табиғатты бірге қорғайық

Жаңа буын реакторларының қауіпсіздігі бойынша зерттеулер: Қазақстанның жаһандық атом ғылымындағы рөлі қандай
12/08/2026

Жаңа буын реакторларының қауіпсіздігі бойынша зерттеулер: Қазақстанның жаһандық атом ғылымындағы рөлі қандай

12/08/2026

9 тармақ видеоролик

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды

Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.

17 шілде күні Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын «Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік» тақырыбына арналып отыр.

9 тармақ инфографикаҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсан...
12/08/2026

9 тармақ инфографика

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдады

Мемлекет басшысына Қазақстан Халық Кеңесі мен оның Хатшылығын құру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы есеп берілді.

Қанатбек Жайсанбаев Хатшылық Қазақстан Халық Кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық, қаржылық, ақпараттық-талдамалық тұрғыдан қамтамасыз ететінін баяндады.

Президент Халық Кеңесі Әділетті Қазақстанның іргесін нығайтуда маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Хатшылық басшысына Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын тиімді үйлестіруді тапсырды.

❗️Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясына дайындықты лайықты деңгейде жүргізу қажеттігіне назар аударды.

t.me/aqorda_resmi

Маңғыстаудағы жаңа көкөніс қоймалары өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді
12/08/2026

Маңғыстаудағы жаңа көкөніс қоймалары өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді

8 тармақ инфографикаМаңғыстауда полиэтилен құбырларын өндіретін кәсіпорын табысты жұмыс істеудеМаңғыстау облысында өңдеу...
12/08/2026

8 тармақ инфографика

Маңғыстауда полиэтилен құбырларын өндіретін кәсіпорын табысты жұмыс істеуде
Маңғыстау облысында өңдеу өнеркәсібін дамыту бағытындағы маңызды өндіріс орындарының бірі – «Поликомпозит» ЖШС полиэтиленнен төмен қысымды құбырлар өндірумен айналысады. Кәсіпорын өңірдің индустриялық әлеуетін арттыруға және құрылыс пен коммуналдық инфрақұрылым салаларын сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге үлес қосып келеді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
«Ақтау теңіз порты» АЭА баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыт 2015 жылы іске қосылған. Өндіріс кәсіпорны СЭЗ-дің №3 субаймағында орналасқан және жалпы аумағы 5 гектарды құрайды. Жобаны жүзеге асыруға 1,1 млрд теңге инвестиция тартылған.
Кәсіпорынның негізгі қызметі – пластмасса бұйымдарын, оның ішінде полиэтилен құбырларын өндіру. Өндірістік қуаты жылына 3,1 мың тонна құбыр шығаруға мүмкіндік береді. Ақшалай мәнде өндіріс көлемі жылына 2,1 млрд теңгеге дейін жетеді.
Бүгінде кәсіпорында 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт заманауи өндірістік жабдықтармен жарақтандырылған және ішкі нарықтың сұранысына сәйкес жоғары сапалы өнім шығаруды қамтамасыз етеді.
«Поликомпозит» ЖШС өңірдегі өндірістік инфрақұрылымды дамытуға, импортты алмастыруға және отандық өнім көлемін арттыруға бағытталған маңызды кәсіпорындардың бірі болып табылады. Кәсіпорынның қызметі өңдеу өнеркәсібінің дамуына серпін беріп, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы өндірістік орта қалыптастыруға ықпал етуде.

Address

Мангистау
Zhanaozen
13000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share