01/03/2026
🌸 Көктемнің ең алғашқы шуақты күнімен шын жүректен құттықтаймын,күллі әлеуметтік желідегі достар! 🌸
8 наурыз – тек күнтізбедегі дата емес, анаға, жан-жарыңызға,, қыз балаға деген жалпы әйел затына деген сүйіспеншілік пен құрметтің мерекесі!
Бұл күн- әр нәзік жандылардың жүректеріне жылылық сыйлай отырып, құқықтарын қорғайтын күн!
Өз басым әйел затын тек бір күн ғана "жақсы көруді" немесе сол бір даталы күні ғана "жүрекке жайлы лебіз" білдіру ғана емес, күн сайын әр іс- әрекеттеріңізбен дәлелдеп отыруға тиісті деп ойлаймын.
Сондықтан алдағы 8 март мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған кешке аналарыңызға,жұбайларыңызға, қарындастарыңызға арнайы құрмет көрсетіп, шағын да болса, шынайы қошемет білдіруге үндеймін.
Өйткені ана – біздің ең алғашқы ұстазымыз, ең адал жанашырымыз, әр қадамымыздағы сенім мен тілектің иесі.
✨ Көктемнің нұры әуелден аналардың жанарында бар.
✨ Ал мейірімнің бастауы – ананың алақанында бар.
Барлық аналарға амандық, ұзақ ғұмыр, әр шаңыраққа шаттық тілеймін!
Анаңызды құрметтеңіз, сыйлаңыз, бағалаңыз – бүгін ғана емес, күн сайын.
Көктемнің алғашқы мерексі құтты болсын!
Құрметпен NURSHKA NURYMGUL ханым 💐🌿