Ambassade du Kazakhstan en France - Қазақстанның Франциядағы Елшілігі

  • Page d'Accueil
  • France
  • Paris
  • Ambassade du Kazakhstan en France - Қазақстанның Франциядағы Елшілігі

Ambassade du Kazakhstan en France - Қазақстанның Франциядағы Елшілігі Chancellerie de l’Ambassade: 3, rue de Tilsitt,
Service consulaire: 59, rue Pierre Charron, Paris 8e

19/08/2026

Кинода өз ізіңізді қалдырғыңыз келе ме? 🎬

Онда келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1️⃣ 🎭 «Жәмила Парижде» фильміндегі басты әйел рөлін кім сомдайды?

2️⃣ 🎥 «Жәмила Парижде» фильміндегі басты ер рөлін кім сомдайды?
3️⃣ Егер Сіз кино кейіпкері болсаңыз, кімнің рөлін таңдар едіңіз?

Қиялыңызға ерік беріңіз: ұялмай, тайынбай, ойыңызды еркін жазыңыз! Ең қызықты жауаптың авторларын «Жәмила Парижде» фильмінің түсіріліміне шақырамыз. 🎥🇫🇷

23 тамызда Құрылтай сайлауында 59, rue Pierre Charon, 75008 мекенжайында кездесеміз! 🇰🇿

🇰🇿🇫🇷 Франция Қазақстанның негізгі экспорттық нарықтарының бірі болып қала береді — оның үлесіне еліміздің жалпы экспорты...
19/08/2026

🇰🇿🇫🇷 Франция Қазақстанның негізгі экспорттық нарықтарының бірі болып қала береді — оның үлесіне еліміздің жалпы экспортының 5,7%-ы тиесілі.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 71,8 млрд АҚШ долларына жетіп, 7,2%-ға өсті. Ал алғашқы жеті айдағы инвестиция көлемі 7,7%-ға артып, 24 млрд АҚШ долларын құрады.

La France demeure l’un des principaux marchés d’exportation du Kazakhstan, représentant 5,7 % de ses exportations.

Au premier semestre 2026, le commerce extérieur kazakhstanais a atteint 71,8 milliards USD, en hausse de 7,2 %. Les investissements ont progressé de 7,7 % pour atteindre 24 milliards USD sur les sept premiers mois de l’année.

🔗 Толығырақ / Lire l’article :

Kazakhstan’s Industrial Growth Reveals Diverging Paths for Manufacturing and Mining

Париж қазақ киносын қарсы алады! 🇰🇿🎬🇫🇷«Жәмила Парижде» фильмінің түсірілім тобының азаматтық белсенділігіне алғыс білдір...
18/08/2026

Париж қазақ киносын қарсы алады! 🇰🇿🎬🇫🇷

«Жәмила Парижде» фильмінің түсірілім тобының азаматтық белсенділігіне алғыс білдіреміз. 23 тамызда Парижде өтетін Құрылтай сайлауында дауыс беруге ниет білдірген киногерлерімізге және Франциядағы барша отандастарымызға рақмет. Баршаңызды сайлауға қатысып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамыз.🇰🇿

Gulsara Arystankulova
Consulat Général du Kazakhstan à Strasbourg
Ministry of Foreign Affairs, Republic of Kazakhstan
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Құрметті отандастар!🗳️ 2026 жылғы 23 тамызда Париж қаласының уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Рес...
17/08/2026

Құрметті отандастар!

🗳️ 2026 жылғы 23 тамызда Париж қаласының уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшілігі жанындағы №410 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 1 шілдеде сайлау өткізу туралы №1338 Жарлыққа қол қойды.

✅ Франция аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі жанындағы №410 сайлау учаскесінде дауыс беруге құқылы.

№410 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін жеке деректеріңізді (Т.А.Ә., ЖСН, туған күніңіз және тұрғылықты мекенжайыңыз) Елшіліктің консулдық бөліміне [email protected] электрондық поштасы арқылы жолдауыңыз қажет.

🪪 Сайлау күні дауыс беру үшін өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасының жарамды паспортын немесе жеке куәлігін алып келуіңіз қажет.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда +33 1 45 61 52 02 / 3731 телефоны немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

📍 Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің мекенжайы: 59 rue Pierre Charron, 75008 Paris.

12/08/2026

Халықаралық жастар күні құтты болсын!

Осы күнге орай Қазақстанда жастар үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер мен қолдау шаралары туралы қысқаша таныстырамыз.

🔹Қазақстандағы жастар саясаты: жаңа мүмкіндіктер мен нақты нәтижелер

Қазақстанда жастардың білім алуына, жұмыспен қамтылуына, баспаналы болуына, кәсіп бастауына және шығармашылық әлеуетін дамытуына жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Жастардың әлеуетін ашуға, жаңа идеялар мен бастамаларды жүзеге асыруға бағытталған жобалар мен креативті орталықтар еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейді.

Жастарға мүмкіндік беру – ел болашағына инвестиция.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Instagram парақшасы.

Bonne Journée internationale de la jeunesse !
À cette occasion, nous vous présentons brièvement les opportunités et les mesures de soutien mises en place en faveur des jeunes au Kazakhstan.
🔹La politique de la jeunesse au Kazakhstan : de nouvelles
opportunités et des résultats concrets
Au Kazakhstan, les jeunes bénéficient d'un soutien public dans les domaines de l'éducation, de l'emploi, du logement, de l'entrepreneuriat et du développement de leur potentiel créatif.
Des projets et des centres créatifs sont déployés dans toutes les régions du pays afin de permettre aux jeunes de développer leur potentiel et de concrétiser leurs idées et initiatives.
Offrir des opportunités aux jeunes, c'est investir dans l'avenir du pays.
Source : compte Instagram du ministère de la Culture et de l'Information de la République du Kazakhstan.

10/08/2026

🎹 Абай күніне орай Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Республикалық физика-математика мектебінің оқушысы Исламбек Қожахмет ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

🎹 À l’occasion du 181e anniversaire d’Abaï Kounanbaïuly, notre compatriote Islambek Kozhakhmet, élève de l’École républicaine de physique et de mathématiques du Kazakhstan, a interprété "Közimniñ qarasy" à l’Ambassade du Kazakhstan en France.

Gulsara Arystankulova
Consulat Général du Kazakhstan à Strasbourg
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

📹 Абай әлемі: ұлы ақын мұрасына тағзым📹 Retour sur la cérémonie en hommage  à Abaï Kounanbaïuly, grand poète, philosophe...
10/08/2026

📹 Абай әлемі: ұлы ақын мұрасына тағзым

📹 Retour sur la cérémonie en hommage à Abaï Kounanbaïuly, grand poète, philosophe, penseur du Kazakhstan

Reportage de 24KZ :
https://youtu.be/n81QISwUjdI?is=sVK23RtlA_6HAb96

Gulsara Arystankulova
Permanent Delegation of Kazakhstan in Paris
Consulat Général du Kazakhstan à Strasbourg

Қазақстандық дипломаттар, студенттер мен қазақ диаспорасының өкілде...

10/08/2026

⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алады. Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым.

Биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне еніп, биліктің барлық институттарын түбегейлі жаңғырту үдерісі басталды. Бұл – шын мәнінде, ұзақ мерзімге арналған даму бағдарымызды айқындайтын ерекше кезең. Көп ұзамай ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы Парламент реформаларды сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға тың серпін беретіні сөзсіз.

Бұл өзгерістердің түпкі мәні – жасампаздық құндылықтарын азаматтардың санасына сіңіріп, Қазақстанның тың қарқынмен дамуына жол ашу. Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеалдарды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз. Ұлы ақын халықтың болашағы үшін білімпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер өте маңызды екенін ұғындырды, көрегендік танытып, жұртты бірлік пен келісімді сақтауға шақырды. Абай қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен толық үндеседі. «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» тұғырнамалық идеялары – Абай армандаған берекелі қоғамның берік негізі. Сондықтан, біз Әділетті, Озық әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз.

Ұлы ойшылдың мол мұрасы алдағы уақытта да өскелең ұрпақты шынайы отаншылдық пен туған елге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісінде рухани азық болады деп сенемін.

Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!

Абай күні құтты болсын!

****

⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Абая

Дорогие соотечественники!

От всей души поздравляю вас с Днем Абая!

Творческое и интеллектуальное наследие великого мыслителя занимает особое место в сокровищнице мировой и казахской культуры. Его учение – это нравственный компас и жизненный путеводитель для нашего народа. Он говорил о проблемах общества без прикрас, предостерегал от праздности и лени. Абаю принадлежит идея
«Толық адам» – глубочайший по своему содержанию и актуальный во все времена концепт «Целостной человеческой личности», другими словами, путь самосовершенствования и духовного роста.

В этом году День Абая мы отмечаем на фоне масштабной трансформации государства и общества. Вступила в силу Народная Конституция Казахстана, начался процесс обновления всех институтов власти. Это по-настоящему эпохальный период, закладывающий фундамент развития на многие годы вперед. В этом месяце состоятся первые в нашей истории выборы в Курултай. Однопалатный Парламент придаст новое качество нашим реформам.

Суть преобразований состоит в том, чтобы придать мощный импульс прогрессу Казахстана, укрепить созидательные ценности в обществе. В вопросах формирования новой общественной этики, укрепления национальной идентичности и популяризации гуманистических идеалов мы неизменно обращаемся к творчеству Абая. Великий поэт и философ видел будущее народа в стремлении к знаниям, трудолюбию, ответственности, пророчески призывал к единству и согласию. «Слова назидания» – неиссякаемый родник, питающий всю систему ценностей современного Казахстана. Концептуальные идеи «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Закон и Порядок» составляют основу гармоничного общества, о котором мечтал Абай. Теперь мы строим Справедливый, Сильный, Прогрессивный Казахстан.

Убежден, наследие великого мыслителя будет и впредь служить воспитанию подлинного патриотизма и любви к нашей Родине.

Желаю всем вам крепкого здоровья, благополучия и новых достижений!

С праздником! С Днем Абая!

08/08/2026

🎶 A l'occasion du 181e anniversaire d'Abaï Kounanbaïuly, notre compatriote Gaukhar Rustemkyzy nous offre une interprétation en français de sa célèbre chanson "Kozimniñ karasy" ("Көзімнің қарасы") 👏

Gulsara Arystankulova
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Consulat Général du Kazakhstan à Strasbourg

🇰🇿🇫🇷 Парижде Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай тағылымды іс-шара өтті.Іс-шараға Қазақстанның дипломаттар...
08/08/2026

🇰🇿🇫🇷 Парижде Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына орай тағылымды іс-шара өтті.

Іс-шараға Қазақстанның дипломаттары мен олардың отбасы мүшелері, қазақ жастар белсенділері мен мәдениет жанашырлары, сондай-ақ диаспора өкілдері қатысты. Қатысушылар ұлы ақынның «Қара сөздерінен» үзінділер оқып, Абайдың әндерін орындап, оның рухани мұрасына тағзым етті.

Абай мұрасы - ұлттың рухани қазынасы, ал оның даналық сөзі - ұрпаққа аманат.

🇰🇿🇫🇷 À Paris, les diplomates kazakhstanais et leurs familles ont célébré le 181ᵉ anniversaire de la naissance d’Abaï Kounanbaïouly, grande figure de la poésie et de la pensée kazakhes.

Entourés d’étudiants et de membres de la communauté kazakhe de Paris, ils ont fait vivre l’héritage d’Abaï à travers ses textes, ses « Paroles d’édification » et ses chansons en kazakhe et en français.

Ce moment chaleureux de partage a rappelé combien la pensée d’Abaï, profondément ancrée dans la culture kazakhe, continue de résonner auprès des nouvelles générations et de créer des liens entre les cultures.

Gulsara Arystankulova
Permanent Delegation of Kazakhstan in Paris
Consulat Général du Kazakhstan à Strasbourg
AKFT Paris

Adresse

3, Rue De Tilsitt
Paris
75008

Heures d'ouverture

Lundi 09:00 - 18:30
Mardi 09:00 - 18:30
Mercredi 09:00 - 18:30
Jeudi 09:00 - 18:30
Vendredi 09:00 - 18:30

Notifications

Soyez le premier à savoir et laissez-nous vous envoyer un courriel lorsque Ambassade du Kazakhstan en France - Қазақстанның Франциядағы Елшілігі publie des nouvelles et des promotions. Votre adresse e-mail ne sera pas utilisée à d'autres fins, et vous pouvez vous désabonner à tout moment.

Contacter L’organisation

Envoyer un message à Ambassade du Kazakhstan en France - Қазақстанның Франциядағы Елшілігі:

Partager