Shqoem

Shqoem Ағартушылық және тәрбиелік функцияларды орындайтын заманауи көпфункционалды музей
Құрылған жылы-1968

2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде директордың орынбасарлары мен музейдің ғылыми-зерттеу және...
02/09/2026

2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде директордың орынбасарлары мен музейдің ғылыми-зерттеу және ағарту бөлімдерінің меңгерушілері қатысқан жұмыс кеңесі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы – «Музей саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау». Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды барынша азайту, сондай-ақ музей мекемелері қызметкерлерінің белгіленген нормалар мен талаптарды мүлтіксіз сақтау жөніндегі жауапкершілігін арттыру мәселелері қаралды.

2 сентября в Восточно-Казахстанском областном этнографическом музее состоялось рабочее совещание заместителей директора с заведующими научно-исследовательских и просветительских отделов музея. Основной темой встречи стало «Соблюдение антикоррупционного законодательства в музейной сфере». В ходе мероприятия были рассмотрены вопросы соблюдения требований антикоррупционного законодательства, предупреждения и минимизации коррупционных рисков, а также повышения ответственности сотрудников музейных учреждений за неукоснительное соблюдение установленных норм и требований.

31/08/2026
31/08/2026

Қала күнін мерекелеу және «Музеймен бірге жаңа әлем» атты жазғы мәдени демалыс аясында музей нысандарында «Сүйікті қалам» атты іс-шаралар өтті.
Қатысушылар үшін «Өз қалаңды білесің бе?» атты танымдық викторина әзірленіп, сондай-ақ таза ауада қимылды ойындар мен көңілді эстафеталар ұйымдастырылды.
Іс-шара танымдық және ойын-сауық бағыттарын тоғыстыра отырып, қатысушыларға уақыттарын қызықты әрі мазмұнды өткізуге, сондай-ақ туған қаласы туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.

В рамках празднования Дня города и летнего музейно-культурного досуга «Познаём мир с музеем» на объектах музея состоялись мероприятия «Любимый город». Для участников была подготовлена познавательная викторина «Знаешь ли ты свой город?», а также организованы подвижные игры и весёлые эстафеты на свежем воздухе. Мероприятие объединило познавательный и игровой форматы, подарив участникам возможность интересно провести время и узнать больше о родном городе.

31/08/2026

Қала күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің Солжағалық кешені аумағында жаңа экспозициялық нысан – «Ретро-музейдің» ашылу салтанаты өтті. Жаңа экспозиция келушілерді ХХ ғасырдың тарихи техника үлгілерімен таныстырады. Мұнда қалпына келтірілген бірегей көліктер – ГАЗ АА («полуторка») жүк көліктерінен бастап, әйгілі америкалық Студебеккер көліктеріне дейінгі техникалар қойылған.
Маңызды мәдени шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, журналистер және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Техника – тарихтың бір бөлігі, ал тарих – ұрпақ жадында сақталатын құндылық. Енді осының барлығын бір жерден тамашалауға болады.
Өткен дәуірдің тынысын сезініп, тарихпен қауышуға шақырамыз!

В День города на территории Левобережного комплекса Восточно-Казахстанского областного этнографического музея состоялось открытие нового экспозиционного объекта — «Ретро-музея», знакомящего посетителей с восстановленными образцами техники XX века: от грузовиков ГАЗ АА (полуторки) до знаменитых американских машин Студебеккеров.
В значимом культурном событии приняли участие аким Восточно-Казахстанской области Н.А.

27/08/2026

27 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінің Солжағалық кешеніне Беларусь Республикасының Могилёв облысынан делегация келді. Сапар барысында қонақтар музей кешенінің нысандарын аралап, Шығыс Қазақстанның тарихы және мәдени мұрасымен танысты. Бағдарлама аясында Шығыс Қазақстан облысының беларусь этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесу өтті.

27 августа Левобережный комплекс Восточно-Казахстанского областного этнографического музея посетила делегация Могилёвской области Республики Беларусь. В ходе визита гости познакомились с объектами комплекса, историей и культурным наследием Восточного Казахстана. Особое место в программе заняла встреча с представителями Восточно-Казахстанского белорусского этнокультурного объединения.

Заң мен Тәртіп – тұрақты қоғамның негізі.Абдрасулова Қарақат Мұхаметқалиқызы – мәдениет және этнология саласында еңбек е...
21/08/2026

Заң мен Тәртіп – тұрақты қоғамның негізі.
Абдрасулова Қарақат Мұхаметқалиқызы – мәдениет және этнология саласында еңбек етіп жүрген маман.
Қарақат Мұхаметқалиқызы 1999 жылы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 2021 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетін «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолында кітапхана саласында қызмет атқарып, мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға белсене қатысты.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығында этнолог болып еңбек етуде. Негізгі бағыты – өңірдегі этностардың тарихы мен мәдениетін зерттеу, этнографиялық мұраны сақтау және насихаттау.
Қарақат Мұхаметқалиқызы өз еңбегі арқылы мәдени құндылықтарды дәріптеуге, қоғамдық келісімді нығайтуға және тарихи мұраны кейінгі ұрпаққа жеткізуге үлес қосып келеді.
Заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және мәдени мұраны қорғау – ортақ жауапкершілік!



Закон и Порядок – основа стабильного общества.
Абдрасулова Каракат Мухаметкалиевна – специалист, работающий в сфере культуры и этнологии.
Каракат Мухаметкалиевна родилась 18 декабря в 1999 года в селе Акжар Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области. В 2021 году окончила Казахский национальный женский педагогический университет по специальности «Культурно-досуговая работа».
В своей трудовой деятельности работала в библиотечной сфере, принимала активное участие в организации культурно-просветительских мероприятий.
В настоящее время работает этнологом в Восточно-Казахстанском областном архитектурно-этнографическом и природно-ландшафтном музей-заповеднике. Основное направление её деятельности – изучение истории и культуры этносов региона, сохранение и популяризация этнографического наследия.
Своим трудом Каракат Мухаметкалиевна вносит вклад в сохранение культурных ценностей, укрепление общественного согласия и передачу исторического наследия подрастающему поколению.

20/08/2026

Құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары және Өскемен қаласының қадірлі қонақтары!
Қасым Қайсенов атындағы саябақты одан әрі абаттандыру аясында саябаққа кіреберіс аймақтарды көркемдік безендіру жұмыстары жүргізілді.
Саябақтың М. Горький көшесі және Қ. Қайсенов көшесі тарапындағы екі негізгі кіреберісіне саябақтың атауы жазылған жаңа сәндік жарық аркалары орнатылды. Қараңғы түскен уақытта аркалар жарықтандырылып, соның арқасында саябаққа кіреберістер бұрынғыдан да айқын көрініп, сәулеттік тұрғыдан әсерлі әрі заманауи сипатқа ие болды.
Жаңа кіреберіс аркаларын орнату аумақты кешенді абаттандыруға, жайлы әрі эстетикалық тұрғыдан тартымды қалалық кеңістік қалыптастыруға, сондай-ақ саябақтың қала тұрғындары мен қонақтары үшін тартымдылығын арттыруға бағытталған жұмыстардың бір бөлігі болып табылады.
Қасым Қайсенов атындағы саябақты одан әрі абаттандыру және дамыту жұмыстары жалғасын табады.

Уважаемые жители Восточно-Казахстанской области и дорогие гости города Усть-Каменогорска!
В рамках дальнейшего благоустройства парка имени Касыма Кайсенова проведены работы по оформлению входных групп.
На двух основных входах в парк — со стороны ул. М. Горького и со стороны у�

19 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде музей директорының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұм...
19/08/2026

19 тамызда Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейінде музей директорының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жетілдіру мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, заңнама талаптарын сақтау және ішкі комплаенс-бақылаудың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және музей қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған алдағы міндеттер мен жұмыс бағыттары айқындалды.

19 августа в Восточно-Казахстанском областном этнографическом музее состоялось рабочее совещание с участием директора музея, посвященное вопросам совершенствования антикоррупционной работы.
В ходе совещания были рассмотрены вопросы реализации антикоррупционных мер, предупреждения коррупционных рисков, соблюдения требований законодательства и повышения эффективности внутреннего комплаенс-контроля. По итогам встречи определены дальнейшие задачи и направления работы, направленные на укрепление антикоррупционной культуры и обеспечение прозрачности деятельности музея.

19/08/2026

Қ. Қайсенов атындағы саябақтың этноауылындағы әрбір үй-жай өзіндік тарихтан сыр шертеді. Солардың бірі — XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы сауда орындарының ішкі көрінісі мен сол кезеңге тән ахуалды қайта жаңғыртатын сауда дүкені. Экспозицияда түрлі тауарлар қойылған сауда бөлмесі, қойма және сауда жүргізушінің кеңсесі қамтылған. Бүгінде осы дүкеннің табалдырығын аттаған сәтте, өткен дәуірге сапар шеккендей әсер алып, қала тұрғындары арасында қандай тауарлар мен қызметтердің сұранысқа ие болғанын, сондай-ақ олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінің ажырамас бөлігіне айналған дүниелерді білуге болады.

Address

Улица Бейбітшілік, 29
Öskemen
070000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Shqoem posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Shqoem:

Shortcuts

Share