11/09/2026
ШҚО әкімі Күршім ауданындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты
🔹🔹🔹
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданына жұмыс сапары барысында ауданның спорттық инфрақұрылымымен танысты.
⚽️Бірінші Күршім аудандық көпсалалы балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барып, ондағы спорт секцияларының жұмысын көрді.
1969 жылы құрылған спорт мектебінде бүгінде 850-ден астам бала спорттың 10 түрімен тұрақты айналысады. Олардың қатарында волейбол, футбол, шаңғы жарысы, жеңіл және ауыр атлетика, бокс, еркін күрес, қазақ күресі, армрестлинг және жүзу бар.
«Біздің міндет - ауыл балаларына да қаладағыдай спортпен айналысуға мүмкіндік беру. Ол үшін қолда бар нысандарды тиімді пайдаланып қана қоймай, олардың материалдық базасын тұрақты түрде жақсарту қажет.Жас спортшыларға жағдай жасау, бұқаралық спортты дамыту және балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмысты жалғастырамыз», - деді Нұрымбет Сақтағанов.
✔️Спорт мектебінде 29 жаттықтырушы-оқытушы еңбек етеді. Жалпы, спорт мектебінде 68 оқу-жаттығу тобы құрылған.
Мекеме балансында үш спорт нысаны бар. Атап айтқанда, 1980 жылы салынған спорт кешені, 2013 жылы пайдалануға берілген «Сарытау» стадионы және заманауи бассейн жұмыс істейді.
Облыс әкімі бассейннің жұмысымен де танысты. Нысанның жалпы аумағы 1 200-ден астам шаршы метрді құрайды. Бассейнде ұзындығы 25 метр болатын бес жүзу жолағы бар. Қазіргі таңда мұнда 60 бала жүзумен айналысады.
Спорт мектебінің материалдық-техникалық базасын дамыту, балалардың спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасау және бұқаралық спортты одан әрі дамыту – ауданның әлеуметтік саясатындағы маңызды бағыттардың бірі.
Нұрымбет Сақтағанов спорт нысандарының жұмысын көріп, жас спортшыларға арналған жағдайды жақсарту, спорт инфрақұрылымын тиімді пайдалану және оның қолжетімділігін арттыру бағытында тиісті тапсырмалар берді.
В Курчумском районе ВКО более 850 детей занимаются в спортивной школе

В ходе рабочей поездки в Курчумский район аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов посетил районную многопрофильную детско-юношескую спортивную школу и проверил состояние спортивной инфраструктуры.
Школа работает с 1969 года. Сегодня здесь более 850 детей занимаются десятью видами спорта: волейболом, футболом, лыжными гонками, легкой и тяжелой атлетикой, боксом, вольной и қазақ күресі, армрестлингом и плаванием.
С юными спортсменами работают 29 тренеров-преподавателей, сформировано 68 учебно-тренировочных групп.
В ведении школы находятся три объекта: спортивный комплекс 1980 года постройки, стадион «Сарытау», введенный в эксплуатацию в 2013 году, и современный бассейн.
▫️Глава региона осмотрел бассейн площадью свыше тысячи двухсот квадратных метров. Здесь оборудованы пять 25-метровых плавательных дорожек, сегодня занятия посещают 60 детей.
«Мы хотим создать сельским детям такие же возможности для занятий спортом, как и городским. Для этого важно не только эффективно использовать имеющиеся объекты, но и постоянно укреплять их материально-техническую базу», - сказал Нурымбет Сактаганов.
Особое внимание в районе уделяется развитию детского и массового спорта. Для этого важно не только укреплять материально-техническую базу, но и максимально эффективно использовать уже имеющиеся объекты, делая их доступными для детей и жителей района.
По итогам посещения Нурымбет Сактаганов поручил продолжить работу по улучшению условий для юных спортсменов и повышению доступности спортивной инфраструктуры.