ҚР Конституциялық Соты / Конституционный Суд РК

ҚР Конституциялық Соты / Конституционный Суд РК Сonstitutional Court of the Republic of Kazakhstan 🇰🇿

Конституциялық Сотта жас қызметкерлер арасында «Тіл шебері» байқауы өттіҚазақстан халқының тілдері күні және көрнекті ағ...
05/09/2026

Конституциялық Сотта жас қызметкерлер арасында «Тіл шебері» байқауы өтті

Қазақстан халқының тілдері күні және көрнекті ағартушы, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында Конституциялық Сотта «Тіл шебері» байқауы өтті.

Байқауға Конституциялық Сот Аппаратының жас қызметкерлері қатысты. Олар бес тақырыптық кезең барысында қазақ тілін, Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін білу деңгейін, сондай-ақ зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Байқау жас қызметкерлердің тіл мәдениетін арттыруға және нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу кезінде лингвистикалық талаптарды сақтаудың маңыздылығына назар аударуға бағытталды. Құқықтық нормаларды сауатты, анық әрі бірмәнді тұжырымдау олардың құқықтық мағынасын дәл әрі дұрыс жеткізу үшін ғана емес, құқық қолдану практикасында, әсіресе азаматтар үшін, құқықтық мазмұнның түсінікті болуын қамтамасыз етуде де айрықша маңызға ие.

----

В Конституционном Суде состоялся конкурс «Тіл шебері» среди молодых сотрудников

В преддверии Дня языков народа Казахстана и дня рождения выдающегося просветителя и ученого-лингвиста Ахмета Байтурсынова в Конституционном Суде состоялся конкурс «Тіл шебері».

В конкурсе приняли участие молодые сотрудники Аппарата Конституционного Суда, которые в рамках пяти тематических этапов продемонстрировали знание казахского языка, истории и традиций Казахстана, а также эрудицию и творческие способности.

Проведение конкурса призвано повысить языковую культуру молодых сотрудников и подчеркнуть важность соблюдения лингвистических требований при подготовке нормативных правовых актов. Грамотное, ясное и однозначное изложение правовых норм имеет принципиальное значение для обеспечения не только точной и корректной передачи их правового смысла, но и доступности понимания правового содержания в правоприменительной практике, особенно для граждан.

Конституциялық Сот нотариаттық қызметтерге ақы төлеуден босату туралы норманың конституциялылығын тексереді📨 Конституция...
04/09/2026

Конституциялық Сот нотариаттық қызметтерге ақы төлеуден босату туралы норманың конституциялылығын тексереді

📨 Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 25-бабының 3) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш иесі жекелеген азаматтарды нотариаттық әрекеттер жасағаны үшін ақы төлеуден босату жекеше нотариустардың тиісті сыйақысыз қызмет көрсетуіне алып келеді және олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін тең емес жағдайлар туғызады деп есептейді. Өтініш иесінің пікірінше, мұндай міндет жекеше нотариустардың конституциялық құқықтарына, оның ішінде теңдікке, жеке бас бостандығы мен қадір-қасиетіне берілетін кепілдіктерге әсер етуі мүмкін.

Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?type=_55&lang=ru) және Telegram-арнасында (https://t.me/consot_kz) хабарланатын болады.

----

Конституционный Суд проверит конституционность нормы об освобождении от оплаты нотариальных услуг

📨 Конституционный Суд принял к производству обращение о проверке на соответствие Конституции подпункта 3) статьи 25 Закона Республики Казахстан «Об адвокатской деятельности и юридической помощи».

Заявительница считает, что освобождение отдельных граждан от оплаты за совершение нотариальных действий приводит к оказанию частными нотариусами услуг без соответствующего вознаграждения и создает неравные условия для осуществления их профессиональной деятельности. По мнению заявительницы, такая обязанность может затрагивать конституционные права частных нотариусов, включая гарантии равенства, личной свободы и достоинства.

О результатах рассмотрения будет сообщено на официальном сайте (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?type=_55&lang=ru) и в Telegram-канале (https://t.me/consot_kz) Конституционного Суда.

Конституциялық Сот педагогтік қызметпен айналысуға тыйым салудың конституциялылығын тексереді📨 Конституциялық Сот Қазақс...
03/09/2026

Конституциялық Сот педагогтік қызметпен айналысуға тыйым салудың конституциялылығын тексереді

📨 Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш иесі аталған нормада белгіленген педагогтік қызметпен айналысуға тыйым салу іс жүзінде өмір бойына қолданылатын сипатқа ие және жасалған іс-әрекеттің санаты мен ауырлық дәрежесі ескерілместен қолданылатынын, бұл еңбек ету бостандығына құқық пен теңдік қағидатына нұқсан келтіруі мүмкін деп есептейді.

Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?type=_55&lang=ru) және Telegram-арнасында (https://t.me/consot_kz) хабарланатын болады.

----

Конституционный Суд проверит конституционность запрета на занятие педагогической деятельностью

📨 Конституционный Суд принял к производству обращение о проверке на соответствие Конституции подпункта 3) пункта 2 статьи 26 Трудового кодекса Республики Казахстан.

Заявитель считает, что установленный нормой запрет на занятие педагогической деятельностью фактически носит пожизненный характер и применяется без учета категории и степени тяжести совершенного деяния, что может затрагивать право на свободу труда и принцип равенства.

О результатах рассмотрения будет сообщено на официальном сайте (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?type=_55&lang=ru) и в Telegram-канале (https://t.me/consot_kz) Конституционного Суда.

Марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы туралы нормаларды Конституциялық Сот тексереді📨 Конституциялық Сот ...
02/09/2026

Марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы туралы нормаларды Конституциялық Сот тексереді

📨 Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 93-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің және 94-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш иесі кеңестік кезеңде алты және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін марапатталған көпбалалы аналар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес марапатталған аналармен жәрдемақы алу құқығы бойынша тең құқықтарға ие болуы тиіс деп есептейді.

Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?type=_55&lang=ru) және Telegram-арнасында (https://t.me/consot_kz) хабарланатын болады.

----

Конституционный Суд проверит нормы о пособии награжденным многодетным матерям

📨 Конституционный Суд принял к производству обращение о проверке на соответствие Конституции части первой пункта 1 статьи 93 и пункта 1 статьи 94 Социального кодекса Республики Казахстан.

Заявительница считает, что многодетные матери, награжденные в советский период за рождение и воспитание шестерых и более детей, должны иметь равные права на пособие с матерями, награжденными в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

О результатах рассмотрения будет сообщено на официальном сайте (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?type=_55&lang=ru) и в Telegram-канале (https://t.me/consot_kz) Конституционного Суда.

Конституциялық Сот белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың конституциялылығын тексереді📨 Конституция...
01/09/2026

Конституциялық Сот белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың конституциялылығын тексереді

📨 Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 50-бабы бірінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті іс жүргізуге қабылдады.

Өтініш беруші мемлекеттік қызметші болып табылмайтын және сыбайлас жемқорлық қылмысының арнаулы субъектісінің белгілеріне ие емес адамға белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салуды қолдану әділеттілік, мөлшерлестік және жауаптылықты даралау қағидаттарын бұзуы, сондай-ақ еңбек ету құқығы мен кәсіптік қызметті еркін таңдау құқығын шектеуі мүмкін деп есептейді.

Қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?type=_55&lang=ru) және Telegram-арнасында (https://t.me/consot_kz) хабарланатын болады.

----

Конституционный Суд проверит конституционность пожизненного запрета занимать определенные должности

📨 Конституционный Суд принял к производству обращение о проверке на соответствие Конституции части первой статьи 50 Уголовного кодекса Республики Казахстан.

Заявитель считает, что применение пожизненного запрета к лицу, не являющемуся государственным служащим и не обладающему признаками специального субъекта коррупционного преступления, может нарушать принципы справедливости, соразмерности и индивидуализации ответственности, а также ограничивать трудовые права и право на свободный выбор профессиональной деятельности.

О результатах рассмотрения будет сообщено на официальном сайте (https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/1?type=_55&lang=ru) и в Telegram-канале (https://t.me/consot_kz) Конституционного Суда.

🔹 Қарағанды облысында конституциялық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің рөлі талқыланды Жаңа оқу жылы қарсаңында Қара...
17/08/2026

🔹 Қарағанды облысында конституциялық мәдениетті қалыптастырудағы мектептің рөлі талқыланды

Жаңа оқу жылы қарсаңында Қарағанды облысы білім беру қызметкерлерінің «Жаңа халықтық Конституцияның нормалары мен құндылықтары: Адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» атты тамыз конференциясында адами капиталды дамыту және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова, білім беру ұйымдарының басшылары, мемлекеттік органдар мен сарапшылық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Педагогтер алдында сөз сөйлеген Конституциялық Соттың судьясы Айжан Жатқанбаева Конституция тек оқып-үйрену пәні болып қана қоймай, баланың күнделікті құқықтық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс екенін атап өтті.

«Бала – құқықтары мен мүдделерін қорғауға бүкіл мемлекет жұмылдырылатын жоғары конституциялық құндылықтардың бірі. Мемлекет шешім қабылдау кезінде баланың ең үздік мүдделерін басшылыққа алуға тиіс», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, конституциялық мәдениетті қалыптастыру тек бейіндік сабақтардың міндеті емес. Әрбір педагог оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін түсініп қана қоймай, басқа адамдардың қадір-қасиеті мен бостандығын құрметтеуіне ықпал ете алады.

«Заң және тәртіп» қағидатына, сыни ойлауды дамытуға, цифрлық мәдениетке, қауіпсіздік пен дербес деректерді қорғауға ерекше назар аударылды.

«Конституция бізге азаматтың жеткілікті дәрежеде айқын бейнесін береді. Ол – өз құқықтары мен міндеттерін білетін, өзгенің бостандығын құрметтей отырып, өз бостандығын пайдалана алатын және қабылдаған шешімдерінің салдары үшін жауапкершілікті өз мойнына алатын заманауи адам», – деп атап өтті Айжан Жатқанбаева.

----

🔸 В Карагандинской области обсудили роль школы в формировании конституционной культуры

В преддверии нового учебного года на августовской конференции работников образования Карагандинской области «Нормы и ценности новой Народной Конституции: развитие человеческого капитала – стратегическая основа системы образования» обсудили вопросы развития человеческого капитала и формирования правовой культуры подрастающего поколения.

В мероприятии приняли участие аким Карагандинской области Ермаганбет Булекпаев, первый вице-министр просвещения Шынар Акпарова, руководители организаций образования, представители государственных органов и экспертного сообщества.

Выступая перед педагогами, судья Конституционного Суда Айжан Жатканбаева отметила, что Конституция должна быть не только предметом изучения, но и частью повседневной правовой культуры ребенка.

«Ребенок признается одной из высших конституционных ценностей, на защите прав и интересов которого стоит все государство. Государство должно принимать решения, исходя из наилучших интересов ребенка», – подчеркнула она.

По ее словам, формирование конституционной культуры – задача не только профильных уроков. Каждый педагог может способствовать тому, чтобы учащиеся не только понимали свои права и обязанности, но и уважали достоинство и свободу других людей.

Особое внимание уделено принципу «Закон и порядок», развитию критического мышления, цифровой культуре, безопасности и защите персональных данных.

«Конституция дает нам достаточно четкий образ гражданина – современного человека, который знает свои права и обязанности, умеет пользоваться свободой, уважая свободу другого, принимает ответственность за последствия своих решений», – отметила Айжан Жатканбаева.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі/ Министерство просвещения РК Қарағанды облысы

Конституциялық Сот отбасы мен бала құқықтарын қорғаудың негізгі құқықтық ұстанымдарын айқындадыҚазақстан Республикасы Ко...
04/08/2026

Конституциялық Сот отбасы мен бала құқықтарын қорғаудың негізгі құқықтық ұстанымдарын айқындады

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отбасы заңнамасы саласындағы құқықтық ұстанымдары отбасыны, ана мен әкені және баланы қорғаудың конституциялық кепілдіктерін нығайтуға, сондай-ақ заңнаманы жетілдіруге және құқық қолдану практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Айжан Жатқанбаева Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстелде мәлімдеді.

Іс-шара барысында Конституциялық Соттың бала асырап алу, ата-аналардың отбасылық құқықтары мен міндеттерін іске асырудағы теңдігі, бала күтімін жүзеге асыратын ата-аналардың зейнетақы кепілдіктері, әкімшілік жауаптылықтың жекелеген шараларын қолдану және алименттік міндеттемелерді орындау мәселелері бойынша құқықтық ұстанымдары таныстырылды.

Судья жаңартылған Қазақстан Республикасының Конституциясы отбасыны, ана мен әкені және баланы дербес конституциялық құндылықтар ретінде бекіту арқылы оларды қорғаудың кепілдіктерін күшейткенін атап өтті.

Конституциялық Соттың құқықтық практикасында мынадай маңызды ұстанымдар қалыптасты:

— бала асырап алу мәселелерін қарау кезінде Сот теңдік қағидатын сақтаудың маңызын атап көрсете отырып, баланың ең үздік мүддесін басымдық ретінде айқындады;

— ата-аналардың зейнетақы кепілдіктеріне қатысты Сот бала күтімі кезеңі баланы нақты күтіп-баптаған жұмыс істемейтін ата-ананың кез келгеніне еңбек өтіліне есептелуге тиіс екенін көрсетті;

— әкімшілік жауаптылық саласында Сот объективті негіздер болған жағдайда ана мен баланы қорғауға бағытталған арнайы шараларды қолдануға жол берілетінін атап өтті;

— алименттік міндеттемелерді қарау кезінде Сот баланың лайықты материалдық қамтылу құқығын қамтамасыз ету және ата-аналардың мүдделері арасындағы әділ теңгерімді сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.

Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдары отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың теңдігін қамтамасыз етуге, баланың құқықтарын қорғауға және Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіруге бағытталған.

«Мемлекеттің отбасылық саясатының тиімділігі оның Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігімен және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ету қабілетімен айқындалады», – деді Айжан Жатқанбаева.

Конституциялық Соттың негізгі нормативтік қаулылары:

2024 жылғы 28 маусымдағы № 46-НҚ;
2024 жылғы 23 шілдедегі № 49-НҚ;
2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 58-НҚ;
2025 жылғы 7 ақпандағы № 66-НҚ;
2026 жылғы 18 мамырдағы № 80-НҚ.

Толық ақпарат Telegram-арнамызда: https://t.me/consot_kz/3142

----

Конституционный Суд определил ключевые подходы к защите семьи и прав ребенка

Практика Конституционного Суда Республики Казахстан в сфере семейного законодательства укрепляет гарантии защиты семьи, материнства, отцовства и детства, а также способствует совершенствованию законодательства и развитию единообразной правоприменительной практики.

Об этом сообщила судья Конституционного Суда Айжан Жатканбаева на круглом столе, организованном Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике совместно с Конституционным Судом Республики Казахстан.

В ходе мероприятия были представлены правовые позиции Конституционного Суда по вопросам усыновления детей, равенства родителей в реализации семейных прав и обязанностей, пенсионных гарантий родителей, осуществляющих уход за ребенком, применения отдельных мер административной ответственности и исполнения алиментных обязательств.

Судья отметила, что обновленная Конституция Республики Казахстан усилила гарантии защиты семьи, закрепив семью, материнство, отцовство и детство в качестве самостоятельных конституционных ценностей.

В практике Конституционного Суда сформированы важные правовые подходы:

— при рассмотрении вопросов усыновления Суд указал на необходимость соблюдения принципа равенства и одновременно подчеркнул приоритет наилучших интересов ребенка;

— при рассмотрении пенсионных гарантий родителей Суд отметил, что период ухода за ребенком должен учитываться для любого из неработающих родителей, фактически осуществлявшего такой уход;

— в сфере административной ответственности Суд указал на допустимость специальных мер защиты материнства и детства при наличии объективных оснований;

— при рассмотрении алиментных обязательств Суд подчеркнул необходимость обеспечения права ребенка на достойное содержание и справедливого баланса интересов родителей.

Правовые позиции Конституционного Суда направлены на укрепление института семьи, обеспечение равенства родителей, защиту прав ребенка и совершенствование законодательства Республики Казахстан.

«Эффективность государственной семейной политики определяется ее соответствием Конституции Республики Казахстан и способностью обеспечивать реальную защиту прав и свобод человека», — отметила Айжан Жатканбаева.

Основные нормативные постановления Конституционного Суда:

№ 46-НП от 28 июня 2024 года;
№ 49-НП от 23 июля 2024 года;
№ 58-НП от 24 декабря 2024 года;
№ 66-НП от 7 февраля 2025 года;
№ 80-НП от 18 мая 2026 года.

Подробнее на нашем Telegram-канале: https://t.me/consot_kz/3144

🔹 Конституциялық Сотта ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен кездесу өтті Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвир...
04/08/2026

🔹 Конституциялық Сотта ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ЕҚЫҰ ДИАҚБ) миссия басшысы Винсент Пикет жетекшілік еткен делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда жүргізіліп жатқан, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, Конституцияның үстемдігі қағидатын нығайтуға және жария биліктің тиімділігін арттыруға бағытталған конституциялық реформаны талқылады.

Миссия өкілдеріне мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығының, азаматтық қоғам институттарының және ел азаматтарының кеңінен қатысуымен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия әзірлеген Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасы туралы ақпарат ұсынылды. Конституция жобасын талқылау ашық қоғамдық консультациялар форматында өтіп, азаматтардың ұсыныстарын жинауға арналған цифрлық тетіктер кеңінен қолданылғаны атап өтілді.

Кездесуде азаматтардың сайлау құқықтарының конституциялық кепілдіктеріне және Конституциялық Соттың сайлау процесі саласындағы өкілеттіктеріне ерекше назар аударылды. Конституциялық Сот Конституцияда айқындалған субъектілердің өтініштері бойынша Құрылтай депутаттарын сайлаудың дұрыс өткізілуіне қатысты дауларды қарай отырып, сайлау процесінің заңдылығына конституциялық бақылауды қамтамасыз ететіні айтылды.

Эльвира Азимова Қазақстанның ЕҚЫҰ ДИАҚБ-мен ынтымақтастықты дәйекті түрде дамытып келе жатқанын атап өтіп, халықаралық сарапшылық диалогты демократиялық институттарды нығайтудың, сайлау процестерінің ашықтығын қамтамасыз етудің және конституциялық сот төрелігін одан әрі жетілдірудің маңызды тетігі ретінде қарастыратынын жеткізді.

Кездесуге қатысушылар Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ету, адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелерін талқылап, конституциялық бақылау институтын одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар конституциялық сот төрелігі, құқық үстемдігі және адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша сындарлы ынтымақтастық пен кәсіби диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік танытатынын растады.

----

🔸 В Конституционном Суде состоялась встреча с миссией БДИПЧ ОБСЕ

Председатель Конституционного Суда Республики Казахстан Эльвира Азимова провела встречу с делегацией Бюро по демократическим институтам и правам человека ОБСЕ (БДИПЧ ОБСЕ) во главе с руководителем миссии Винсентом Пикетом.

В ходе встречи стороны обсудили проводимую в Казахстане конституционную реформу, направленную на совершенствование системы государственного управления, укрепление принципов верховенства Конституции и повышение эффективности публичной власти.

Представителям миссии была представлена информация о подготовке новой Конституции Республики Казахстан, разработанной Комиссией по конституционной реформе с широким участием представителей государственных органов, экспертного сообщества, институтов гражданского общества и граждан страны. Отмечено, что обсуждение проекта сопровождалось открытыми общественными консультациями и использованием цифровых механизмов сбора предложений.

Особое внимание было уделено конституционным гарантиям избирательных прав граждан и полномочиям Конституционного Суда в сфере избирательного процесса. Подчеркнуто, что Конституционный Суд рассматривает споры о правильности проведения выборов депутатов Курултая по обращениям субъектов, определенных Конституцией, обеспечивая конституционный контроль за законностью избирательного процесса.

Эльвира Азимова отметила, что Казахстан последовательно развивает сотрудничество с БДИПЧ ОБСЕ, рассматривая международный экспертный диалог как важный элемент укрепления демократических институтов, обеспечения открытости избирательных процессов и дальнейшего совершенствования конституционного правосудия.

Участники встречи также обсудили вопросы обеспечения верховенства Конституции, защиты конституционных прав и свобод человека, а также обменялись мнениями по вопросам дальнейшего развития института конституционного контроля.

По итогам встречи стороны подтвердили взаимную заинтересованность в продолжении конструктивного сотрудничества и профессионального диалога по вопросам конституционного правосудия, верховенства права и защиты прав человека.

OSCE – The Organization for Security and Co-operation in Europe OSCE Office for Democratic Institutions and Human Rights (ODIHR)

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтердіҚазақстандық альпинист, музыкант, Қа...
01/08/2026

Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын Памир шыңына көтерді

Қазақстандық альпинист, музыкант, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртісі Әлібек Қайырбек Памир тау жүйесіндегі биіктігі 6148 метр болатын Раздельная шыңына Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы мен қазақтың домбырасын алып шықты.

Бұл экспедиция Қазақстанды, оның мәдениетін, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған «Әлем шыңдарындағы домбыра» халықаралық мәдени-патриоттық жобасы аясында жүзеге асырылды.

Жоба аясында Әлібек Қайырбек Еуропа, Африка, Гималай, Тянь-Шань және Памирдің ең биік шыңдарына көтеріліп, қазақтың күй өнерін әлемге танытып келеді. Әрбір экспедиция Қазақстан Республикасын лайықты таныстыруға, қазақ халқының бай тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі мен жетістіктері туралы халықаралық қауымдастыққа кеңінен ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Раздельная шыңында Әлібек Қайырбек домбырамен қазақ күйлерін орындап, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын көтерді. Халықаралық экспедициялар барысында ол әртүрлі мемлекеттерден келген альпинистерге Қазақстанның тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері және еліміздің Ата Заңы туралы таныстырады.

2025 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай Әлібек Қайырбек тарихта тұңғыш рет Конституцияны Гималайдағы Айленд-Пик шыңына алып шыққан болатын. Ал 2026 жылы ол осы патриоттық дәстүрді жалғастырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясын Памир шыңына көтерді.

Бұл бастама Қазақстанның халықаралық беделін нығайтуға, конституциялық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті және отансүйгіштік рухты дәріптеуге ықпал етеді.

——

Конституцию Республики Казахстан и казахскую домбру подняли на вершину Памира

Казахстанский альпинист, музыкант и артист Казахского национального музыкально-драматического театра имени Калибека Куанышбаева Алибек Кайырбек поднял действующую Конституцию Республики Казахстан и казахскую домбру на вершину Пик Раздельная (6148 метров) в Памире.

Восхождение состоялось в рамках международного культурно-патриотического проекта «Домбыра на вершинах мира», направленного на популяризацию Казахстана, его культуры, государственных символов и национальных ценностей на международной арене.

За годы реализации проекта Алибек Кайырбексовершил уникальные восхождения на высочайшие вершины Европы, Африки, Гималаев, Тянь-Шаня и Памира, где исполнял казахские кюи на домбре. Каждая экспедиция становится возможностью достойно представить Республику Казахстан, рассказать мировому сообществу о богатой истории, культуре, традициях и достижениях казахского народа.

На вершине Пика Раздельная Алибек Кайырбекисполнил казахские кюи на домбре, а также поднял действующую Конституцию Республики Казахстан. В ходе международных экспедиций он знакомит альпинистов из разных стран с историей Казахстана, его культурой, государственными символами и Основным Законом страны.

В 2025 году, в честь 30-летия Конституции Республики Казахстан, Алибек Кайырбек впервые в истории поднял Конституцию на вершину Айленд-Пик в Гималаях. В 2026 году он продолжил эту патриотическую традицию, подняв действующую Конституцию Республики Казахстан на вершину Памира.

Данная инициатива способствует укреплению международного имиджа Казахстана, популяризации конституционных ценностей, национальной культуры и патриотизма.

Жаңа Конституция отбасын дербес конституциялық құндылық ретінде бекітті – Конституциялық Соттың Төрағасы Қазақстан Респу...
29/07/2026

Жаңа Конституция отбасын дербес конституциялық құндылық ретінде бекітті – Конституциялық Соттың Төрағасы

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы отбасыны дербес конституциялық құндылық ретінде бекітіп, оны қорғаудың кепілдіктерін едәуір күшейткенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Астанада өткен «Отбасы саясаты мен гендерлік әділеттіліктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбындағы дөңгелек үстелді ашу барысында айтты.

Конституциялық Сот Төрағасының айтуынша, Ата Заңның 30-бабының конституциялық мәні оның сөзбе-сөз мазмұнынан әлдеқайда кең.

«Отбасы тек әлеуметтік қорғау объектісі ретінде ғана емес, сонымен қатар адамның қадір-қасиетіне, бостандығына, ерлі-зайыптылардың теңдігіне, отбасы мүшелерінің өзара жауапкершілігіне және ұрпақтар сабақтастығына негізделген дербес конституциялық құндылық ретінде бекітілген», – деп атап өтті Эльвира Азимова.

Ол сондай-ақ отбасын қорғау мен гендерлік әділеттілікті қамтамасыз ету бірін-бірі толықтыратын міндеттер екенін айтты.

«Гендерлік әділеттіліктің қазіргі заманғы түсінігі формалды теңдік шеңберінен әлдеқайда кең. Ол әйелдер мен ерлердің кәсіби қызметті, отбасылық міндеттерді және қоғамдық өмірге қатысуды ұштастыра отырып, өздерінің конституциялық құқықтарын тең дәрежеде жүзеге асыруына мүмкіндік беретін құқықтық әрі әлеуметтік жағдайларды қалыптастыруды көздейді», – деді Конституциялық Соттың Төрағасы.

Эльвира Азимова Конституциялық Соттың жаңа конституциялық өкілеттіктеріне де ерекше тоқталды. Оның айтуынша, жаңартылған Конституция Сот шешімдерінің құқықтық маңызын едәуір арттырды. Конституциялық Соттың шешімдері қабылданған күнінен бастап күшіне енеді, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады, түпкілікті саналады және шағым жасауға жатпайды.

Сонымен қатар, Ата Заң Конституциялық Сот берген конституциялық-құқықтық түсіндіруде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолданудың міндеттілігін бекітті. Сондай-ақ Конституциялық Сотқа халықаралық ұйымдар мен олардың органдары шешімдерінің орындалуының Конституцияға сәйкестігін қарау жөніндегі жаңа өкілеттік берілді. Эльвира Азимованың айтуынша, бұл өзгерістер Конституцияның үстемдігін нығайтуға, құқықтық айқындықты қамтамасыз етуге, сот практикасының біркелкілігін қалыптастыруға және адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын неғұрлым тиімді қорғауға бағытталған.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Конституциялық Соттың бірлесіп ұйымдастыруымен өтті.

Іс-шараға Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл Снежанна Имашева, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Жақып Асанов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, сондай-ақ сот жүйесінің, мемлекеттік органдардың, ғылыми және сарапшылық қоғамдастықтың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қатысушылар отбасы саясатының конституциялық-құқықтық негіздерін, отбасыны, ана мен әкені және баланы қорғаудың конституциялық кепілдіктерін іске асыру мәселелерін, теңдік пен кемсітушілікке жол бермеу қағидаттарын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымдарының құқық қолдану практикасының бірізділігін қалыптастырудағы маңызын талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар отбасы саясатын одан әрі дамыту жаңа конституциялық кепілдіктерді тиімді іске асыруға, отбасы институтын нығайтуға, жауапты ата-ананы қолдауға және гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталуға тиіс екенін атап өтті.

----

Новая Конституция закрепила семью как самостоятельную конституционную ценность - Председатель Конституционного Суда

Председатель Конституционного Суда Эльвира Азимова заявила, что вступившая в силу 1 июля 2026 года обновленная Конституция Республики Казахстан закрепила семью как самостоятельную конституционную ценность и существенно усилила гарантии ее защиты. Об этом она сообщила, открывая в Астане круглый стол «Конституционные гарантии семейной политики и гендерного равенства».

По словам Председателя Конституционного Суда, конституционный смысл статьи 30 Основного Закона значительно шире ее буквального содержания.

«Семья закрепляется не только как объект социальной защиты, но и как самостоятельная конституционная ценность, основанная на достоинстве личности, свободе, равенстве супругов, взаимной ответственности членов семьи и преемственности поколений», - подчеркнула Эльвира Азимова.

Она отметила, что защита семьи и обеспечение гендерной справедливости являются взаимодополняющими задачами.

«Современное понимание гендерной справедливости выходит за рамки формального равенства. Оно предполагает создание правовых и социальных условий, при которых женщины и мужчины могут в равной мере реализовывать свои конституционные права, сочетая профессиональную деятельность, семейные обязанности и участие в общественной жизни», - сказала Председатель Конституционного Суда.

Отдельное внимание Эльвира Азимова уделила новым конституционным полномочиям Конституционного Суда. По ее словам, обновленная Конституция существенно повысила значение решений Суда. Они вступают в силу со дня принятия, являются общеобязательными на всей территории страны, окончательными и не подлежат обжалованию.

Кроме того, Основной Закон закрепил обязательность применения законов в том конституционно-правовом истолковании, которое дает Конституционный Суд, а также наделил Суд новым полномочием - рассматривать вопросы соответствия Конституции исполнения решений международных организаций и их органов. Эти изменения, отметила Эльвира Азимова, направлены на укрепление верховенства Конституции, правовой определенности, единообразия судебной практики и более эффективную защиту конституционных прав и свобод человека.

Круглый стол был организован Национальной комиссией по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан совместно с Конституционным Судом. В обсуждении приняли участие Уполномоченный по вопросам семьи Снежанна Имашева, Уполномоченный по правам человека Артур Ластаев, председатель Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан Жакип Асанов, вице-министр культуры и информации Евгений Кочетов, а также представители судебной системы, государственных органов, научного и экспертного сообщества и общественных организаций.

Участники обсудили конституционно-правовые основы семейной политики, реализацию гарантий защиты семьи, материнства, отцовства и детства, обеспечение равенства и недискриминации, а также значение правовых позиций Конституционного Суда для формирования единообразной правоприменительной практики.

По итогам дискуссии участники подчеркнули, что дальнейшее развитие семейной политики должно быть направлено на эффективную реализацию новых конституционных гарантий, укрепление института семьи, поддержку ответственного родительства и обеспечение гендерного равенства.

Address

Мәңгілік ел даңғылы, 13
Алматы
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ҚР Конституциялық Соты / Конституционный Суд РК posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share