Finland in Kazakhstan

Finland in Kazakhstan Посольство Финляндии в социальной сети Facebook. Tervetuloa Suomen suurlähetystön Facebook-sivulle.

Аалто сәулет туындылары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді 🇫🇮ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитеті Аалто...
27/07/2026

Аалто сәулет туындылары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді 🇫🇮

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра комитеті Аалто сәулет туындыларын Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл нысанға Финляндияның әртүрлі өңірлерінде орналасқан Альвар, Айно және Элисса Аалтолар жобалаған 13 заманауи сәулет туындылары кіреді.

«Аалто сәулет туындыларының ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілуі фин заманауи сәулет өнерінің халықаралық деңгейде мойындалуының маңызды белгісі болып табылады. Бұл шешім Аалто әулетінің шығармашылығы, Финляндияның мәдени мұрасы және сәулет өнерінің шеберлігі туралы хабардарлықты арттырады. Болашақ ұрпаққа жеткізу үшін бірегей мұрамызды ұзақ мерзімді сақтауға міндеттейді. Сондай-ақ ынтымақтастық пен туризм үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл шешім Финляндия мен шетелден келген қонақтарды осы ерекше Аалто ғимараттарын тамашалауға ынталандырады деп үміттенемін», - Мари-Лина Талвитие, Финляндияның ғылым және мәдениет министрі.

Аалто сәулет туындыларының қосылуымен Финляндияда қазір сегіз Дүниежүзілік мұра нысаны бар. Оның жетеуі мәдени мұра нысандары болса, біреуі табиғи нысан.

/

Aalto Works series inscribed on the UNESCO World Heritage List 🇫🇮

The UNESCO World Heritage Committee has decided to inscribe the Aalto Works on the World Heritage List. The property comprises 13 modern architectural sites across Finland designed by Alvar, Aino and Elissa Aalto.

“The inscription of Aalto Works on the UNESCO World Heritage List is a significant international recognition of Finnish modern architecture. It raises awareness of the Aaltos’ work and Finland’s cultural heritage and expertise in architecture. At the same time, it commits us to safeguarding our cultural heritage in the long term so that we transmit this unique legacy to future generations. It also opens up new opportunities for cooperation and tourism. I hope it will encourage people from Finland and abroad alike to discover these exceptional Aalto sites,” says Mari-Leena Talvitie, Minister of Science and Culture.

With Aalto Works, Finland now has eight World Heritage sites. Of these, seven are cultural sites and one is a natural site.

23/07/2026

Финляндияның ана мен бала қорабын бірге ашайық! 📦🍼

1949 жылдан бері Финляндияның Әлеуметтік сақтандыру мекемесі (Kela) жүкті әйелдер мен бала асырап алған отбасыларға арнайы сәби жинағын (Baby Box) сыйға тартып келеді. Бұл жинақ Финляндиядағы ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі саналады. Оның мақсаты - елде дүниеге келген әрбір балаға өмірінің алғашқы кезеңінде қауіпсіз әрі тең мүмкіндік жасау.

Қораптың ішінде сәбидің алғашқы бір жылына қажетті заттар бар: киімдер, төсек-орын жабдықтары, гигиеналық құралдар және басқа да күнделікті қажетті дүниелер. Оны сәбидің алғашқы төсегі ретінде пайдалануға болады. 💤

***

Let’s unbox the Finnish Baby Box together! 📦🍼

Since 1949, Finland’s Social Insurance Institution (Kela) has gifted a maternity package to all expecting and adoptive parents. One of the best-known Finnish social innovations, the “baby box” helps ensure that all children born in Finland get a safe and equal start to their lives.

The package contains essential items for the child's first year, including clothing, bedding, and hygiene supplies. Once the items are removed, the box itself doubles as the baby’s first bed. 💤

Финляндия Алвар Аалтоның сәулет туындыларын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ұсынды ✨Ұсынылып отырған «Ааlto Wor...
14/07/2026

Финляндия Алвар Аалтоның сәулет туындыларын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ұсынды ✨

Ұсынылып отырған «Ааlto Works» жинағына әлемге әйгілі фин сәулетшісі Алвар Аалтоның заманауи әрі адамға жақын гуманистік сәулет стилін танытатын 13 нысан енген. Әр нысан оның бірегей шығармашылық көзқарасын көрсетеді. Суреттерді парақтап, осы сәулет жауһарларымен танысыңыздар. 👉🏼💙

🍀 Бұл нысандардың ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне ену-енбеуі жөніндегі шешім 2026 жылдың шілде айында қабылданады деп күтілуде. Ол кезде ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра комитеті Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында бас қосады.

/

Finland has nominated Alvar Aalto's architecture for UNESCO's World Heritage status ✨

The proposed “Aalto Works” collection consists of 13 sites representing Alvar Aalto’s modern, humanist architecture. Swipe through to discover the sites. 👉🏼💙

🍀 A decision on whether to include the sites on the UNESCO World Heritage List is expected in July 2026, when UNESCO’s World Heritage Committee meets in Busan, South Korea.

Alvar Aalto Foundation

Астана күні құтты болсын, Қазақстан! 🇰🇿 Бүгін біз Астана қаласының 28 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Happy Capital City ...
06/07/2026

Астана күні құтты болсын, Қазақстан! 🇰🇿 Бүгін біз Астана қаласының 28 жылдық мерейтойын атап өтеміз.

Happy Capital City Day, Kazakhstan! 🇰🇿 Today we celebrate the 28th birthday of the city of Astana.

Фин тілін бірге үйренейік! 🇫🇮 Күнделікті амандасу мен қоштасу тіркестерін көру үшін суретті жылжытыңыз 👋🏼Let’s learn Fin...
30/06/2026

Фин тілін бірге үйренейік! 🇫🇮 Күнделікті амандасу мен қоштасу тіркестерін көру үшін суретті жылжытыңыз 👋🏼

Let’s learn Finnish! 🇫🇮 Swipe through to discover common greetings and ways to say goodbye 👋🏼

Финляндияда жаз ортасы мерекесін «Юханнус» деп атайды. Финляндияның ең маңызды мейрамдарының бірі. Бұл - жазғы күн тоқыр...
18/06/2026

Финляндияда жаз ортасы мерекесін «Юханнус» деп атайды. Финляндияның ең маңызды мейрамдарының бірі. Бұл - жазғы күн тоқырауын атап өтетін мереке, әдетте финдер оны қала сыртындағы жазғы үйлерінде өткізеді. Осы күні саунаға түсіп, дәмді тағам пісіріп, отбасы және достармен бірге уақыт өткізеді. Күн өте ұзақ болады, тіпті толық батпайтындай көрінеді. 🌅

Финдердің жаз ортасы мерекесі қалай өтеді? Суреттерді қарап көріңіз 👉

❗Назар аударыңыз: Елшілік 19 маусым, жұма күні жабық болады.

***

Finnish Midsummer, also known as ‘Juhannus’, is among Finland’s main national holidays. It is the celebration of the summer solstice, typically spent at a summer cottage away from the city. On Midsummer, the sauna and grill stay warm as friends and families enjoy time together under a sun that barely sets. 🌅

What is a Finnish Midsummer made of? Take a peek by swiping through the pictures 👉

❗Please note that the Embassy will be closed on Midsummer Eve, Friday, 19 June.

Маусымның басында Елшілік QSI Astana мектебіндегі Халықаралық күнде фин мәдениетін таныстырды 🇫🇮Қонақтарға фин тағамдары...
17/06/2026

Маусымның басында Елшілік QSI Astana мектебіндегі Халықаралық күнде фин мәдениетін таныстырды 🇫🇮

Қонақтарға фин тағамдары ұсынылды: карел бәліштері (майға жұмыртқа қосылған қоспамен), тосап қосылған құймақтар және кремді ірімшік жағылған қытырлақ нан. Ең батыл келушілер ерекше дәмімен танымал, бәріне бірдей ұнай бермейтін тұзды лакрицті де татып көрді. Ал сіз байқап көрер ме едіңіз?

Финляндия стендіне келіп, бізге қолдау көрсеткен баршаңызға көп рахмет! 💙

At the beginning of June, the Embassy showcased Finnish culture at the International Day celebration at QSI Astana 🇫🇮 Finnish delicacies, including Karelian pies with egg butter, pancakes with jam, and finncrisps with cream cheese were on offer. The bravest ones also sampled Finnish salty liquorice, an iconic treat known to divide opinions. Would you try it?

Thank you to everyone that came to visit the Finland stand! 💙

🇰🇬 Last week, Ambassador Janne Heiskanen visited the Issyk-Kul region in Kyrgyzstan, where the Mannerheim photo exhibiti...
16/06/2026

🇰🇬 Last week, Ambassador Janne Heiskanen visited the Issyk-Kul region in Kyrgyzstan, where the Mannerheim photo exhibition reached its final stop at the Nomad Civilization Center named after Kurmanjan Datka. The exhibition, which features rare photographs from Mannerheim’s historic journey across Central Asia, has attracted strong interest among visitors. It concludes a series of presentations held in four locations across the country, allowing a wide audience to experience this unique collection.

Many thanks to the Honorary Consul of Finland in Kyrgyzstan, Anvar Prazdnikov, and Evgeniya Glazova for organizing the exhibitions. Special appreciation also goes to Aida Alymova, Director of the Kurmanjan Datka Nomad Civilization Center, for the warm welcome and excellent cooperation. The Nomad Museum

🇰🇬 На прошлой неделе Посол Янне Хейсканен посетил Иссык-Кульскую область Кыргызстана, где фотовыставка, посвящённая Маннергейму, завершила своё турне в Центре кочевой цивилизации имени Курманджан Датки. Экспозиция, включающая редкие снимки из исторического путешествия Маннергейма по Центральной Азии, вызвала большой интерес у посетителей. Выставка подвела итог серии презентаций в четырёх городах страны, открыв широкой публике доступ к этой уникальной коллекции.

Искренне благодарим Почётного консула Финляндии в Кыргызстане Анвара Праздникова и Евгению Глазову за организацию выставок. Отдельную благодарность выражаем Айде Алымовой, директору Центра кочевой цивилизации имени Курманджан Датки, за тёплый приём и плодотворное сотрудничество.

Жазда қандай кітап оқығанды ұнатасыз?📚 Жыл сайын фин авторларының көптеген кітаптары ағылшын тіліне аударылады. Бұл - фи...
12/06/2026

Жазда қандай кітап оқығанды ұнатасыз?📚 Жыл сайын фин авторларының көптеген кітаптары ағылшын тіліне аударылады. Бұл - фин халқының ойлау жүйесі мен дүниетанымын танудың тамаша жолы! Осы ұсыныстарды сақтап қойыңыз 😉

What's your favourite summer read? 📚 Many Finnish books are published in English every year. What a way to get to know the Finnish mindscape! Make sure to save these tips for later 😌

Дүниежүзілік қоршаған орта күні құтты болсын! 🌱 Табиғат – финдердің өмірінің ажырамас бөлігі. Сіз білесіз бе? Финляндияд...
05/06/2026

Дүниежүзілік қоршаған орта күні құтты болсын! 🌱 Табиғат – финдердің өмірінің ажырамас бөлігі. Сіз білесіз бе? Финляндияда «Әр адамның құқығы» деген ұғым бар. Соның арқасында кез келген адам орман кімге тиесілі болса да, еркін серуендеп, шатыр құрып демалып, саңырауқұлақ пен жидек тере алады. Осы идеядан шабыт алып, біз Сіздерге фин табиғатына қатысты бес сөзді танып-білуді ұсынамыз.

Болашақ ұрпақтың таза әрі дені сау планетада өмір сүруі үшін бәріміз бірге әрекет етуіміз қажет. Финляндия серіктестерімен бірге экожүйелерді қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және тұрақты дамуға бағытталған шешімдерді ілгерілету жолында бірлесіп еңбек етуде. 🇫🇮🤝🌍

***

Happy World Environment Day! 🌱 Nature is an important part of the Finnish way of life. Did you know that the Finnish concept of 'Every Person’s Right' allows everyone to hike, camp, and gather mushrooms and berries in any forest, regardless of who owns it? Inspired by this, we have selected five Finnish nature‑related words for you to explore.

It takes all of us to ensure that future generations can enjoy a healthy planet. Together with partners, Finland works to protect ecosystems, biodiversity, and promote sustainable solutions. 🇫🇮🤝🌏

Address

Astana Tower, 12 Samal Microdistrict
Akmola
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 12:00
13:00 - 17:00
Tuesday 09:00 - 12:00
13:00 - 17:00
Wednesday 09:00 - 12:00
13:00 - 17:00
Thursday 09:00 - 12:00
13:00 - 17:00
Friday 09:00 - 12:00
13:00 - 17:00

Telephone

+77172442121

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Finland in Kazakhstan posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Finland in Kazakhstan:

Shortcuts

Share