07/08/2026
№ 7 БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Астана қаласының қаржы нарығындағы ахуал туралы
2026 жылғы 7 тамыз Астана қаласы
1. Инфляция
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Астана қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің ресми мәліметі бойынша 2026 жылғы шілдедегі инфляция деңгейі өткен айға 0,6%-ды құрады. Азық - түлік тауарларының бағасы 0,3% өсті, азық-түлік емес тауарларының бағасы 0,5% және ақылы қызметтер 0,9%-ға өсті.
2. Валюта нарығы
2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша қаланың қолма - қол шетел валютасы нарығында 227 айырбастау пункті, оның ішінде банктердің - 131, ҚР Ұлттық Банкінің қолма - қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті ұйымдардың - 85, «Қазпочта» АҚ-11 айырбастау пункті жұмыс істеді.
3. Депозит нарығы
Резиденттердің екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерінің көлемі 2026 жылғы 1 шілдеде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 0,7%-ға өсті, 7348,7 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 0,8%-ға төмендеді 4124,2 млрд теңгені құрады, жеке тұлғалардың депозиттері 2,6%-ға 3224,5 млрд теңгеге дейін өсті.
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі 4,4% - ға өсті, 6035,1 млрд теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер көлемі 13,6% - ға азайды, 1313,6 млрд теңгені құрады. Тиісінше, ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 79,2%-дан 82,1%-ға дейін артты.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 4,7%-ға өсті, 3403,9 млрд теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 20,7%-ға төмендеді, 720,3 млрд теңгені құрады (заңды тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 17,5%-ы).
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 4,0%-ға өсті, 2631,2 млрд теңгені құрады, шетел валютасындағы депозиттер 3,0%-ға төмендеді, 593,3 млрд теңгені құрады (жеке тұлғалар депозиттерінің жалпы көлемінің 18,4%-ы).
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы тартылған мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 16,2%, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 14,7% құрады.
4. Кредит нарығы
Банктердің Астана қаласының экономикасын кредиттеу көлемі 2026 жылғы 1 шілдеде 9243,7 млрд теңгені құрады, бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 4,7%-ға көп. Заңды тұлғаларға берілетін кредиттер көлемі 8,0% - ға өсті, 4606,4 млрд теңгені құрады, жеке тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі 1,6%-ға өсті, 4637,3 млрд теңгені құрады.
Ұлттық валютадағы кредиттер 3,3%-ға 6933,2 млрд теңгеге дейін өсті. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 7,1%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 1,6%-ға өсті.
Шетел валютасындағы кредиттер 8,9% – ға 2310,5 млрд теңгеге дейін өсті, оның ішінде заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 8,9%-ға, жеке тұлғаларға берілетін кредиттер 2,0% - ға өсті. Теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 76,0% - дан 75,0% - ға дейін азайды.
Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі 3,7% – ға 8144,7 млрд теңгеге дейін өсті, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 12,0% - ға 1098,9 млрд теңгеге дейін өсті.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерді кредиттеу 12,9%-ға 1517,8 млрд теңгеге дейін өсті (экономикадағы кредиттердің жалпы көлемінің 16,4%).
2026 жылғы шілдеде банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 19,8%, жеке тұлғаларға берілген 20,9% құрады.