10/08/2026
Абай мұрасы – ұлттың рухани қазынасы! 🇰🇿📖
2026 жылғы 5 тамызда Қабиболла Сыдықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасында ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына орай «Абай мұрасы – ұлт қазынасы» тақырыбында интеллектуалды квиз ұйымдастырылды.
Зияткерлік сайысқа Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінен құралған команда да белсене қатысты.
Квиз барысында қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығы, қара сөздері, поэзиясы, қазақ әдебиеті мен мәдениеті, ұлттық құндылықтар және логикалық тапсырмалар бойынша өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды.
🥉 Сайыс қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлерінен құралған команда жүлделі ІІІ орынды иеленді!
Бұл нәтиже – білімге деген құштарлықтың, ұйымшылдықтың және командалық рухтың жарқын көрінісі.
Департамент қызметкерлерін лайықты жүлдесімен құттықтаймыз!
Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген тағылымды сөзі әрқайсымызға білім мен ізденістің маңызын ұмытпауға жол көрсетсін.