04/09/2026
Сот төрелігіндегі мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері талқыланды
🔹Маңғыстау облыстық сотында «Сот төрелігіндегі мемлекеттік тілдің мәртебесі, қолданылуы және болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
🔹Дөңгелек үстелге алқа судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, мемлекеттік органдардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
🔹Жиынды Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Г.Бақытжанова жүргізіп, мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі маңызына тоқталды.
🔹Іс-шара барысында Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Г.Күшекбаева «Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі рөлі» тақырыбында баяндама жасады.
🔹Сонымен қатар Ақтау қаласы әкімінің аппараты Мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ә.Аншыбаев «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік басқару тілі» тақырыбында сөз сөйлеп, Ақтау қаласы әкімдігінде құжат айналымында қазақ тілінің қолданылу деңгейіне тоқталды.
🔹Маңғыстау облысы прокуратурасының көмекшісі М.Ботабеков «Мемлекеттік тіл – заңдылық пен құқықтық тәртіптің тілі» тақырыбында баяндама жасап, құқық қорғау саласында мемлекеттік тілді қолданудың маңызын атап өтті.
🔹Дөңгелек үстел соңында қатысушылар мемлекеттік тілдің сот төрелігін жүзеге асырудағы рөлін арттыру, сот саласындағы құжат айналымында қазақ тілін кеңінен қолдану және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейту мәселелері бойынша пікір алмасты.
Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі
https://t.me/Jogargy_sot
Обсуждены вопросы применения государственного языка в судопроизводстве
🔹В Мангистауском областном суде состоялся круглый стол на тему «Статус, применение и перспективы развития государственного языка в судопроизводстве».
🔹В круглом столе приняли участие судьи судебной коллегии, председатели и судьи районных и приравненных к ним судов, представители государственных органов и негосударственных организаций.
🔹Модератором мероприятия выступил председатель судебной коллегии по гражданским делам Г.Бакытжанова, отметив важность государственного языка в судебной системе.
🔹В ходе мероприятия судья специализированного межрайонного экономического суда Мангистауской области Г.Куше