Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktau
  • Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы

Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ресми парақшасы

13/08/2026

🎥 Маңғыстауда «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық волонтерлік апталығы қорытындыланды

Маңғыстауда «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық волонтерлік апталығы қорытындыландыМаңғыстау облысында 6-12 там...
13/08/2026

Маңғыстауда «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық волонтерлік апталығы қорытындыланды

Маңғыстау облысында 6-12 тамыз аралығында өткен «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық волонтерлік апталығы өз мәресіне жетті. Апталықтың салтанатты жабылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Каспий маңы елдері мен көршілес мемлекеттерден келген делегациялар, халықаралық және отандық сарапшылар, экологтар, волонтерлік ұйымдардың өкілдері, жастар көшбасшылары мен белсенді азаматтар қатысты.

Халықаралық волонтерлік апталыққа Қазақстанмен қатар Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Иран, Түрікменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстан өкілдері қатысты. Сегіз мемлекеттің өкілдері Каспий теңізінің экожүйесін сақтау, қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыру және өңірлік ынтымақтастықты нығайту мақсатында бір алаңда бас қосты.

Жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай апталықтың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға алғысын білдірді.

– Осы бірнеше күн ішінде Маңғыстау халықаралық ынтымақтастықтың, волонтерлік қозғалыстың және экологиялық жауапкершіліктің маңызды орталығына айналды. Осындай ауқымды халықаралық апталықты өткізу – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың волонтерлік қозғалысты дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бастамасының жалғасы. Каспий – бізді біріктіретін ортақ құндылық. Бұл апта жаңа халықаралық жобалар мен бірлескен шешімдердің бастауына айналады деп сенемін. Ресми бағдарлама аяқталғанымен, осында қалыптасқан достық, серіктестік пен өзара сенім одан әрі жалғасын табады. Каспийдің болашағы бүгінгі шешімдеріміз бен бірлескен іс-қимылымызға байланысты. Оны келер ұрпақ үшін бірге сақтап қала алатынымызға сенімдімін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Апталық аясында «Бір Каспий - бір болашақ» сараптамалық сессиясы, «Caspian Clean Challenge» халықаралық экологиялық марафоны, «Достық аллеясының» ашылуы және «Caspian Hackathon» халықаралық хакатоны ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Каспий маңы елдерінің өкілдері мен халықаралық волонтерлердің қатысуымен экологиялық, мәдени-танымдық және жастарға бағытталған бірқатар іс-шара өтті.

Апталықтың маңызды шараларының бірі - «Caspian Hackathon» халықаралық хакатоны болды. Жабылу салтанатында хакатон қорытындыланып, үздік жобалардың авторлары мен жеңімпаздары марапатталды.

Сондай-ақ, іс-шарада алғаш рет «VOLUNTEERS OF THE WORLD» атты еріктілердің жаңа халықаралық әнұраны жарық көрді.

Ақтауда «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтеді12 тамыз күні Ақтау қалас...
12/08/2026

Ақтауда «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтеді

12 тамыз күні Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық апталығының салтанатты жабылу рәсімі өтеді.

Бір апта бойы Ақтау қаласында Каспий теңізінің бүгіні мен болашағына арналған халықаралық кездесулер, экологиялық акциялар, ғылыми пікір алмасулар, жастар мен волонтерлерге арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.

Апталықтың негізгі іс-шараларына Маңғыстау өңірінен 100 волонтер белсенді атсалысып, іс-шараларды ұйымдастыруға өз үлестерін қосты.

Салтанатты жабылу рәсімі барысында апталықтың қорытындысы шығарылып, белсенді қатысушылар мен волонтерлердің еңбегі атап өтіледі. Осы маңызды бастаманың қорытынды кешіне қолдау білдіруге ниетті жергілікті еріктілерді салтанатты жабылу рәсіміне шақырамыз.

Уақыты: 10:00
Өтетін орны: «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі

Ақтауда Халықаралық жастар күніне орай «Жастармен бірге» OPEN AIR концерті өтедіАқтау қаласында 12 тамыз - Халықаралық ж...
11/08/2026

Ақтауда Халықаралық жастар күніне орай «Жастармен бірге» OPEN AIR концерті өтеді

Ақтау қаласында 12 тамыз - Халықаралық жастар күніне орай «Жастармен бірге» OPEN AIR атты жастарға арналған ауқымды музыкалық кеш ұйымдастырылады.

Ашық аспан астындағы кеште заманауи музыка өкілдері өнер көрсетіп, көрермендерге арнайы концерттік бағдарлама ұсынылады. Кештің хедлайнерлері - танымал орындаушылар BAYANSULU және IL’HAN IHSAN.

Іс-шараның басты мақсаты - Халықаралық жастар күнін мазмұнды атап өту, жастардың мәдени және шығармашылық белсенділігін қолдау, сондай-ақ қала жастарының еркін форматта бас қосуына мүмкіндік жасау.

📅 Күні: 12 тамыз
⏰ Басталуы: 20:00
📍 Өтетін орны: Ақтау қаласы, Амфитеатр алаңы

📸 Ақтауда халықаралық волонтерлер мен сарапшылардың қатысуымен TED форматындағы ашық микрофон өтті
11/08/2026

📸 Ақтауда халықаралық волонтерлер мен сарапшылардың қатысуымен TED форматындағы ашық микрофон өтті

11/08/2026

Ақтауда Каспий теңізінің экологиялық мәселелеріне арналған «Caspian Hackathon» I халықаралық хакатоны өтуде

Ақтау қаласында «Caspian Sea Action Week-2026» халықаралық волонтерлер апталығы аясында «Caspian Hackathon» I халықаралық хакатоны басталды. Халықаралық деңгейдегі іс-шараның негізгі мақсаты - Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған заманауи цифрлық және технологиялық жобаларды әзірлеу, жастардың инновациялық әлеуетін қолдау және Каспий маңы мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Хакатонға қатысуға 80 командадан өтінім түсіп, 200-ге жуық жас қамтылды. Техникалық іріктеу нәтижесінде ең үздік 30 команда финалдық кезеңге жолдама алды.

Финалға өткен командалар Каспий теңізінің экологиялық ахуалына қатысты өздерінің технологиялық шешімдерін сарапшылардан құралған қазылар алқасының алдында қорғайды. Қазылар құрамына технология, киберқауіпсіздік, деректерді басқару, стартаптар, бизнес және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларының мамандары енген.

Әр командаға өз жобасын таныстыруға 5 минут, ал қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруге 3 минут беріледі.

Хакатонның практикалық кезеңінде қатысушылар тәжірибелі менторлардан кеңес алып, жобаларының тұжырымдамасын жетілдіріп, техникалық шешімдерін пысықтауда. Менторлық қолдау командаларға идеяларын нақты жобаға айналдырып, оны финалдық қорғауға сапалы дайындауға мүмкіндік береді.

«Caspian Hackathon» аясында ұсынылатын жобалар цифрлық технологияларды, деректерді талдауды және инновациялық тәсілдерді пайдалана отырып, Каспий теңізінің экологиялық мәселелеріне жаңа шешімдер ұсынуға бағытталған.

Айта кетейік, 6-12 тамыз аралығында Маңғыстау облысында «Caspian Sea Action Week-2026» халықаралық волонтерлер апталығы өтуде. Ауқымды іс-шараға Қазақстаннан бөлек, Әзербайжан, Ресей Федерациясы, Иран және Түрікменстаннан, сондай-ақ бауырлас Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген волонтерлер қатысуда.

Маңғыстауда халықаралық волонтерлер Абай Құнанбайұлының рухына тағзым еттіМаңғыстау облысында 10 тамыз - Абай күніне ора...
10/08/2026

Маңғыстауда халықаралық волонтерлер Абай Құнанбайұлының рухына тағзым етті

Маңғыстау облысында 10 тамыз - Абай күніне орай ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

Тағылымды іс-шараға Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов, ардагерлер, қоғам өкілдері, жастар, өңір тұрғындары мен қонақтары қатысты. Биылғы рәсімге «Caspian Sea Action Week - 2026» халықаралық волонтерлік апталығына қатысу үшін Маңғыстауға сегіз елден келген шетелдік волонтерлер де арнайы атсалысты.

Қатысушылар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қазақ халқының рухани-мәдени тарихында айрықша орны бар ұлы тұлғаның мұрасына құрмет көрсетті.

Абай рухына тағзым ету рәсіміне сегіз елден келген халықаралық волонтерлердің қатысуы іс-шараның мазмұнын кеңейте түсті. Каспий маңы елдері мен халықаралық волонтерлік қозғалыс өкілдерінің басын қосқан «Caspian Sea Action Week - 2026» аясында Маңғыстауға келген шетелдік жастар қазақтың ұлы ойшылының мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Бұл ретте Абайдың білімге ұмтылу, еңбекқорлық, жауапкершілік, өзара құрмет пен ізгілік туралы ойларының ұлттық шеңбермен шектелмейтіні айқын аңғарылды. Ұлы ақынның адамзатқа ортақ құндылықтарды дәріптеген мұрасы түрлі елдерден келген жастарды біріктірген рухани көпірге айналды.

09/08/2026

🎥«Caspian Clean Challenge»: Әзербайжан еріктілері Каспий жағалауын тазартуға бір мезетте атсалысты

Address

Aktau
130000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share