Ақтау қаласының әкімдігі

Ақтау қаласының әкімдігі Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пресс-служба акимата города Актау

05/09/2026

🌙✨ Түнгі шамдармен өрнектелген Ақтау… 🌃💫

🎥: Zhamalov Mukhammedzhan

05/09/2026

Маңғыстау облысының әкімі жаңа стадион құрылысының барысымен танысты

Бүгін, 5 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласында салынып жатқан жаңа көпфункционалды стадиондағы құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуымен, атқарылған жұмыстардың көлемімен және құрылыс қарқынымен танысты.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында қазаншұңқыр қазу бойынша жер жұмыстары, аумақты ұйымдастыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысанға қажетті арнайы техника жұмылдырылған. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес атқарылып жатыр.

«Бүгінде нысанда маңызды дайындық кезеңі жүріп жатыр. Жер жұмыстары атқарылып, құрылыс алаңы қалыптастырылуда. Алғашқы кезеңнен бастап қажетті қарқын мен сапаны қамтамасыз етіп, жұмыс кестесін сақтау маңызды. Бұл стадион Ақтау қаласы мен жалпы өңір үшін маңызды нысанға айналады. Сондықтан құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуге тиіс», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

05/09/2026

Ақтауда 20 сарбаз ел шебін күзетуге аттанды

Бүгін, 5 қыркүйек күні Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде күзгі әскерге шақыру науқаны аясында алғашқы 20 сарбаз Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге аттанды.

Іс-шара барысында әскери қызметке аттанған сарбаздарға ақжолтай тілектер айтылып, Отан алдындағы азаматтық борышты өтеудің маңыздылығы мен әскери қызметтің жауапкершілігі атап өтілді.

Жалпы, күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Маңғыстау облысынан шекара қызметіне – 100, Қарулы күштер қатарына – 380, Ұлттық ұланға – 240 және Мемлекеттік күзет қызметіне 9 азаматты жөнелту жоспарланған. Жалпы саны – 729 сарбаз.

Бүгін олардың алғашқы легі Маңғыстау облысы бойынша шекара қызметінің бірінші дивизионында әскери қызметін өтеуге аттанды.

– Сарбаздарға Отан алдындағы борышын адал атқарып, әскери міндеттерін абыроймен орындап, елге аман-есен оралуына тілектеспін, – деді Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, әскерге шақыру басқармасының бастығы, полковник Бейімбет Құлия.

Іс-шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақтауда жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері талқыландыАқтауда қала әкімінің орынбасар...
04/09/2026

Ақтауда жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері талқыланды

Ақтауда қала әкімінің орынбасары Ерғали Скендировтың төрағалығымен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және ақпараттық жүйе арқылы өтінімдерді қарау мәселелеріне арналған жиын өтті.

Жиынға Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласы әкімдіктерінің, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты.

Отырыс барысында «Республикалық маңызы бар қала, Астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу» және «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін «АРМ ЕГКН» ақпараттық жүйесі арқылы көрсету барысы қаралды.

Кездесу барысында аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын өзекті және проблемалық мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар ақпараттық жүйенің жұмысында орын алып отырған бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, тиісті ұсыныстарын білдірді.

– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес сапалы әрі белгіленген мерзімдерде көрсетілуі тиіс. Азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау және қабылданатын шешімдердің заңдылығын қамтамасыз ету маңызды, – деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Скендиров.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға келіп түскен өтінімдерді белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарау, сондай-ақ анықталған мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

04/09/2026

«Таза Қазақстан»: Ақтаудың 39 және 40-шағын аудандарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Ақтау қаласының 39 және 40-шағын аудандары аумағында санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған жұмыстарға мердігер мекеме тарапынан 100-ге жуық коммуналдық қызметкер жұмылдырылып, 5 арнайы техника тартылды.

– Қала тазалығы – баршаға ортақ міндет. Тұрғындарды қоқысты белгіленген орындарға тастап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға шақырамыз, – деді Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Жантілек Асхатов.

Жүргізілген санитарлық тазалық жұмыстарының нәтижесінде аумақтан 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыруға бақылау күшейтіледіБүгін, 4 қыркүйекте Ақтау қаласында 2026 жылғы көкте...
04/09/2026

Маңғыстауда күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыруға бақылау күшейтіледі

Бүгін, 4 қыркүйекте Ақтау қаласында 2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруға дайындық мәселелері бойынша кеңес өтті.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары, облыстық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Асхат Ораловтың төрағалығымен өткен жиынға Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қала мен аудан әкімдіктерінің жауапты мамандары қатысты.

Кеңесте көктемгі әскерге шақыру науқанының қорытындысы қаралып, күзгі науқанды ұйымдастыруға қатысты басым міндеттер айқындалды. Атап айтқанда, медициналық куәландырудан өткізу, заңнама талаптарын сақтау, әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге уақытылы жеткізу және жөнелту мәселелеріне назар аударылды.

«Мерзімді әскери қызметке шақыру – тәртіпті, нақтылықты және жоғары жауапкершілікті талап ететін маңызды мемлекеттік міндет. Бұл мәселеге формалды көзқарас танытуға жол берілмейді. Қабылданатын шешімдердің объективтілігін, заң талаптары мен әскерге шақырылушылардың заңды құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуіміз қажет. Барлық жауапты органдардың үйлесімді жұмысы қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуына тікелей байланысты. Соңғы нәтижеге әр басшы жеке жауапты», – деді Асхат Оралов.

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Маңғыстау облысынан 809 азаматты мерзімді әскери қызметке жіберу жоспарланып отыр.

Белгіленген жоспарды орындау үшін әскерге шақыру комиссиялары, қорғаныс істері жөніндегі органдар, құқық қорғау органдары мен әкімдіктердің өзара үйлесімді жұмысы қамтамасыз етілуге тиіс. Әскерге шақырылушыларды уақытылы жеткізу, шақырудан жалтарып жүрген азаматтармен жұмыс жүргізу және науқанның барлық кезеңінде заңнама талаптарының сақталуы басты назарда болады.

Кеңес қорытындысы бойынша күзгі әскерге шақыруды ұйымдастыруға қатысты нақты міндеттер белгіленді. Науқанның барысы, белгіленген жоспардың орындалуы және заңнама талаптарының сақталуы облыстық әскерге шақыру комиссиясының тұрақты бақылауына алынды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Дейін-кейін: Ақтауда трансформаторлық қосалқы станцияның келбеті жаңарды
03/09/2026

Дейін-кейін: Ақтауда трансформаторлық қосалқы станцияның келбеті жаңарды

03/09/2026

Ақтауда трансформаторлық қосалқы станциялардың сыртқы келбеті жаңартылуда

Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес, шаһардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында қала аумағында орналасқан трансформаторлық қосалқы станциялардың сыртқы қасбеттерін жаңарту жұмыстары қолға алынды.

Қыркүйек айының соңына дейін 10 қосалқы станцияның қабырғаларына муралдар салу жоспарлануда. Алдағы уақытта жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып, ай сайын 10 нысаннан жаңартылмақ. Осылайша, жыл соңына дейін жалпы 40 нысанның қасбетін жаңарту көзделіп отыр.

– Жобаның негізгі мақсаты – қала инфрақұрылымының эстетикалық көрінісін жақсарту, қоғамдық кеңістіктерді көріктендіру және Ақтау қаласының заманауи әрі тартымды бейнесін қалыптастыру. Бұл бастама қаланың сәулеттік келбетін жаңа мазмұнмен толықтыруға бағытталған, – деді Ақтау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Әсет Баспаев.

Алдағы уақытта аталған жұмыстар кезең-кезеңімен қала аумағындағы өзге де нысандарда жалғасын табады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

03/09/2026

Ақтауда жаңа бағдаршамдар орнату жұмыстары жалғасуда

Ақтау қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қала аумағындағы бірқатар автомобиль жолдарының қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдеріне жаңа бағдаршамдар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, 30, 33, 16 және 19-шағын аудандар аралығына, сондай-ақ «Ақжелкен» тұрғын массиві мен жағажай жолының аралығына және «Ақтау» мен «Астана» ойын-сауық орталықтарының алдында жаяу жүргіншілерге арналған жаңа бағдаршамдар орнатылды.

– Аталған жұмыстар қала аумағындағы тоғыз автомобиль жолы қиылысында жүргізіледі. Алдағы уақытта да жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жалғасын табады, – деді Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Айбек Тойлыбайұлы.

Қала аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында «Батыл Тойтарыс - 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді2026 жылғы 15–30 қыркүй...
03/09/2026

Маңғыстау облысында «Батыл Тойтарыс - 2026» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді

2026 жылғы 15–30 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Ақтау гарнизонының әскери бөлімдері мен бөлімшелері «Батыл Тойтарыс – 2026»стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізеді.

Оқу-жаттығу барысында Маңғыстау облысының жекелеген жағалау учаскелерінде және Каспий теңізінің қазақстандық секторында жауынгерлік даярлық бойынша бірқатар практикалық іс-шаралар орындалады.

Осыған байланысты Маңғыстау облысының тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды, қауіпсіздік талаптарын сақтауды және практикалық іс-шаралар өткізілетін аудандарға бармауды сұраймыз.

Өткізілетін іс-шаралар жоспарлы сипатқа ие және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік даярлығын арттыруға бағытталған.

Address

Маңғыстау облысы, Ақтау, 4 ықш. аудан, 72
Aktau
130000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ақтау қаласының әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share