Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

  • Home
  • Kazakhstan
  • Aktobe
  • Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті, Government Organization, проспект Абилкайыр-хана, 40, Aktobe.

🖥️«E-qyzmet»- мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі туралы инфографика
20/08/2026

🖥️«E-qyzmet»- мемлекеттік қызметке іріктеудің онлайн жүйесі туралы инфографика

20/08/2026

⚜️ Департамент өкілдері Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
📍 Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың негізгі жаңашылдықтары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысын болдырмау және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне назар аударылды. Мемлекеттік қызмет бойынша қызметтік әдеп талаптары, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби келбеті мен іскерлік киім үлгісі, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
📍 Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, пікір алмасу өтті.

🎓Үздік түлек конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалды!⚜️Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қ...
20/08/2026

🎓Үздік түлек конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалды!

⚜️Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.

✅Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.

✅Осы ретте, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша 2026 жылы орташа 3,43 GPA мәнімен аяқтаған Сегізбай Назым Дауренқызы уәкілетті органның келісімі бойынша Мұғалжар ауданы, Құмжарған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

👏🏼Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!

19/08/2026

🛡️ Әскери бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті

🔰 ҚР Ұлттық ұланының 6655 әскери бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналған түсіндіру кездесуі өтті.

👥 Кездесуге Департамент басшысының орынбасары Руслан Мажитов пен Ақтөбе гарнизоны прокуратурасының өкілдері қатысып, әскери бөлімнің басшылық құрамы мен қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтарды түсіндірді.

⚖️ Атап айтқанда, әскери саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын реттеу, заң талаптарын сақтау және қызметтік міндеттерді адал орындау мәселелеріне назар аударылды.

🤝 Сонымен қатар, әскери ортада сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, әскери және қызметтік әдеп нормаларын сақтау, адалдықты нығайту мәселелері талқыланды.

💬 Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, өзара пікір алмасу өтті.

#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#МҚІА

🎓Үздік түлек конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалды!⚜️Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қ...
19/08/2026

🎓Үздік түлек конкурстық іріктеусіз тікелей тағайындалды!

⚜️Мемлекеттік қызметке түсуді жеңілдету мақсатында мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына енгізілген жаңашылдықтардың бірі – жоғары оқу орындарын орташа 3,33 GPA мәнімен аяқтаған түлектердің аудан мен ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстан өтпей уәкілетті органның келісімі негізінде тағайындала алуы болып табылады.
✅Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке тарту, өңірлердегі кадр тапшылығын шешу үшін қабылданған норма.
✅Осы ретте, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетін «Қазақ филологиясы» мамандығы бойынша 2026 жылы орташа 3,4 GPA мәнімен аяқтаған Аманқосқызы Ализа уәкілетті органның келісімі бойынша Ырғыз ауданы, Қызылжар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы лауазымына конкурстық іріктеусіз тағайындалды.

👏🏻Мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманға ел игілігі жолындағы қызметіне сәттілік пен табыс тілейміз!

🏥 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар түсіндірілді🔹 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәд...
19/08/2026

🏥 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар түсіндірілді

🔹 Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Департаменттің бас маманы Б. Мамытханов Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

📚 Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарға тоқталып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын реттеу және заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

💬 Іс-шара соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі толық жауаптар алды.

#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#сыбайласжемқорлыққақарсы
#мемлекеттікқызмет

18/08/2026

🔶 Департаменттің бас маманы Б. Мамытханов Ақтөбе гарнизоны прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, Мұғалжар ауданы Жем қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің 30238 әскери бөлімінің басшылық құрамымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді.
🔶Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын реттеу және заң талаптарын сақтау жөнінде ақпарат берілді.
🔶Сонымен қатар, қызметте офицерлер мен ұйым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мүлдем төзбеушілік және қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланып, әскери және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мен адалдықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
🔶Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, еркін пікір алмасу өтті.
#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#МҚІА

17/08/2026

🛡️ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар

🔹 Департаменттің бас маманы А. Токбасова «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Ақтөбе қалалық тіркеу және жер кадастры бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

📢 Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы жаңашылдықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын реттеу және комплаенс қызметі бойынша ақпарат берілді.

⚖️ Сонымен қатар, қызметшілердің кәсіби әдебі мен жауапкершілігін арттыру, заңдылық, ашықтық және адалдық қағидаттарын сақтау мәселелері қозғалды.

💬 Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, заңнамадағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

#мемлекеттікқызмет
#госслужба
#АДГС
#сыбайласжемқорлыққақарсы
#мемлекеттікқызмет

14/08/2026

🏥 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар

Департаменттің бас маманы Б. Мамытханов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық насихат тобының мүшесі Е. Тағанов №2 қалалық емханасының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу өткізді.

🔶 Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылдықтар, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мүдделер қақтығысын реттеу және заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

🔶 Кездесу соңында қатысушылардың сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, заңнамадағы өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

14/08/2026

⚜️«Жастар. Жігер. Болашақ»атты жастарға арналаған бос жұмыс орындары жәрменкесі өтті.

✅«Keruen City» сауда ойын-сауық кешенінде Ақтөбе қаласының Мансап орталығымен Жастар күніне орай бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, Департамент өкілдерімен жастар арасында мемлекеттік қызмет саласында орын алған өзгерістер туралы, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіру және шығу тетіктерінің жаңа механизмдері, мемлекеттік қызметке кіру талаптары, мемлекеттік органдардағы бос лауазымдар, конкурстық іріктеулерге қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

📌Бұл жәрмеңкенің маңыздылығы - жастармен, оның ішінде биыл оқуын аяқтаған түлектердің жұмыс берушілермен тікелей қарым-қатынас орнатып, әңгімелесу арқылы жұмысқа орналастыру және мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі туралы ақпаратты көпшілікке жеткізу.

Address

проспект Абилкайыр-хана, 40
Aktobe

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті:

Shortcuts

Share