Ақтөбе соттары

Ақтөбе соттары Ақтөбе облысы соттарының ресми парақшасы
Официальная

03/09/2026

▪️Темір аудандық сотымен елімізде атап өтілетін Қазақ халқының тілдері күні мерекесі мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұлы тұлғаның рухына тағзым етіп, өнегелі шығармаларын дәріптеу мақсатында бейнеролик әзірленді.

▪️Осы орайда, Темір аудандық сотының ұжымы ұлт ұстазының өнегелі өлеңдерінен үзінді оқып, оның асыл мұрасын насихаттауға өз үлесін қосады.

🖊️Темір аудандық сотының баспасөз қызметі

03/09/2026

▪️Ойыл аудандық сотында аудандық орталық кітапханасымен бірігіп қазақ халқының ұлы ағартушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсынұлының тарихи және ғылыми мұрасына арналған «Тілдің темір қазығы-Ахмет» атты іс-шара өтті.
▪️Іс-шараның басты мақсаты – Алаш арысының қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымына қосқан үлесін, оның реформаторлық еңбектерін жас ұрпаққа таныту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
▪️Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ әліпбиінің «Төте жазу» негізін салушы, тұңғыш оқулықтардың авторы және ұлттық баспасөздің көшбасшысы.
▪️Іс-шара барысында кітапхана ұжымы ғалымның өмірбаяны туралы баяндама жасап, ғалымның шығармаларына, сонымен қатар ғалым туралы жазған жергілікті жазушы Рабиға Сыздыкованың шығармасына және тіл мәселесіне қатысты шығармаларға көрме ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
▪️Судья Г.Абиева, бас маман Е.Алтыбаев және аға сот приставы Ж.Майжанов Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқыды.

🖊️Ойыл аудандық сотының баспасөз қызметі

03/09/2026

▪️Байғанин аудандық сотының ұжымы Байғанин аудандық орталықтандырылған кітапханасында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған танымдық сағатқа қатысты.
▪️Іс-шара барысында ұлт ұстазының ағартушылық қызметі, қазақ тіл білімі мен ұлттық жазудың қалыптасуына қосқан зор үлесі, сондай-ақ оның ғылыми және рухани мұрасының маңызы туралы тағылымды мәліметтер айтылды.
▪️Қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған тест сұрақтарына жауап беріп, ұлт ұстазының мұрасына қайта үңілу арқылы оның қазақ тілі мен руханиятының дамуындағы тарихи орнын тереңірек тануға мүмкіндік берді.
▪️Іс-шара барысында қатысушылар тақырып аясында пікір алмасып, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын танып-білу – өткенді зерделеумен қатар, ана тіліне деген құрметті арттырып, ұлттық құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызды жолы екенін атап өтті.
▪️Мемлекеттік тілді дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ұлт зиялыларының мұрасын таныту бағытындағы тағылымдық бастамаларға соттар да белсенді атсалысып келеді.

🖊️Байғанин аудандық сотының баспасөз қызметі

03/09/2026

⚖️Ойыл аудандық сотының төрағасы полиция қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

▪️Ойыл аудандық сотының төрағасы С.Танимова аудандық прокуратура және полиция бөлімінің қызметкерлерімен кездесу өткізді.

▪️Кездесу барысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сотқа жолдау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру тәртібі, сондай-ақ сот тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

▪️Іс-шараның негізгі мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді сапалы әрі уақтылы рәсімдеу, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және құқық қорғау органдары мен сот арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру.

▪️Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, практикалық мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

🖊️Ойыл аудандық сотының баспасөз қызметі

▪️Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотымен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектеп кітапханасында оқушылардың қатыс...
02/09/2026

▪️Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотымен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай мектеп кітапханасында оқушылардың қатысуымен «Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында тағылымды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
▪️Іс-шара барысында оқушылар ұлт зиялысының өмірі мен шығармашылығы, қазақ әліпбиі мен тіл біліміне қосқан өлшеусіз үлесі, ағартушылық қызметі туралы ой бөлісті. Ақынның өлеңдері мен қанатты сөздерінен үзінділер оқылып, ұлт руханиятындағы ерекше орны кеңінен сөз болды. Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай өңірінде дүниеге келген. Ол – қазақ тіл білімінің негізін қалаған ғалым, ұлттың алғашқы әліпбиін жасап, оқу-ағарту ісінің дамуына зор үлес қосқан тұлға. Оның «Қырық мысал», «Маса» сияқты еңбектері қазақ әдебиеті мен ұлттық ой-сана тарихында ерекше орын алады.
▪️Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының білім мен ғылымға, мәдениет пен руханиятқа жол ашқан ұлы тұлғасы, ұлт ұстазы.

🖊️Қарғалы аудандық сотының баспасөз қызметі

▪️Ақтөбе қаласының №2 сотымен алаяқтық жасады деген айыппен сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 190-баб...
02/09/2026

▪️Ақтөбе қаласының №2 сотымен алаяқтық жасады деген айыппен сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағы)

▪️Қысқаша фабула
Сотталушы Д. өзінің жалға беретін үй, пәтерді жалға беру ешқандай мүмкіндігі жоқ екенін анық біле тұра, «Krisha.kz» қосымшасы арқылы жалға пәтер беремін деген мағынада жарнама қалдырған. Жарнама арқылы жазған жәбірленушілерге пәтерді жалға беретіні туралы жалған айтып, пәтер үшін ақы алып, ақшалай қаражатты өз қажеттіліктері үшін жұмсаған.
Осылайша 29 жәбірленушіге 1 136 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірді.

▪️Сотталушының ұстанымы
Сот отырысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.

▪️Дәлелдемелер
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің және куәнің жауаптарымен, ақша аударымдары туралы түбіртектерімен, сондай-ақ іс материалдарына тіркелген басқа да дәлелдемелер жиынтығымен толық дәлелденді.

▪️Тағайындалған жаза
Сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жәйлар ретінде, сот, сотталушының жасаған қылмыстық іс - әрекетіне шын жүректен өкінуін, кінәсін толық мойындағанын таныды. Сотталушының қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән – жайлар сотпен анықталған жоқ.

▪️Сот үкімімен сотталушы Д- ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен «Рақымшылық жасау туралы» Заң қолданылып, жаза мерзімі 2 жыл 3 ай қысқартылды.
▪️Сот үкімі заңды күшіне енді.

🖊️Ақтөбе қаласының №2 сотының баспасөз қызметі

***

▪️Судом №2 города Актобе рассмотрено уголовное дело по обвинению в совершении мошенничества в отношении подсудимого Д. (ст.190 ч.3 п.4 УК)

▪️Краткая фабула
Подсудимый Д. достоверно зная, что не имеет возможности предоставлять жилье в аренду, разместил в приложении «Krisha.kz» объявление о сдаче квартиры в аренду. Гражданам, обратившимся к нему по размещенному объявлению, он сообщал заведомо ложные сведения о возможности сдачи квартиры в аренду, получал денежные средства в качестве оплаты за аренду квартиры и расходовал их на личные нужды.
Таким образом, 29 потерпевшим причинен материальный ущерб на общую сумму 1 136 000 тенге.

▪️Позиция подсудимого
В судебном заседании подсудимый полностью признал свою вину.

▪️Доказательства
Вина подсудимого полностью подтверждена показаниями потерпевших и свидетеля, квитанциями о денежных переводах, а также совокупностью иных доказательств, приобщенных к материалам уголовного дела.

▪️Назначенное наказание
Суд признал обстоятельствами, смягчающими уголовную ответственность и наказание подсудимого, его искреннее раскаяние в содеянном и полное признание вины. Обстоятельств, отягчающих уголовную ответственность и наказание подсудимого, судом не установлено.

▪️Приговором суда подсудимый Д. признан виновным по ст.190 ч.3 п.4 УК, и ему назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 3 года.
Постановлением судебной коллегии по уголовным делам Актюбинского областного суда с учетом применения Закона об амнистии срок наказания был сокращен на 2 года 3 месяца лишения свободы.
▪️Приговор вступил в законную силу.

🖊️Пресс-служба суда №2 города Актобе

01/09/2026

▪️Председатель Актюбинского областного суда А.Ахметов провел встречу с директором Палаты предпринимателей Актюбинской области Д.Боранкуловым.
Также на встрече приняли участие и.о председателя судебной коллегии по уголовным делам Г.Тлепова и и.о председателя судебной коллегии по административным делам Л.Бисенова.
▪️Стороны обсудили вопросы взаимодействия в сфере защиты прав и законных интересов предпринимателей региона.
▪️Председатель суда А.Ахметов выразил готовность к конструктивному сотрудничеству с Палатой предпринимателей. По итогам встречи стороны договорились определить механизмы дальнейшего взаимодействия, в том числе посредством проведения личных приемов предпринимателей, круглых столов и других совместных мероприятий.
▪️Отдельно на встрече обсуждались вопросы возможного участия Палаты предпринимателей в процедурах медиации в рамках судебных процессов Специализированного межрайонного административного суда Актюбинской области. Стороны договорились в рабочем порядке дополнительно обсудить механизмы такого взаимодействия с учетом требований законодательства.
▪️Палата предпринимателей Актюбинской области уже имеет положительный опыт взаимодействия с судебными органами. В рамках меморандума, заключенного со Специализированным межрайонным экономическим судом, налажена совместная работа по вопросам защиты прав и законных интересов субъектов бизнеса.
▪️Стороны подтвердили готовность продолжить работу по совершенствованию механизмов взаимодействия и расширению возможностей для оперативной защиты прав предпринимателей региона.

🖊️Пресс-служба Актюбинского областного суда

▪️Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ә.Ахметов кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Боранқұловпен кездесу өткізді. ▪️Кездес...
01/09/2026

▪️Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Ә.Ахметов кәсіпкерлер палатасының директоры Д.Боранқұловпен кездесу өткізді.
▪️Кездесуге облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Г.Тлепова және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы төрағасының м.а. Л.Бисенова қатысты
▪️Тараптар өңір кәсіпкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
▪️Сот төрағасы Ә.Ахметов кәсіпкерлер палатасымен сындарлы ынтымақтастық орнатуға дайын екенін білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұдан әрі өзара іс-қимыл тетіктерін айқындауға, оның ішінде кәсіпкерлердің жеке қабылдауларын, дөңгелек үстелдер мен басқа да бірлескен іс-шараларды өткізуді ұйымдастыруға келісті.
▪️Кездесу барысында Ақтөбе облысының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралатын сот процестері шеңберінде Кәсіпкерлер палатасының медиация рәсімдеріне ықтимал қатысу мәселелері де талқыланды. Тараптар заңнама талаптарын ескере отырып, мұндай өзара іс-қимыл тетіктерін жұмыс тәртібімен қосымша талқылауға келісті.
▪️Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасының сот органдарымен өзара іс-қимыл бойынша оң тәжірибесі бар. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотпен жасалған меморандум аясында бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жолға қойылған.
▪️Тараптар өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру және өңір кәсіпкерлерінің құқықтарын жедел қорғау мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады.

🖊️Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі

Address

Сатпаева 2 "Б"
Aktobe
030000

Opening Hours

Monday 08:30 - 18:00
Tuesday 08:30 - 18:00
Wednesday 08:30 - 18:00
Thursday 08:30 - 18:00
Friday 08:30 - 18:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ақтөбе соттары posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category