Ақтөбе облысының білім басқармасы

Ақтөбе облысының білім басқармасы "Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ
ГУ "Управление образования Актюбинской области"

⚜️Безопасная дорога в школу
04/09/2026

⚜️Безопасная дорога в школу

⚜️Мектепке қауіпсіз жол
04/09/2026

⚜️Мектепке қауіпсіз жол

04/09/2026

🎥Ақтөбе облысында лифттер мен эскалаторларға қызмет көрсету мамандарын даярлау басталды

Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінде жаңа оқу жылынан бастап өңір үшін жаңа бағыт — «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» мамандығы бойынша мамандар даярлау басталды.
Жаңа мамандық мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында ашылды. 2026–2027 оқу жылында бұл бағыт бойынша 45 грант бөлінді: оның 20-сы — 9-сынып түлектеріне, 25-і — 11-сынып түлектеріне арналған.
Білім беру бағдарламасы ең алдымен практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Студенттер электр техникасы, автоматтандырылған басқару жүйелері, жабдықтарды техникалық диагностикалау, сондай-ақ лифттер мен эскалаторлардың ақауларын анықтау және жоюдың заманауи әдістерін меңгереді.
Оқу барысында еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауға ерекше көңіл бөлінеді. Себебі мұндай жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету жоғары біліктілікті және белгіленген талаптарды қатаң сақтауды қажет етеді.
Жаңа мамандықтың ашылуы өңірдегі білікті техникалық кадрларға деген сұраныстың артуымен байланысты. Лифттер мен эскалаторлар тұрғын үй кешендерінде, қоғамдық ғимараттарда және әлеуметтік инфрақұрылым нысан

⚜️Семейный челлендж: Безопасная дорога в школу
03/09/2026

⚜️Семейный челлендж: Безопасная дорога в школу

⚜️Отбасылық челлендж: Мектепке қауіпсіз жол
03/09/2026

⚜️Отбасылық челлендж: Мектепке қауіпсіз жол

03/09/2026

⚜️Оқушылардың қауіпсіздігі — басты назарда!

Күн сайын таңертең Ақтөбе облысының мыңдаған оқушысы мектепке жол тартады. Осы уақытта олардың мектепке дейінгі жолының қауіпсіз болуы аса маңызды.
🏫 Білім беру ұйымдарының маңындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде полиция қызметкерлері күн сайын қызмет атқарады. Олар жолдағы жағдайды бақылап, оқушылардың жолды қауіпсіз өтуіне көмектеседі және жүргізушілерге мектеп маңында ерекше мұқият болу қажеттігін ескертеді.
Басты міндет — тек тәртіпті қамтамасыз ету емес, ең қымбат құндылық — балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау.
👮‍♀️Ақтөбе облысының оқушылары мектепке бара жатқан кезде полиция қызметкерлері олардың жанында болып, жол қауіпсіздігін бақылауда ұстайды және ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алады.

03/09/2026

⚜️Мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығы артуда

Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» жобасы аясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жалғасуда.
🏫Кезекті кездесу Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында өтті. «Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге мектеп оқушылары, Ақтөбе қаласы прокуратурасының және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің өкілдері қатысты.
Ашық диалог форматында өткен кездесуде мамандар оқушылармен құқықтарын қорғау, құқықтық жауапкершілік, буллинг пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ цифрлық ортадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады. Әсіресе интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері және алаяқтық схемалардан қорғану жолдарына ерекше назар аударылды.
👮Ақтөбе қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Көптлеуов Султанбек заңды және өз құқықтарын білудің маңыздылығы туралы айтып берді. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция полковнигі Берик Буранбаев цифрлық қауіпсіздіктің негізг�

⚜️Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында балаларды инклюзивті қолдау жүйесі кеңейтілуде🏫Білім беру ұйымдарында ерекше б...
03/09/2026

⚜️Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарында балаларды инклюзивті қолдау жүйесі кеңейтілуде

🏫Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және қолжетімді инклюзивті орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Соның бір мысалы — №19 орта мектепте жаңа кабинеттердің ашылуы.
Жаңа кабинеттер «Қамқор Инклюзив» қоғамдық қорының жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен ашылды. Олардың негізгі мақсаты — балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық және дене шынықтыру бағытындағы қолдауды қамтамасыз ету, оқуына, дамуына және әлеуметтенуіне қолайлы жағдай жасау.
🧩Инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінде психолог, дефектолог және логопед кабинеттері қарастырылған. Сонымен қатар релаксация аймағы мен жеке жұмыс жасауға арналған кеңістік, қыш-құмыра шеберханасы және педагог-ассистентпен жұмыс жүргізуге арналған арнайы орын жабдықталған.
⚽️Сондай-ақ емдік және бейімдік дене шынықтыру сабақтарына арналған жеке кабинет ұйымдастырылған. Мұнда балалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, тепе-теңдігін, икемділігін және басқа да қозғалыс дағдыларын дамытуға бағытталған сабақтар өткізіледі.

02/09/2026

⚜️Бұлбұл Күзембаева «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» жаңа мамандығы бойынша мамандар даярлау барысымен танысты

🏗️Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжіне барып, «Лифт шаруашылығы және эскалаторлар» жаңа мамандығы бойынша оқу процесінің ұйымдастырылуымен танысты.
Сапар барысында басқарма басшысы білім алушылардың оқу жағдайын, колледждің материалдық-техникалық базасын, сондай-ақ жаңа әрі сұранысқа ие бағыт бойынша мамандар даярлаудың ерекшеліктерін көріп шықты.
Білім алушылардың практикалық дайындығына ерекше назар аударылды. Студенттер электр техникасының негіздерін, автоматтандырылған басқару жүйелерін, техникалық диагностика жүргізуді, сондай-ақ лифт және эскалатор жабдықтарындағы ақауларды анықтау және жою әдістерін меңгереді. Оқу процесінің маңызды бөлігі — еңбек қауіпсіздігі және техника қауіпсіздігі талаптарын сақтау.
🧑‍🎓Жаңа мамандық колледжде 2026–2027 оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында ашылды. Оқыту үшін 45 орын қарастырылған, оның 20-сы — 9-сынып түлектеріне, 25-і — 11-сынып түлектеріне арналған.
Сапар барысында практикалық оқытуды одан әрі дамыту, сондай-ақ болашақ

⚜️Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражаты көлемдері шегінде 2026 жылы балаларға қосымша білім беруге бос орындарға мемлеке...
02/09/2026

⚜️Ақтөбе облысы бойынша бюджет қаражаты көлемдері шегінде 2026 жылы балаларға қосымша білім беруге бос орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы хабарлама

Address

Әбілқайырхан даңғылы 40
Aktobe

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77132541667

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ақтөбе облысының білім басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share