21/08/2026
2026 жылдың 20 тамызында ҚР ДСМ СЭБК Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының эпидемиолог мамандары және жеке меншік түріне қарамастан қалалық, аудандық емдеу-профилактикалық мекемелерінің дәрігер-инфекционистері, эпидемиологтары, хирургтары, травмотолог-рабиологтарына «Құтырма ауруының эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және алдын алу шаралары» тақырыбтарына арналған семинар өткізді.
Семинардың мақсаты – облыстағы алғашқы медициналық көмек көрсету жүйесінің медициналық қызметкерлерінің құтырмаға қарсы қырағылығын көтеру, жануарлардан зардап шеккен тұрғындарға уақытылы көмек көрсетуді қамтамасыз ету және тұрғандар арасында аурудын алдын алу бойынша жүйелі санитариялық ағарту жұмыстарын жүргізу.