07/09/2026
🦷 Ақтөбе облысының мектептерінде стоматологиялық кабинеттер ашылуда
📌 Ақтөбе облысында 2025–2028 жылдарға арналған «Болашаққа – сау тіспен» Жол картасын іске асыру жалғасуда. Жоба аясында мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылып, ауыз қуысы ауруларының алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау жұмыстары оқушылардың білім алатын жерінде жүргізілуде.
Жалпы облыс бойынша оқушы саны 1000-нан асатын 59 мектепте стоматологиялық кабинет ашу жоспарланған.
📌 2025 жылы мұндай кабинеттер 14 мектепте ашылды: оның 12-сі - Ақтөбе қаласында, 2-еуі - аудан орталықтарында орналасқан. 2026 жылы тағы 15 кабинет ашу жоспарлануда. Оның ішінде 12-сі Ақтөбе қаласындағы, 3-еуі аудан орталықтарындағы мектептерде ашылады.
Жыл басынан бері 7 847 оқушы профилактикалық стоматологиялық тексеруден өткен. 1 719 баладан жеңіл және орташа дәрежедегі кариес анықталыпты. Стоматологиялық мәселелер анықталған жағдайда балаларға қажетті медициналық сүйемелдеу көрсетіліп, әрі қарай ем алу бойынша ұсынымдар беріледі.
🔰 Осындай кабинеттердің бірі былтырғы жылдан бері Ақтөбе қаласындағы №56 мектепте жұмыс істейді.
«Баланың денсаулығы тістен басталады. Былтырдан бері мектебімізде стоматологиялық кабинет жұмыс істейді. Өткен оқу жылында мектептегі тіс дәрігері 2 265 оқушыны тексеруден өткізді. Балалардың тісін жұлмайды, тек сүйемелдейді, қажет болған жағдайда дәрігерлерге жолдама беріледі. Сонымен қатар стоматолог кластарда тісті дұрыс тазалау және ауыз қуысына күтім жасау туралы дәрістер өткізеді. Мұның барлығы балалар арасында ауыз қуысы мен тіс ауруларының алдын алуға бағытталған. Стоматологиялық кабинеттің барлық қажетті құрал-жабдығын №3 КДП қамтамасыз етеді. Менің ойымша, бұл өте маңызды жұмыс. Себебі барлығы өскелең ұрпақтың дені сау болуы үшін жасалып отыр», — деді Ақтөбе қаласындағы №56 мектептің директоры Гүлнара Нарымбетова.
🎯 Мектептердегі стоматологиялық кабинеттердің негізгі жұмысы — аурулардың алдын алу және оларды ерте кезеңде анықтау. Жыл сайын оқушылардың ауыз қуысына жаппай тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша қосымша бақылауды немесе емді қажет ететін балалардың тізімі жасалады.
Балалардың бойында дұрыс әдет қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінеді. Стоматологтар профилактикалық сабақтар өткізіп, оқушыларға тісті дұрыс тазалау, оны қаншалықты жиі тазалау керектігін, сондай-ақ тіс щеткасы мен пастасын дұрыс таңдау жолдарын түсіндіреді.
Кабинеттерде балалар дәрігер-стоматологтары немесе дантистер жұмыс істейді. Сонымен қатар медициналық мейірбикелер процедураларды жүргізуге көмектесіп, құралдарды зарарсыздандыру жұмыстарын атқарады.
✅ Осылайша, мектеп стоматологиясы облыста кариес пен басқа да ауруларды ерте анықтаудың ғана емес, сонымен қатар ауыз қуысына күтім жасау мәдениетін бала кезден қалыптастыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігіне айналып келеді.
———
🦷 В Актюбинской области в школах открывают стоматологические кабинеты
📌 В Актюбинской области продолжается реализация Дорожной карты «В будущее — со здоровыми зубами» на 2025–2028 годы. В рамках проекта в школах создаются стоматологические кабинеты, чтобы сделать профилактику и раннее выявление заболеваний полости рта доступными непосредственно по месту обучения детей.
Всего в области планируется открыть стоматологические кабинеты в 59 школах с численностью учащихся более 1000 человек.
В 2025 году такие кабинеты открылись в 14 школах: 12 — в городе Актобе и 2 — в районных центрах. В 2026 году планируется открыть еще 15 кабинетов, в том числе 12 — в школах Актобе и 3 — в районных центрах.
С начала текущего года профилактический стоматологический осмотр прошли 7 847 школьников. У 1 719 детей выявлен кариес легкой и средней степени тяжести. При выявлении стоматологических проблем детям оказывается необходимое сопровождение и даются рекомендации по дальнейшему лечению.
🔰Один из таких кабинетов с прошлого года работает в школе №56 города Актобе.
«Здоровье ребенка начинается с зубов. С прошлого года в нашей школе действует стоматологический кабинет. За прошлый учебный год нашим школьным стоматологом обследовано 2 265 детей. Проводится осмотр, при необходимости дети направляются к врачам. То есть полного лечения на месте нет, но осуществляется сопровождение ребенка. Наш стоматолог также проводит в классах лекции о том, как правильно чистить зубы и ухаживать за полостью рта. Всё это делается для того, чтобы предупредить заболевания полости рта и зубов у детей. Полностью оборудование стоматологического кабинета обеспечивает КДП №3. Я считаю, что это очень важно, потому что всё сделано для того, чтобы наше подрастающее поколение было здоровым», — сказала директор школы №56 города Актобе Гульнара Наримбетова.
🎯 Школьные стоматологические кабинеты работают прежде всего на профилактику. Ежегодно проводится массовый осмотр полости рта учащихся, по результатам которого формируются списки детей, нуждающихся в дополнительном наблюдении или лечении.
Отдельное внимание уделяется формированию у детей правильных привычек. Стоматологи проводят профилактические занятия и объясняют школьникам, как правильно чистить зубы, как часто это необходимо делать, а также как выбирать зубную щетку и зубную пасту.
В кабинетах работают детские врачи-стоматологи или дантисты, а также медицинские сестры, которые помогают при проведении процедур и стерилизации инструментов.
✅ Таким образом, школьная стоматология в области становится не только инструментом раннего выявления кариеса и других заболеваний, но и частью системной профилактической работы, направленной на формирование культуры ухода за полостью рта у детей.