АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ Жергілікті өкілді орган
Jergilikti ókildi organ
Местный представительный орган

03/08/2026

📌 Облыстық мәслихат депутаты Айгүл Дүйсенованың сессияда қойған сауалы

31/07/2026

📌 Бүгін облыстық мәслихаттың төрағасы Гүлқасима Сүйінтаеваның төрағалығымен кезектен тыс жиырма алтыншы сессия өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

✅ Сессияның күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. Алдымен депутаттар облыстық бюджетті нақтылау мәселесін талқыланады. Нақтылау барысында білім беру саласына ерекше көңіл бөлінді. Осы мақсатта 19 білім беру ұйымына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ 38 білім беру ұйымына жылыту қазандықтарын, генераторлармен сорғыларды сатып алуға қаражат бөлінді. Бұл алдағы жылыту маусымына сапалы әрі уақытылы дайындалуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар «Ауыл мектебі: тең мүмкіндік» жобасыаясында 2 080 педагог пен мектеп басшысының біліктілігінарттыруға қаржы қарастырылды. Бұл — облыстың барлық аудандарындағы 40 мектепте 120 оқу кабинетін жаңғыртуды көздейтін жобаның жалғасы.

🔹 Тұрғын үй мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Бюджетті нақтылау аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін 1 012 пәтер сатып алу көзделді. Бұл пәтерлер облыс аудандары арасында бөлініп, кейіннен жекешелендіру құқығымен жалға беріледі. Атал�

31/07/2026

Ақтөбе облыстық мәслихатының кезектен тыс жиырма алтыншы сессиясы

📌 Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгері...
30/07/2026

📌 Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы талқыланды.

🔹Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұржан Мақсатов депутаттарды бюджетке қатысты ұсыныстармен таныстырды.

🔸 Талқылау барысында депутаттық корпус ұсынылған бюджет жобасымен мұқият танысып, қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуы бойынша бірқатар өзекті сұрақтар қойды.

🔻 Сондай-ақ облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайырдың баяндамасы негізінде Ақтөбе облысының 2026–2030 жылдарға арналған дамыту жоспарына енгізілетін өзгерістер талқыланды.

▫️Депутаттар өңірдегі жол инфрақұрылымы мен көлік саласын дамыту бойынша ұсыныстарын білдірді. Комиссия мүшелері барлық мәселелерді жан-жақты қарап, айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, оларды облыстық мәслихат сессиясының күн тәртібіне енгізу туралы шешім қабылдады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Құрметті шахматшылар! Сіздерді бүгінгі Халықаралық шахмат күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мереке 1966 жылдан баст...
20/07/2026

Құрметті шахматшылар!

Сіздерді бүгінгі Халықаралық шахмат күнімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл мереке 1966 жылдан бастап халықаралық деңгейде тойланып келеді. Шахмат — жай ғана ойын емес, стратегия өнері, ойлаудың мектебі, әрі әлемнің барлық елдері мен жастарына түсінікті ортақ тіл.

64 шаршыдан тұратын шахмат тақтасында сабыр, логика, әділ күрес және қарсыласқа деген құрмет жатыр. Бүгінде ФИДЕ 190-нан астам елді біріктіріп, бүкіл әлемде шахматтың дамуына жағдай жасап отыр, соның нәтижесінде ірі чемпионаттар ұйымдастырылуда.

Бүгінде облысымызда да шахмат қарқынды дамып келеді. Түрлі жарыстарда орын алып, елімізге, халықаралық деңгейде танылып жүрген спортшыларымыз бар. Біз сіздермен мақтанамыз және әрқайсыларыңыздың нағыз чемпион болатындарыңызға сенеміз. Сіздердің жеңіс пен жетістікке деген ұмтылыстарыңыз елімізде шахматтың дамуына зор серпін береді.

Сондықтан баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, шалқар шабыт, сенімділік және зор жеңістер тілейміз.

Құрметпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
KazChess Ақтөбе облысы бойынша филиалы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңға қол қойды.Жа...
17/07/2026

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша заңға қол қойды.

Жаңа заңға сәйкес, енді мәслихаттар:

📌 әкімдердің халықпен кездесулерінде көтерілген мәселелердің орындалуын қадағалайды;

💰 бюджеттік комиссиялардың жұмысына қатысады;

🧹 елді мекендерді санитарлық тазалау қағидаларын бекітеді;

⚖️ тексеру комиссияларының басшылары мен мүшелеріне тәртіптік жаза қолдана алады.

Сонымен қатар:

▪️ депутаттық сауалдарға жауап беру мерзімі 30 күннен 15 күнге қысқарды;

▪️ жергілікті қоғамдастық жиналыстарының өкілеттігі кеңейді;

▪️ бір адам мәслихат төрағасы қызметіне қатарынан екі мерзімнен артық сайлана алмайды.

📅 Заң 2026 жылғы 26 шілдеден бастап күшіне енеді.

Құрметті ақтөбеліктер!Сіздерді елордамыз — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!Астана – тәуелсіз Қазақстанның, оның...
05/07/2026

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді елордамыз — Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана – тәуелсіз Қазақстанның, оның қарқынды дамуының және болашаққа деген батыл ұмтылыстың символы. Бүгінде елордамызда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, инновациялық идеялар қалыптасып, көптеген зәулім ғимараттар бой көтеруде. Халық саны артып, жастардың білім алуына, жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндіктер жасалуда.

Осы жылдар ішінде көптеген қазақстандық елорданың заманауи инфрақұрылымын, оның өндірістік нысандарын және жайлы қалалық ортаны құруға атсалысты. Олардың қатарында ақтөбеліктердің де үлесі бар.

Ендеше баршаңыздың болашақтың қаласы — елордамыздың туған күнімен құттықтаймын. Астанамыз қарыштап дами берсін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!

Ізгі ниетпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева

Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
mazhilis.kz
🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ/АКИМАТ АКТЮБИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ақтобе қалалық мәслиxаты

04/07/2026

✨ Ұлттық домбыра күніне арналған ауқымды мерекелік концерт «Қазақ халқына мың алғыс» стеласы алдындағы алаңда өтті. Іс-шараға облыс әкімі Асхат Шахаров, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаттары мен өңірдің жетекші шығармашылық ұжымдары, кәсіби музыканттар, ұлттық өнер шеберлері қатысты.

🎻 Мерекелік концерттің басты ерекшелігі – біріккен оркестрдің кең ауқымдағы күй орындауы болды. Оның құрамына Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның А. Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Достық сазы», «Арайлы Ақтөбе» және «Серпін» фольклорлық ансамбльдері енді. Кәсіби музыканттармен бірге сахнаға шыққан 1500 домбырашы Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Айтқали Жайымовтың «Шалқыма» күйлерін орындады.

🎤 Концерттік бағдарламада Ғазиза Әбдірова, Нұрлан Әбдібеков, Ақбота Қоянбайқызы және Нұржан Қазиевтің орындауында халық әндері шырқалды.

🌟 Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева мерекенің арнайы қонағы ретінде шақырылды. Қазақтың аспаптық музыкасын кеңінен насихаттап жүрген белгілі күйшінің орындауында көрермендер ұлттық өнердің үздік туындыларын тыңдады. Концерттің қорытынды бөл

Қадірлі ақтөбеліктер! Баршаңызды рухани құндылығымыздың жарқын белгісі — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймы...
04/07/2026

Қадірлі ақтөбеліктер!

Баршаңызды рухани құндылығымыздың жарқын белгісі — Ұлттық домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Домбыра — халқымыздың жүрегінен шыққан күй мен термені, бабалардың аманатын, ұлттың болмысын бойына сіңірген қасиетті аспап. Оның қоңыр үні – елдің үні, ерліктің шежіресі, жүректің сырласы.

Бұл мереке – өткенімізге тағзым, болашағымызға тағылым. Домбыраның күмбірі әр үйден, әр жүректен естіліп, ұрпағымыздың рухын асқақтатсын!

Ұлтымыздың мәдени мұрасы — Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!

Құрметпен, облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева

Address

Әбілқайыр хан даңғылы, 40
Aktobe
030000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category