Алматы соттары

Алматы соттары Алматы соттарының ресми парақшасы
Официальная страни?

31/08/2026

⚜️ Алматы қалалық сотының «Кітап сыйла!» челленджі

Құрметті оқырмандар!

▪️ Мемлекет басшысының «Оқитын ұлт» бастамасын қолдау мақсатында Алматы қалалық соты 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында «Кітап сыйла!» челленджін жариялайды.

▪️Осы бастама аясында судьялар мен мамандар кітаптарды оқу үшін бір-біріне ұсынып, өз білімдері мен алған әсерлерімен бөліседі.
▪️Челлендж оқу мәдениетін насихаттауға, зияткерлік өзара байланысты нығайтуға және әдебиетке деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыруға бағытталған.

▪️ Біз жай ғана кітап сыйламаймыз — біз даму мен жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлаймыз. Өйткені оқитын ұлт — ақылды ұлт!

⚜️ Челлендж «Подарим книгу!» Алматинского городского суда

Уважаемые читатели!

▪️ В целях поддержки инициативы Главы государства «Читающая нация» Алматинский городской суд накануне 1 сентября — Дня знаний объявляет челлендж «Подарим книгу!».

▪️В рамках данной инициативы судьи и специалисты будут рекомендовать и передавать друг другу книги для прочтения, делясь знаниями и впечатлениями.

▪️Челлендж направлен на популяризацию культуры чтения, укрепление интеллектуального взаимодействия и формирование устойчивого интереса к литературе.
▪️ Мы дарим не просто книги — мы дарим возможность для развития и светлого будущего. Ведь читающая нация — это умная нация!

Алматы қалалық сотында өрт және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өткізілді▪️2026 жылғы 26 тамызда Алма...
26/08/2026

Алматы қалалық сотында өрт және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өткізілді

▪️2026 жылғы 26 тамызда Алматы қалалық сотының ғимаратында өрт және сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша семинар өткізілді.

▪️Іс-шараны Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің Ішкі қауіпсіздік бөлімі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырды.

▪️Семинарға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері, подполковник Сандуғаш Баймұхамбетова, Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Абай Жарылқасын, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, сот приставтары, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің қызметкерлері қатысты.

▪️Семинардың тақырыбы «Өрт қауіпсіздігі қағидалары, сейсмикалық қауіпсіздік қағидалары және жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» болды.

▪️Семинар барысында Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын, өрт туындаған кездегі іс-қимыл тәртібін, қауіпсіз эвакуациялау қағидаларын, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын түсіндірді.

▪️Сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушыларға жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл алгоритмі, сейсмикалық дүмпулер кезінде және олар тоқтағаннан кейінгі мінез-құлық қағидалары, сондай-ақ сот ғимараттарындағы қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

▪️Семинарға қатысушылар төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл бойынша практикалық ұсынымдар алып, спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

▪️Мұндай іс-шараларды өткізу сот қызметкерлерінің төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел әрі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.

————————————

В Алматинском городском суде проведен семинар по вопросам пожарной и сейсмической безопасности

▪️26 августа 2026 года в здании Алматинского городского суда состоялся семинар по вопросам пожарной и сейсмической безопасности.

▪️Мероприятие организовано Отделом внутренней безопасности ДСА г. Алматы с участием сотрудников Департамента по чрезвычайным ситуациям г. Алматы.

▪️В семинаре приняли участие Старший офицер Управления гражданской обороны ДЧС г. Алматы, подполковник - Сандугаш Баймухамбетова заместитель руководителя ДСА, уполномоченный по этике Абай Жарылкасын, руководители структурных подразделений, судебные приставы, а также сотрудники ДСА г.Алматы.

▪️Темой семинара являлись «Правила пожарной безопасности, правила сейсмической безопасности и алгоритм действий при землетрясении».

▪️В ходе семинара представители ДЧС разъяснили основные требования пожарной безопасности, порядок действий при возникновении пожара, правила безопасной эвакуации, а также меры по предупреждению чрезвычайных ситуаций.

▪️Отдельное внимание было уделено вопросам сейсмической безопасности. Участникам подробно разъяснен алгоритм действий при землетрясении, правила поведения во время сейсмических толчков и после их прекращения, а также меры по обеспечению безопасности сотрудников и посетителей зданий судов.

▪️Участники семинара получили практические рекомендации по действиям в чрезвычайных ситуациях и смогли задать спикеру интересующие вопросы.

▪️Проведение подобных мероприятий способствует повышению уровня готовности сотрудников суда к чрезвычайным ситуациям, укреплению культуры безопасности и формированию навыков оперативного и правильного реагирования при возникновении угрозы жизни и здоровью граждан.

24/08/2026
▪️ Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің ...
18/08/2026

▪️ Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету), 214-бабы 2-бөлігінің 2-тармағында (заңсыз кәсіпкерлік), 274-бабы 2-бөлігінің 1, 3-тармақтарында (көрінеу жалған ақпарат тарату және ұрлау) көзделген бірқатар қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін айыпталған.

▪️ Сот анықтағандай, 2024 жылғы қараша мен 2025 жылғы желтоқсан аралығында «О» ЖШС-нің басшысы болған Б. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, компанияның есепшоттарынан 88 144 127 теңгені жымқырған. Аталған қаражатты ол жалған жарнамалық, кәсіби және ғылыми қызметтерге ақы төлеу ретінде бақылуындағы жеке кәсіпкердің есепшотына аударған, сондай-ақ ұлының жекеменшік халықаралық мектепте оқу ақысын төлеген.

▪️ Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелмеген Б. Алматы қаласында пәтерлерді сатып алу және сату арқылы 121 200 000 теңге көлемінде табыс алған, бұл ретте салық төлемдерін төлемеген.

▪️ 2024–2025 жылдар аралығында Б. «О» ақпараттық-талдамалық порталының бас редакторы бола отырып, адамдар тобының құрамында, алдын ала сөз байласу арқылы, 8 эпизод бойынша интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпаратты бірнеше рет таратқан. Нәтижесінде азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтірілген.

Сот шешімі
⚖️ Сот үкімімен Б. кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 5 жыл мерзімге бұқаралық ақпарат құралдары, журналистика, блог жүргізу, жария іс-шаралар және өзге де қоғамдық қызмет салаларында қызметпен айналысуға, сондай-ақ БАҚ-қа байланысты ұйымдарда басшылық және материалдық жауапты лауазымдарды атқаруға құқықтан айырылды.

▪️ ҚР Қылмыстық кодексінің 74-бабының 1-бөлігі негізінде 14 жасқа толмаған баласының болуына байланысты жазаны өтеу 2 жылға кейінге қалдырылды.

▪️ Сонымен қатар, материалдық залалды өтеу есебіне 95 992 350 теңге, 2 879 770 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж, сондай-ақ жәбірленуші тараптың заң көмегіне ақы төлеу және процестік шығындары ретінде 6 800 000 теңге өндірілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

————————————

▪️В районном суде № 2 Бостандыкскогорайона города Алматы рассмотрено уголовное дело в отношении Б., обвиняемой в совершении ряда преступлений: статья 189 часть 4 пункт 2 УК РК (Присвоение или растрата вверенного чужого имущества);статья 214 часть 2 пункт 2 УК РК (Незаконное предпринимательство); статья 274 часть 2 пункты 1, 3 УК (Распространение заведомо ложной информации и хищение).

▪️Установлено, что в период с ноября 2024 года по декабрь 2025 года» Б., будучи руководителем ТОО «О», используя свое служебное положение, похитила со счетов компании 88 144 127 тенге и перечислила на расчетный счет подконтрольного индивидуального предпринимателя под видом оплаты фиктивных рекламных, профессиональных и научных услуг, а также оплатила обучение своего сына в частной международной школе.

▪️Также Б., не будучи зарегистрированной в качестве субъекта предпринимательства, получила доход в размере 121 200 000 тенге от приобретения и реализации квартир в городе Алматы, без уплаты налоговых платежей.

▪️В период с 2024 по 2025 годы Б., являясь главным редактором информационно-аналитического портала «О», неоднократно (8 эпизодов), в группе лиц, по предварительному сговору, распространяла заведомо ложную информацию посредством интернет-ресурсови социальных сетей, причинив существенный вред правам и законным интересам граждан, организаций и государства.

Решение суда
⚖️Приговором суда Б. признана виновной и приговорена к 8 годам лишения свободы с лишением на 5 лет права заниматься деятельностью в сфере СМИ, журналистики, блогинга, публичных мероприятий и иной общественной деятельности, а также занимать руководящие и материально ответственные должности в организациях, связанных со СМИ.

▪️На основании ч. 1 ст. 74 УК исполнение наказания отсрочено на 2 года в связи наличием ребенка, не достигшего 14-летнего возраста.

▪️Также взыскано в счет возмещения материального ущерба 95 992 350 тенге,госпошлину в сумме 2 879 770 тенге, расходов на оплату юридической помощи и процессуальных издержек потерпевшей стороны в размере 6 800 000 тенге.

Приговор суда не вступил в законную силу

Уважаемые гражданеОфициальный Telegram-бот ALMATYSOT продолжает свою работу.С помощью Telegram-бота вы можете:✅ получить...
06/08/2026

Уважаемые граждане

Официальный Telegram-бот ALMATYSOT продолжает свою работу.

С помощью Telegram-бота вы можете:

✅ получить информацию по судебным делам;
✅ оперативно связаться с судами города Алматы.

Использование Telegram-бота позволяет экономить время, получать необходимую информацию в любое удобное время и повышает доступность судебной системы для каждого пользователя.

📲 Подписывайтесь и пользуйтесь:

https://t.me/ALMATYSOT_bot

Суды города Алматы продолжают внедрять современные цифровые сервисы, чтобы сделать взаимодействие граждан и юридического сообщества с судебной системой еще более удобным, открытым и эффективным.

ALMATYSOT — суды Алматы всегда на связи!

▪️Алмалинским районным судом города Алматы рассмотрено уголовное дело в отношении К.Ж., К. и М. по обвинению в распростр...
31/07/2026

▪️Алмалинским районным судом города Алматы рассмотрено уголовное дело в отношении К.Ж., К. и М. по обвинению в распространении заведомо ложной информации с использованием средств массовой информации, сетей телекоммуникаций и онлайн-платформ, повлекшем причинение крупного ущерба (ч. 3 ст. 274 УК).

▪️Кроме того, М. предъявлено обвинение в недобросовестном отношении к обязанностям лица, выполняющего управленческие функции в организации (ст. 254 УК), а М. и Р. – в хулиганстве, совершенном группой лиц (п. 1 ч. 2 ст. 293 УК).

▪️По итогам судебного разбирательства установлено, что мать К.Ж. понесла инвестиционные убытки при осуществлении операций с ценными бумагами через брокерскую компанию, связанную с группой Ф. Стремясь добиться возмещения этих убытков, К.Ж., действуя по предварительному сговору с главным редактором интернет-издания К., организовала распространение через интернет-издание, социальные сети и иные онлайн-платформы заведомо ложной информации в отношении АО «Ф» и его акционера.

▪️Судом установлено, что К., являясь главным редактором интернет-издания, осознавая ложный характер распространяемых сведений, согласился на участие в реализации преступного плана и обеспечил их широкое распространение. Используя возможности возглавляемого им средства массовой информации, он организовал публикацию серии статей, видеоматериалов и пресс-конференции, применяя сенсационные заголовки, последовательное освещение темы и иные способы привлечения внимания максимально широкой аудитории.

▪️Ложная информация распространялась в форме публикаций, видеоматериалов и пресс-конференции. В материалах содержались утверждения о причастности АО «Ф» и его руководства к мошенническим схемам, выводу денежных средств в офшоры, созданию финансовой пирамиды, совершению противоправных действий в отношении клиентов и иные сведения, не соответствующие действительности.

▪️Распространение указанных сведений, согласно материалам дела и выводам судебных экспертиз, повлекло причинение потерпевшим крупного имущественного ущерба, существенного вреда их деловой репутации, снижение доверия со стороны клиентов, инвесторов и деловых партнеров, а также сформировало негативное восприятие инвестиционной среды Республики Казахстан.

▪️По выводам экспертов, распространенные сведения способны подорвать доверие к национальному финансовому рынку, создать у иностранных и отечественных инвесторов ложное представление о надежности финансовых институтов страны и оказать негативное влияние на инвестиционную привлекательность Республики Казахстан на международном уровне.

▪️М., являясь руководителем средства массовой информации, вследствие недобросовестного отношения к исполнению управленческих обязанностей не обеспечил надлежащий контроль за деятельностью главного редактора и соблюдением требований законодательства при распространении публикаций, что повлекло тяжкие последствия.

▪️Также судом установлено, что в ночь с 17 на 18 марта 2026 года М., несмотря на избранную в отношении него меру пресечения в виде подписки о невыезде и надлежащем поведении, совместно со своим знакомым Р. находился в ресторане «Line Brew Reserve Dostyk Plaza» в микрорайоне Самал-2 города Алматы, где они распивали спиртные напитки.

▪️После выхода из заведения, около 01:30 часов, возле ТРЦ «Dostyk Plaza» между подсудимыми и двумя гражданами на почве малозначительного повода возник словесный конфликт. Действуя группой лиц по предварительному сговору, грубо нарушая общественный порядок и проявляя явное неуважение к обществу, М. первым нанес удар одному из оппонентов, после чего к противоправным действиям присоединился Р., спровоцировав групповую драку в общественном месте в присутствии посторонних граждан.

▪️Вина подсудимых подтверждена совокупностью исследованных в судебном заседании доказательств, в том числе показаниями представителей потерпевших, потерпевших и свидетелей, заключениями судебных экспертиз, письменными материалами дела, публикациями, видеозаписями и иными доказательствами.

Позиция сторон
Государственный обвинитель просил признать К.Ж., К. виновными по ч. 3 ст. 274 УК и назначить каждым 2 года 6 месяцев ограничения свободы, с применением акта об амнистии К. окончательно 1 год 3 месяцев ограничения свободы, К.Ж., освободить от отбывания основного наказания в виде ограничения свободы.

▪️М. признать виновным по ст. 254 УК и назначить 2 года 6 месяцев ограничения свободы, по ст.293 ч.2 п.1 УК 4 года ограничения свободы. На основании части 3 статьи 58 УК Республики Казахстан путем поглощения менее строгого наказания более строгим окончательно назначить 4 года ограничения свободы.

▪️Р. признать виновным по ст.293 ч.2 п.1 УК и назначить 3 года ограничения свободы.
На основании ст.50 ч.3 УК – М., К., К.Ж. – назначить дополнительное наказание.

▪️Представители потерпевших по обвинению по ч. 3 ст. 274 УК просили признать К.Ж., К. и М. виновными, назначить им наказание и удовлетворить гражданские иски.

▪️Потерпевшие по обвинению по п. 1 ч. 2 ст. 293 УК просили привлечь М. и Р. к уголовной ответственности.
Подсудимые вину в совершении инкриминируемых уголовных правонарушений не признали. Сторона защиты просила вынести оправдательный приговор.

Решение суда:
Приговором Алмалинского районного суда города Алматы
М. признан виновным в совершении уголовных правонарушений, предусмотренных статьями 254 и пунктом 1 части 2 статьи 293 УК Республики Казахстан, с назначением наказания:
по статье 254 УК Республики Казахстан — 2 года 6 месяцев ограничения свободы с лишением права заниматься журналистской деятельностью сроком на 3 года;
по пункту 1 части 2 статьи 293 УК Республики Казахстан — 3 года 6 месяцев ограничения свободы.

▪️На основании части 3 статьи 58 УК Республики Казахстан путем поглощения менее строгого наказания более строгим окончательно назначено 3 года 6 месяцев ограничения свободы с лишением права заниматься журналистской деятельностью сроком на 3 года.

▪️К. признан виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного частью 3 статьи 274 УК Республики Казахстан, с назначением наказания в виде 2 лет 6 месяцев ограничения свободы. В соответствии с частью 2 статьи 55 УК Республики Казахстан, с учетом смягчающих и отсутствия отягчающих обстоятельств, а также с применением Закона Республики Казахстан «Об амнистии» от 23 июня 2025 года, окончательно назначено 1 год 3 месяца ограничения свободы с лишением права заниматься журналистской деятельностью сроком на 5 лет.

▪️К.Ж. признана виновной в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного частью 3 статьи 274 УК Республики Казахстан, с назначением наказания в виде 2 лет 6 месяцев ограничения свободы. На основании Закона Республики Казахстан «Об амнистии» от 23 июня 2025 года освобождена от отбывания основного наказания как лицо, относящееся к социально уязвимой категории (женщина, имеющая несовершеннолетних детей), с лишением права заниматься журналистской деятельностью сроком на 5 лет.

Суд назначил дополнительное наказание в виде:
1) организации, проведения и (или) участие в различных конференциях, дебатах, телемостах, телепередачах, в том числе в средствах массовой информации, социальных сетях и других сетях телекоммуникаций;
2) создание и участие в деятельности масс-медиа и (или) онлайн-платформах, в том числе в качестве журналиста и (или) блогера;
3) публикации, выхода в эфир, распространения в масс-медиа, онлайн-платформах и других сетях телекоммуникаций публикаций, репортажей, интервью, рекомендаций (позиций, мнений) и иных различных видеоматериалов по социально-экономической, общественной-политической тематикам;
4) давать интервью разным масс-медиа (блогерам, ютуб-каналам, телевидению и т.д.);
5) выходить в онлайн-платформах по другим темам (не касающимся общественно-политической, публицистической деятельности).
6) заниматься правозащитной деятельностью в виде проведения мониторинга судов, участия в круглых столах, семинарах и иных публичных мероприятиях, сроком:
М. – на 3 года.
К., К.Ж. – на 5 лет.

▪️Р. признан виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного пунктом 1 части 2 статьи 293 УК Республики Казахстан, с назначением наказания в виде 3 лет ограничения свободы.

Вина подсудимых доказана их публикациями в СМИ, заключениями экспертиз и показаниями свидетелей.
При назначении наказания суд учел характер и степень общественной опасности совершенных уголовных правонарушений, данные о личности подсудимых, наличие смягчающих и отягчающих уголовную ответственность обстоятельств.

Приговор суда не вступил в законную силу

▪️Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында К.Ж., К. және М.-ға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация же...
31/07/2026

▪️Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында К.Ж., К. және М.-ға қатысты бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалану арқылы көрінеу жалған ақпарат таратып, ірі залал келтірді деген айыппен (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 274-бабының 3-бөлігі) қылмыстық іс қаралды.

▪️Сонымен қатар, М.-ға ұйымдағы басқарушылық функцияларды жүзеге асыратын адамның міндеттеріне адал қарамады деген айып (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 254-бабы), ал М. мен Р.-ға адамдар тобы болып жасаған бұзақылық бойынша (Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы) айып тағылды.

▪️Сот талқылауының қорытындысы бойынша К.Ж.-ның анасы Ф. тобына қатысы бар брокерлік компания арқылы бағалы қағаздармен мәмілелер жасау кезінде инвестициялық шығынға ұшырағаны анықталды. Осы шығындардың өтелуіне қол жеткізу мақсатында К.Ж. интернет-басылымның бас редакторы К.-мен алдын ала сөз байласып, «Ф» АҚ мен оның акционеріне қатысты көрінеу жалған ақпаратты интернет-басылым, әлеуметтік желілер және өзге де онлайн-платформалар арқылы таратуды ұйымдастырған.

▪️Сот К.-ның интернет-басылымның бас редакторы бола отырып, таратылған мәліметтердің жалған екенін біле тұра қылмыстық жоспарды іске асыруға қатысуға келіскенін және олардың кең көлемде таралуын қамтамасыз еткенін анықтады. Өзі басқаратын бұқаралық ақпарат құралының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ол сенсациялық тақырыптарды, тақырыпты жүйелі түрде жариялауды және барынша кең аудиторияның назарын аударудың өзге де тәсілдерін қолдану арқылы мақалалар топтамасын, бейнематериалдар мен баспасөз конференциясын жариялауды ұйымдастырған.

▪️Көрінеу жалған ақпарат жарияланымдар, бейнематериалдар және баспасөз конференциясы түрінде таратылған. Материалдарда «Ф» АҚ мен оның басшылығының алаяқтық схемаларға қатысы бар екендігі, ақшалай қаражатты офшорлық аймақтарға шығарғаны, қаржы пирамидасын құрғаны, клиенттерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны және шындыққа сәйкес келмейтін өзге де мәліметтер қамтылған.

▪️Іс материалдары мен сот сараптамаларының қорытындыларына сәйкес, аталған мәліметтердің таратылуы жәбірленушілерге ірі мөлшерде мүліктік залал келтіруге, олардың іскерлік беделіне елеулі нұқсан келтіруге, клиенттердің, инвесторлардың және іскер серіктестердің сенімінің төмендеуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының инвестициялық ортасы туралы теріс пікірдің қалыптасуына әкеп соққан.

▪️Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, таратылған мәліметтер ұлттық қаржы нарығына деген сенімді әлсіретуге, шетелдік және отандық инвесторларда елдің қаржы институттарының сенімділігі туралы жалған түсінік қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының халықаралық деңгейдегі инвестициялық тартымдылығына теріс әсер етуге қабілетті.

▪️М. бұқаралық ақпарат құралының басшысы бола отырып, басқарушылық міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан бас редактордың қызметіне және жарияланымдарды тарату кезінде заң талаптарының сақталуына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеген, соның салдарынан ауыр зардаптар туындаған.

▪️Сондай-ақ сот 2026 жылғы 17 наурыздан 18 наурызға қараған түні М.-ның өзіне қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылғанына қарамастан, танысы Р.-мен бірге Алматы қаласының Самал-2 шағынауданындағы «Line Brew Reserve Dostyk Plaza» мейрамханасында болып, спирттік ішімдіктер ішкенін анықтады.

▪️Мекемеден шыққаннан кейін шамамен сағат 01:30-да «Dostyk Plaza» сауда-ойын-сауық орталығының маңында сотталушылар мен екі азаматтың арасында болмашы себеппен сөз жанжалы туындаған. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ретінде әрекет етіп, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып және қоғамға анық құрметсіздік таныта отырып, М. алғаш болып қарсыластарының біріне соққы жасаған, содан кейін заңға қайшы әрекеттерге Р. қосылып, бөгде азаматтардың көзінше қоғамдық орында топтық төбелеске себеп болған.

▪️Сотталушылардың кінәсі сот отырысында зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен, оның ішінде жәбірленушілер өкілдерінің, жәбірленушілер мен куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, іс бойынша жазбаша материалдармен, жарияланымдармен, бейнежазбалармен және өзге де дәлелдемелермен дәлелденген.

Тараптардың ұстанымы
▪️Мемлекеттік айыптаушы К.Ж. мен К.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 274-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Сонымен қатар, К.-ға Қазақстан Республикасының «Рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданылып, түпкілікті 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды, ал К.Ж.-ны бас бостандығын шектеу түріндегі негізгі жазаны өтеуден босатуды сұрады.

▪️М.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 254-бабы бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын, ал ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру жолымен түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды ұсынды.

▪️Р.-ны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

▪️Қазақстан Республикасы ҚК-нің 50-бабының 3-бөлігі негізінде М., К. және К.Ж.-ға қосымша жаза тағайындауды сұрады.

▪️Қазақстан Республикасы ҚК-нің 274-бабының 3-бөлігі бойынша жәбірленушілердің өкілдері К.Ж., К. және М.-ны кінәлі деп танып, оларға жаза тағайындауды және азаматтық талап-арыздарды қанағаттандыруды сұрады.

▪️Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша жәбірленушілер М. мен Р.-ны қылмыстық жауаптылыққа тартуды сұрады.

▪️Сотталушылар өздеріне тағылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәларын мойындамады. Қорғау тарапы ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Сот шешімі:
▪️Алматы қаласының Алмалы аудандық сотының үкімімен М. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 254-бабы және 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған:

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 254-бабы бойынша 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жыл мерзімге журналистік қызметпен айналысу құқығынан айыру;

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

▪️Қазақстан Республикасы ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігі негізінде жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазамен сіңіру жолымен түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 3 жыл мерзімге журналистік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

▪️К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жеңілдететін мән-жайлар мен ауырлататын мән-жайлардың болмауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 23 маусымдағы «Рақымшылық жасау туралы» Заңының қолданылуы ескеріліп, түпкілікті 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығын шектеу және 5 жыл мерзімге журналистік қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

▪️К.Ж. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 23 маусымдағы «Рақымшылық жасау туралы» Заңының негізінде әлеуметтік осал санатқа жататын тұлға (кәмелетке толмаған балалары бар әйел) ретінде негізгі жазаны өтеуден босатылып, 5 жыл мерзімге журналистік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

▪️Сот қосымша жаза ретінде мынадай тыйымдарды белгіледі:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және өзге де телекоммуникация желілерінде әртүрлі конференциялар, пікірсайыстар, телекөпірлер, телебағдарламалар ұйымдастыруға, өткізуге және (немесе) оларға қатысуға;
2) журналист және (немесе) блогер ретінде бұқаралық ақпарат құралдары мен (немесе) онлайн-платформалардың қызметін құруға және оған қатысуға;
3) әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси тақырыптар бойынша жарияланымдарды, репортаждарды, сұхбаттарды, ұсынымдарды (ұстанымдарды, пікірлерді) және өзге де бейнематериалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында, онлайн-платформаларда және басқа да телекоммуникация желілерінде жариялауға, эфирге шығаруға және таратуға;
4) әртүрлі бұқаралық ақпарат құралдарына (блогерлерге, YouTube-арналарға, телеарналарға және т.б.) сұхбат беруге;
5) қоғамдық-саяси және публицистикалық қызметке қатысы жоқ өзге тақырыптар бойынша онлайн-платформаларда сөз сөйлеуге;
6) сот процестеріне мониторинг жүргізу, дөңгелек үстелдерге, семинарларға және өзге де жария іс-шараларға қатысу түріндегі құқық қорғау қызметімен айналысуға.
Тыйым салу мерзімі:
М.-ға – 3 жыл;
К. мен К.Ж.-ға – 5 жыл.

▪️Р. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

▪️Сотталушылардың кінәсі олардың бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарымен, сараптама қорытындыларымен және куәлардың айғақтарымен дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін, сотталушылардың жеке басын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуын ескерді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

⚜️ Алматы қалалық сотында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қала соттарының жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген ...
17/07/2026

⚜️ Алматы қалалық сотында 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қала соттарының жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген жиналыс өтті.

▪️ Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж. Ермағамбетова, Алматы қалалық сотының төрағасы А. Жүкенов, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінің басшылығы қатысты.

▪️Жиналысты ашқан Алматы қалалық сотының төрағасы А. Жүкенов сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жан-жақты талдаудың және сот жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті.

▪️ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Ж. Ермағамбетова Алматы қаласы соттарының қызметіне талдау жасап, негізгі жұмыс көрсеткіштері мен істерді қарау динамикасына тоқталды.

▪️ Есепті кезеңдегі сот ісін жүргізудің қорытындылары туралы сот алқаларының төрағалары баяндама жасады. Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М. Байгелов пен азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы Г. Әлімбаева істерді қарау тәжірибесіне талдау жасап, сот актілерінің біркелкілігін қамтамасыз етуге және сот төрелігінің сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы А. Шамшиев қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша статистикалық мәліметтерді ұсынып, сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында қабылданған шараларға тоқталды.

▪️ Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі Департаментінің сот жүйесіндегі ұйымдастырушылық үдерістерді жетілдіру бағытындағы жұмысы туралы Департамент басшысы С. Нақұллов баяндады.

▪️ Жиналыс барысында қатысушылар азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту, сот актілерінің сапасын арттыру, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Жиналыс қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.

⸻—————————

⚜️ В Алматинском городском суде состоялось расширенное совещание, на котором рассмотрены результаты работы судов города за первое полугодие 2026 года.

▪️ В мероприятии приняли участие судья Верховного Суда Республики Казахстан Ж. Ермагамбетова, председатель Алматинского городского суда А. Жукенов, председатели и судьи городского и районных судов, руководство Департамента Судебной администрации по городу Алматы.

▪️ Открывая совещание, председатель Алматинского городского суда А. Жукенов подчеркнул важность всестороннего анализа качества отправления правосудия и обсуждения актуальных вопросов совершенствования судебной системы.

▪️ Судья Верховного Суда Республики Казахстан Ж. Ермагамбетова представила анализ деятельности судов города Алматы, отметив ключевые показатели работы и динамику рассмотрения дел.

▪️ Об итогах судопроизводства за отчетный период доложили председатели судебных коллегий. Председатель судебной коллегии по административным делам М. Байгелов и и.о. председателя судебной коллегии по гражданским делам Г. Алимбаева проанализировали практику рассмотрения дел, акцентировав внимание на достижении единообразия судебных актов и повышении качества правосудия. И.о. председателя судебной коллегии по уголовным делам А. Шамшиев представил статистические данные по уголовным делам и делам об административных правонарушениях, акцентировав внимание на мерах, принятых в целях повышения эффективности судопроизводства.

▪️ О работе Департамента Судебной администрации по городу Алматы по совершенствованию организационных процессов судебной системы рассказал руководитель Департамента С. Накуллов.

▪️ В ходе обсуждения участники совещания уделили внимание вопросам усиления защиты прав граждан и юридических лиц, повышения качества судебных актов, а также внедрения современных цифровых технологий.
По итогам мероприятия были намечены приоритетные задачи на предстоящий период.

Address

Казыбек би 66
Almaty
050043

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Алматы соттары posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category