Almaty Qalasynyn Ádilet Departamenti

Almaty Qalasynyn Ádilet Departamenti Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Almaty Qalasynyn Ádilet Departamenti, Government Building, Улица Зенкова 47, Almaty.

📚 Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) апостиль қою тәртібі бойы...
20/08/2026

📚 Алматы қаласы Әділет департаментінің қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚКО) апостиль қою тәртібі бойынша түсіндіру дәрісін өткізді.

🔹 Іс-шара барысында азаматтарға апостиль қою тәртібі, қажетті құжаттар және мемлекеттік қызметті алу жолдары түсіндірілді.
🔹 Қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, қажетті кеңестер ұсынылды.

📚 Сотрудники Департамента юстиции города Алматы провели в Центре обслуживания населения (ЦОН) разъяснительную лекцию о порядке проставления апостиля.

🔹 В ходе мероприятия гражданам рассказали о порядке проставления апостиля, необходимых документах и способах получения государственной услуги.
🔹 На вопросы участников были даны подробные ответы и необходимые консультации.

14/08/2026

Алматы қаласының Әділет департаменті белгілі брендтің контрафактілік өнімін заңсыз сату фактісінің жолын кесті

Алматы қаласы — Алматы қаласы Әділет департаментінің Зияткерлік меншік құқығы бөлімі бөтеннің тауар таңбасын заңсыз пайдалану фактісі бойынша кәсіпкерлік субъектісіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Жоспардан тыс тексеруге әлемге әйгілі брендтің халықаралық құқық иеленушісі өкілінің ресми өтініші негіз болды.

Жүргізілген іс-шаралар барысында Департамент қызметкерлері жалпы сомасы 600 000 теңгеден астам 200-ден астам жұп контрафактілік аяқ киімді анықтап, заңсыз айналымнан тәркіледі.

Аталған факт бойынша кәсіпкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Іс материалдары мәні бойынша қарау және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі.

Алматы қаласының Әділет департаменті зияткерлік меншік объектілерін заңсыз пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын және құқық иеленушілердің құқықтарын қорғау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізілетінін еске салады.

14/08/2026
Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп қағидаттарын насихаттау мақсатында лекция ұйы...
30/07/2026

Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік қызметшілер арасында әдеп қағидаттарын насихаттау мақсатында лекция ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында Әділет департаменті басшысының орынбасары Қ.Б. Базарбаев мемлекеттік қызметкердің әдеп нормалары, қызметтік тәртіп, кәсіби жауапкершілік және қоғаммен қарым-қатынастағы этикалық ұстанымдардың маңыздылығы жөнінде баяндама жасады.

Лекция барысында мемлекеттік қызметте әдеп стандарттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтарға сапалы қызмет көрсету мәселелері кеңінен талқыланды.

В Департаменте юстиции города Алматы состоялась лекция, посвященная вопросам соблюдения норм служебной этики государственными служащими.

С лекцией выступил заместитель руководителя Департамента юстиции города Алматы К.Б. Базарбаев. В ходе мероприятия были рассмотрены основные принципы этики государственного служащего, вопросы служебной дисциплины, профессиональной ответственности и соблюдения норм поведения при взаимодействии с гражданами.

Особое внимание было уделено формированию высокой правовой и антикоррупционной культуры, а также повышению качества государственного обслуживания населения.

26/07/2026

Алматы қаласының Әділет департаменті Киберполмен бірлесіп тауар белгісін және онымен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгілерді заңсыз пайдалану фактісінің жолын кесті.

Іс жүргізу әрекеттері барысында заңсыз айналымнан халықаралық құқық иеленушісінің тауар белгісімен шатастыру дәрежесіне дейін ұқсас белгі заңсыз салынған 52 000-нан астам өнім бірлігі (монтаж желімі) тәркіленді.

Тәркіленген мүліктің жалпы құны 5 миллион теңгеден асады.

Тексеру нәтижелері бойынша лауазымды тұлғалар тиісті хаттамалар толтырды. Іс материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберіледі.

Алматы қаласының Әділет департаменті тауар белгілеріне құқықтарды қорғау бойынша жүйелі жұмысты әрі қарай да жалғастырады.

23/07/2026

«Заң мен тәртіп» акциясы аясында Нельсон Мандела күніне орай Алматы қаласының қылмыстық-атқару жүйесінің №13 мекемесінде сотталған азаматтарға арналған құқықтық ағарту дәрісі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдағы өзара құрмет қағидаттарын нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ қатысушыларға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

📍В рамках акции «Закон и порядок» в учреждении №13 уголовно-исполнительной системы города Алматы состоялась лекция для осужденных, приуроченная ко Дню Нельсона Манделы.

В ходе встречи были обсуждены вопросы защиты прав человека, обеспечения верховенства закона, повышения правовой культуры и укрепления принципов взаимного уважения в обществе. Кроме того, участникам были даны правовые разъяснения и ответы на интересующие их вопросы.

📚 Жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстары жалғасуда.Алматы қаласындағы 11 мекемеде сотталған азаматт...
16/07/2026

📚 Жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Алматы қаласындағы 11 мекемеде сотталған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесулері өткізіліп, Конституцияның маңызы, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.

Құқықтық сауаттылықты арттыру – заң үстемдігін нығайтудың маңызды қадамы.

16/07/2026

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» челленджіне қатысудамыз!

Адалдық пен әділдік – құқықтық мемлекеттің басты қағидаттары. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – әрбір азаматтың ортақ міндеті.


Address

Улица Зенкова 47
Almaty
​050010

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Almaty Qalasynyn Ádilet Departamenti posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Almaty Qalasynyn Ádilet Departamenti:

Shortcuts

Share