19 жалпы білім беретін мектеп.Общеобразовательная школа 19

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • 19 жалпы білім беретін мектеп.Общеобразовательная школа 19

19 жалпы білім беретін мектеп.Общеобразовательная школа 19 Алматы қаласы Білім басқармасының "№19 жалпы білім беретін мектеп" КММ

Бүгін №19 жалпы білім беретін мектепте жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай барлық сыныптарда Бірыңғай сынып сағат...
01/09/2026

Бүгін №19 жалпы білім беретін мектепте жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына орай барлық сыныптарда Бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Биылғы Бірыңғай сынып сағатының тақырыбы – «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».Сынып сағаттары барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Конституциясының қоғам өміріндегі айрықша рөлімен танысып, заң үстемдігі, азаматтық жауапкершілік, елге қызмет ету, әділдік пен адамгершілік құндылықтарының маңызы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар «Адал азамат» қағидаттарын дәріптеу арқылы өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мен отансүйгіштік қасиеттерін нығайтуға ерекше көңіл бөлінді.
Жаңа оқу жылы барша ұстаздар мен оқушыларға жемісті бастамалар, биік жетістіктер мен толағай табыс әкелсін!

01/09/2026

№19 жалпы білім беретін мектепте Білім күніне арналған салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше әсерге толы болса, жоғары сынып оқушылары үшін жаңа жетістіктерге бастар жауапты кезеңнің бастауы болды.Барша ұстаздарды, оқушыларды және ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылы мол білімге, шығармашылық табысқа, биік жетістіктерге және жарқын сәттерге толы болсын!
Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!

Бүгін №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Ұлттық Құрылтайдың бірінші сессиясын тікелей эфир арқылы тамашалады. Сессия б...
28/08/2026

Бүгін №19 жалпы білім беретін мектеп ұжымы Ұлттық Құрылтайдың бірінші сессиясын тікелей эфир арқылы тамашалады. Сессия барысында елдің дамуы, білім беру, тәрбие, қоғамдық бірлік пен ұлттық құндылықтарды нығайтуға қатысты маңызды мәселелер көтерілді. Мұндай мазмұнды басқосу ұжымның азаматтық жауапкершілігін арттырып, ел болашағына қатысты өзекті бастамалармен танысуға мүмкіндік берді.Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!

25/08/2026

Ата-аналар назарына. Жаңа оқу жылы қарсаңында балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде.
#ЗАҢМЕНТӘРТІП

12/08/2026

📚 Абайдың туған күніне орай

№19 жалпы білім беретін мектеп оқушылары ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай отбасыларымен бірге ақынның шығармаларын жатқа оқып, челлендж жолдады. 🌿

Бұл игі бастама арқылы оқушылар Абай мұрасын дәріптеп, ақынның өнегелі өлеңдері мен қара сөздерін насихаттауға өз үлестерін қосты.
Абай мұрасы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл қазына! ✨

#АбайҚұнанбайұлы #АбайдыңТуғанКүні #АбайМұрасы #АбайОқулары #19Мектеп Челлендж

12/08/2026

📚 Абайдың туған күніне орай

№19 жалпы білім беретін мектеп оқушылары ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай отбасыларымен бірге ақынның шығармаларын жатқа оқып, челлендж жолдады. 🌿

Бұл игі бастама арқылы оқушылар Абай мұрасын дәріптеп, ақынның өнегелі өлеңдері мен қара сөздерін насихаттауға өз үлестерін қосты.

Абай мұрасы – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл қазына! ✨

#АбайҚұнанбайұлы #АбайдыңТуғанКүні #АбайМұрасы #АбайОқулары #19Мектеп Челлендж

07/08/2026

Address

Абдуллиных 11
Almaty

Opening Hours

Monday 08:00 - 19:00
Tuesday 08:00 - 19:00
Wednesday 08:00 - 19:00
Thursday 08:00 - 19:00
Friday 08:00 - 19:00
Saturday 09:00 - 14:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when 19 жалпы білім беретін мектеп.Общеобразовательная школа 19 posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

Share

Category