Almaty AQJOL

Almaty AQJOL «Ақ жол» демократиялық партиясы
Алматы қалалық филиалы

Алматинский городской филиал
Демократической партии «Ак жол»

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!Экзит-полл нәтижесі бойынша «Ақ жол» партиясы қатарынан бесінші рет Парламентке өтті...
23/08/2026

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

Экзит-полл нәтижесі бойынша «Ақ жол» партиясы қатарынан бесінші рет Парламентке өтті! 🇰🇿

Бұл — баршамыздың ортақ еңбегіміздің, бірлігіміз бен табандылығымыздың нәтижесі. Осы науқан барысында аянбай еңбек еткен әрбір әріптесіме шын жүректен алғыс айтамыз!

Халықпен кездесіп, партиямыздың бағдарламасын жеткізген, үгіт-насихат жұмысына атсалысқан, сайлау учаскелерінде еңбек еткен баршаңызға рақмет!

Бұл — біздің ортақ жеңісіміз! Алда әлі де үлкен жұмыс бар. «Ақ жол» халықтың сенімін ақтап, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ете береді.

Ақ жол — алға! 🇰🇿

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!Экзит-полл нәтижесі бойынша «Ақ жол» партиясы қатарынан бесінші рет Парламентке өтті...
23/08/2026

Құрметті әріптестер, қадірлі достар!

Экзит-полл нәтижесі бойынша «Ақ жол» партиясы қатарынан бесінші рет Парламентке өтті! 🇰🇿

Бұл — баршамыздың ортақ еңбегіміздің, бірлігіміз бен табандылығымыздың нәтижесі. Осы науқан барысында аянбай еңбек еткен әрбір әріптесіме шын жүректен алғыс айтамын!

Халықпен кездесіп, партиямыздың бағдарламасын жеткізген, үгіт-насихат жұмысына атсалысқан, сайлау учаскелерінде еңбек еткен баршаңызға рақмет!

Бұл — біздің ортақ жеңісіміз! Алда әлі де үлкен жұмыс бар. «Ақ жол» халықтың сенімін ақтап, ел мүддесі үшін аянбай еңбек ете береді.

Ақ жол — алға! 🇰🇿

21/08/2026
21/08/2026

«Ақ жол» демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалының өкілдері мен Құрылтайға үміткерлер, Алматы Пікірсайыс Федерациясы мүшелерімен арнайы кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Жиын барысында үміткерлер сайлауалды бағдарламаның басты бағыттарын таныстырып, ондағы әлеуметтік-экономикалық реформалар мен жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді механизмдеріне тоқталды. Әсіресе, елдегі дебат қозғалысын дамыту, жас көшбасшыларды қолдау және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешу жолдары кеңінен талқыланды.
Өткен кездесуде үміткерлер пікірсайысшылардың көкейінде жүрген сауалдарына тұщымды жауап беріп, жастардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Партия мүшелері «Ақ жолдың» әрдайым ашық диалог пен конструктивті бастамаларды қолдайтынын атап өтіп, жас интеллектуалдарды ел болашағы үшін белсенді болуға шақырды.

Өз кезегінде Алматы Пікірсайысшылары партия өкілдеріне мазмұнды жүздесу үшін алғыс білдіріп, ұсынылған бағдарламалық мақсаттарға оң баға берді.

«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының байқаушыларымен кездесуі20...
21/08/2026

«Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалы Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының байқаушыларымен кездесуі

2026 жылғы 20 тамызда «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар Бисқұлтанов қалалық штабта байқаушыларды қабылдады.

Делегация құрамында:
- УЛУКБЕК
КАРЫБЕК УУЛУ, ТҮРКПА Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясы төрағасының м.а., Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің депутаты;
- ХИКМАТ
МАМЕДОВ, ТҮРКПА Білім, мәдениет, әлеуметтік және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясының мүшесі, Әзербайжан Милли Меджлисінің депутаты;
- ФИЛИЗ
КЫЛЫЧ, ТҮРКПА Құқықтық мәселелер жәнехалықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясының мүшесі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты;
- ДЖЕМАЛ
ЭНГИНЮРТ, ТҮРКПА Экономикалық ынтымақтастықжөніндегі комиссиясының мүшесі, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты;
- БЕКТУР
БАЗАКЕЧОВ, ТҮРКПА Бас хатшысы орынбасарының м.а. – Қырғыз Республикасы Парламентінің өкілі;
- Кадир
ЯМАН, ТҮРКПА Комиссиясының хатшысы;
- Азер
МАМЕДОВ, ТҮРКПА Хатшылығының қызметкері;
- Юнус Эмре
ҮНАЛ, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі Аппаратының Сыртқы істер және Протокол бөлімінің қызметкері болды.

Асқар Бисқұлтанов байқаушыларды партияның Алматы қаласынан Құрылтайға ұсынылған кандидаттар тізімімен таныстырып, «Өзгерістер қажет» атты саяси бағдарламасының басты бағыттарына тоқталды.

Әңгімеде Асқар Бискультанов байқаушыларға 2026 жылғы 23 тамызда өтетін сайлау күніне арналған байқаушыларды іріктеу процесі туралы айтты және сайлау учаскелеріне бекітілген байқаушылардың «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалының белсенділері мен мүшелері арасынан іріктелгенін түсіндірді.

Сонымен қатар, «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы партияның идеологиясы, тарихы мен құрылымы туралы айтып, «Ақ жол» демократиялық партиясының Алматыдағы қалалық штабы жүргізген сайлау науқаны жұмыстары жөнінде есеп берді.

ТҮРКПА өкілдері “Ақ жол” партиясына 23 тамыз күні болатын сайлауда сәттілік тілеп, мемлекет пен халықтың игілігі үшін атқарылған жұмысқа оң бағасын берді.

21/08/2026

2026 жылғы 20 тамызда «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлау штабы Алматы тұрғындары үшін бір палаталы парламент – Құрылтайға түсіп жатқан кандидаттарды қолдау мақсатында концерт ұйымдастырды.

Оңтүстік астананың талантты жас әртістері танымал әндерді орындап, көрермендерді 23 тамызда «Ақ жол» партиясына дауыс беруге белсенді түрде шақырды.

Дауыс беру бюллетенінде 6-шы нөмірмен көрсетілген «Ақ жол» партиясына дауыс беріңіз.

Address

Мынбаева 53а
Almaty
050010

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77783790229

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Almaty AQJOL posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Almaty AQJOL:

Shortcuts

Share