Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений

Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений Наука на страже здоровья растений! 🌱🔬

Казахский научно-исследовательский институт защиты растений создан Постановлением Совета Министров Казахской ССР за № 155 от 21.02.1958 г. на базе Республиканской станции защиты растений и функционирует с 01.03.1958 г.
В связи с важностью охраны территории Республики Казахстан от проникновения инвазийных карантинных вредных организмов институт в 2008 г. преобразован в Казахский НИИ Защиты и Карант

ина Растений (КазНИИЗиКР), в его составе Костанайский филиал и с 2012 года создан Южно-Казахстанский филиал.
КазНИИЗиКР является единственным специализированным учреждением в республике, которое осуществляет важные в стратегическом, экологическом, экономическом и социальном планах поиски путей повышения эффективности научных исследований в области защиты и карантина растений.

Об образовании института и реорганизациях
Республиканская Станция защиты растений Казахского филиала ВАСХНИЛ (1945–1958 гг.)
Казахский НИИ защиты растений Казахского филиала ВАСХНИЛ (1958–1961 гг)
Казахский НИИ защиты растений МСХ КазССР (1961–1976 гг.)
КазНИИ защиты растений ВО ВАСХНИЛ (1977–1990 гг.)
КазНИИ защиты растений КазАСХН (1990–1995 гг)
Казахский НИИ защиты растений НАЦАИ МСХ РК (1995–2002 гг.)
ДГП «НИИ защиты растений» РГП «НПЦ земледелия и растениеводства» МСХ РК (2003–2007 гг.)
НИИ защиты и карантина растений АО «КазАгроИнновация» (2007–2008 гг.)
ТОО «КазНИИ защиты и карантина растений» с января 2009 года
ТОО «КазНИИ защиты и карантина растений имени Жазкена Жиембаева» (согласно Постановлению РК № 54 от 11 февраля 2015 года)

04/09/2026

Бүгін Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды шаралардың бірі – «Дала күні – 2026» өтті.

Іс-шара Қарауылтөбе ауылындағы Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғылыми-тәжірибелік алқабында ұйымдастырылды.

Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен мамандары аталған іс-шараға қатысып, ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи ғылыми әзірлемелер мен өсімдіктерді қорғау бағытындағы жұмыстарын таныстырды.

🌱 Биылғы «Дала күнінің» маңызды сәттерінің бірі – күріш алқабына алғашқы орақтың түсуі болды. Ғылыми-тәжірибелік алқапта отандық селекцияның «Сыр Сұлуы» күріш сорты алғаш рет жинала бастады.

🔬 Шара барысында ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланып, өсімдіктерді қорғау, зиянкестер мен ауруларға қарсы күрес, егістікті тиімді басқару және заманауи агротехнологияларды өндіріске енгізу бағыттары бойынша пікір алмасулар өтті.

🚜 Сонымен қатар іс-шара аясында ауыл шаруашылығы техникасы, ғылыми әзірлемелер, өндірістік өнімдер, суару жүйелері және цифрлық технологиялар таныстырылды.

🤝 «Дала күні – 2026» – ғалымдар, шаруалар, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен сала мамандарының басын қосып, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтатын маңызды алаң.

Біздің институт үшін де бұл шара – ғылыми әзірлемелерді таныстыру, тәжірибе алмасу және ауыл шаруашылығы өндірісіндегі өзекті мәселелерді бірге талқылауға мүмкіндік берген нәтижелі алаң болды.

🌾 Ғылым мен өндіріс – ауыл шаруашылығының тұрақты дамуының негізі!

#ДалаКүні2026 #ЖазкенЖиембаев #ӨсімдіктердіҚорғау #Карантин

03/09/2026

🎙️ Jibek Joly телеарнасына сұхбат

Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының Өсімдіктерді биологиялық қорғау бөлімінің меңгерушісі Мухамадиев Нуржан Серикқанұлы және Технологияларды ендіру және коммерцияландыру бөлімінің коммерцияландыру жөніндегі менеджері Фазылбеков Ринат Рашидович Jibek Joly телеарнасына арнайы сұхбат берді.

Сұхбат барысында мамандар Bio Drop құрылғысы, зиянкестермен биологиялық күрес жүргізуде қолданылатын пайдалы жәндіктерді пайдалану мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

#ҚазақӨсімдікҚорғау #Трихограмма #БиологиялықҚорғау #ӨсімдікҚорғау JibekJoly Ғылым АуылШаруашылығы

Сиверс алмасын қорғау – табиғи генофондты сақтаудың негізіСиверс алмасы (Malus sieversii) – Қазақстанның бірегей табиғи ...
17/08/2026

Сиверс алмасын қорғау – табиғи генофондты сақтаудың негізі
Сиверс алмасы (Malus sieversii) – Қазақстанның бірегей табиғи байлығы және әлемдік алма дақылының құнды генетикалық ресурстарының бірі. Қазақстанда ол негізінен Жоңғар және Іле Алатауында, Қаратау, Талас Алатауы мен Тарбағатайдың таулы аймақтарында табиғи түрде таралған.
Соңғы жылдары жабайы алма ормандарына зиянды организмдердің әсері күшейіп келеді. Әсіресе 2022–2026 жылдары алма күйе көбелегі (Yponomeuta malinellus) мен жұпсыз жібек көбелегінің (Lymantria dispar) жаппай көбеюі орман екпелерінің жағдайына елеулі қауіп төндірді.
Зерттелген аумақтарда зиянкестердің зақымдау дәрежесі жекелеген орманшылықтарда 60–100%-ға дейін жетті. Жұпсыз жібек көбелегінің жұлдызқұрттары жапырақтарды қарқынды жеп, ағаш тәжінің 95–100%-ға дейін жалаңаштануына әкелуі мүмкін.
Мұндай дефолиация бірнеше рет қайталанса, ағаштардың өсуі мен физиологиялық жағдайы әлсірейді. Нәтижесінде олардың патогендік саңырауқұлақтарға, бактериялық ауруларға және дің зиянкестеріне төзімділігі төмендеп, жекелеген ағаштардың қурау қаупі артады.
Жабайы алма ормандарында зиянкестердің санын табиғи жағдайда энтомофагтар мен паразитоидтар реттейді. Олардың қатарында Calosoma sycophanta, Calosoma auropunctatum, Ageniaspis fuscicollis және басқа пайдалы организмдер кездеседі. Алайда зиянкестер жаппай көбейген кезеңде табиғи энтомофагтар кешені олардың санын қауіпсіз деңгейде ұстап тұруға әрдайым жеткіліксіз.
Жабайы жемісті ормандарды қорғауда тұрақты орман-патологиялық және фитосанитариялық мониторинг жүргізу маңызды. Таулы және жетуі қиын аумақтарды бақылауда ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) пайдалану зақымдану ошақтарын жедел анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қоршаған ортаға пестицидтік жүктемені төмендету үшін зиянкестерге қарсы биологиялық препараттарды, энтомофагтарды және ҰҰА технологияларын біріктіре отырып экологиялық қауіпсіз қорғау жүйесін дамыту қажет.
Сиверс алмасын сақтау – тек Қазақстанның табиғи мұрасын қорғау емес, әлемдік алма дақылының бірегей генетикалық қорын болашақ ұрпаққа жеткізу.

17/08/2026

Меңдібаева Гүлназ Жеткергенқызы – Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының Орман және жасыл желектерді қорғау зертханасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор.

Бүгінгі таңда Гүлназ Жеткергенқызы 100-ден астам ғылыми еңбектің авторы және бірлескен авторы. Оның ішінде импакт-факторы бар ғылыми журналдарда 20-дан астам мақаласы жарияланған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының пайдалы моделіне 7 патент, өндіріске арналған 13 ұсыным, 4 авторлық куәлік, 1 монография, 1 кітап, сондай-ақ орман және жасыл желектердің негізгі зиянкестері бойынша қысқаша атлас әзірленген.
Scopus деректер базасы бойынша Хирш индексі – 5.

14/08/2026

🤝 PHEROBIO КОМПАНИЯСЫМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ

Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтына Қытайдың Pherobio компаниясының бас директоры Цуй Иньчжун мырза арнайы жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында тараптар феромондық тұзақтарды қолдану, зиянкестерді мониторингтеу және оларды тәжірибеде тиімді пайдалану мәселелерін талқылады.

🔬 Сонымен қатар, феромондық тұзақтардың техникалық ерекшеліктері, орналастыру тәртібі және қолдану тиімділігі бойынша пікір алмасып, бірқатар техникалық сұрақтар нақтыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

🤝 Кездесу нәтижесінде Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және феромондық мониторинг бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыру жөнінде келісімдер жасалды.

🌱 Ғылым, инновация және халықаралық тәжірибе – өсімдіктерді тиімді қорғаудың маңызды негізі!

#ФеромондықТұзақтар #ӨсімдікҚорғау #Ғылым #Инновация Қазақстан Қытай ХалықаралықЫнтымақтастық

Біз де трендтеміз! 😎🔬Кішкентай қызығушылық үлкен жаңалықтарға бастайды.Ғылымды бала кезден таныған — болашақты ерте баст...
10/08/2026

Біз де трендтеміз! 😎🔬
Кішкентай қызығушылық үлкен жаңалықтарға бастайды.

Ғылымды бала кезден таныған — болашақты ерте бастайды! ❤️

06/08/2026

Қостанай облысында «Өсімдіктерді қорғаудың біріктірілген жүйесі: ғылыми әзірлемеден тәжірибелік қолдануға дейін» тақырыбында Дала күні өтті
2026 жылдың 5 тамызында Қостанай облысы, Қостанай ауданының Шеминовка ауылында ««Өсімдіктерді қорғаудың біріктірілген жүйесі: ғылыми әзірлемеден тәжірибелік қолдануға дейін» тақырыбында Дала күні өтті. Іс-шараны «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС ұйымдастырды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2024-2026 жылдарға арналған BR22885887 «Зиянды организмдерді басқару жүйесін жетілдіру және ендіру» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында өткізілді.
Дала күні ауыл шаруашылығы дақылдарын кешенді қорғау саласындағы заманауи ғылыми әзірлемелерді, цифрлық шешімдерді, инновациялық техника мен технологияларды көрсетуге арналған практикалық алаңға айналды.
Қатысушыларға өсімдіктерді кешенді қорғаудың заманауи тәсілдері, агроөнеркәсіптік кешенге арналған цифрлық шешімдер, сондай-ақ қорғау іс-шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған инновациялық техникалық құралдар таныстырылды.
Қатысушылардың ерекше назарын энтомофагтарды жоғары дәлдікпен енгізуге арналған BIO-DROP жүйесімен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппаратының, Жатаған у кекірені жоюға арналған арнайы топырақтың астына гербицид енгізетін құрылғысы бар үш қабатты культиватор-сыдыражыртқыш, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау құралдарын аз көлемді және ультра аз көлемді енгізуге арналған заманауи бүріккіштердің практикалық көрсетілімі аударды.
Сонымен қатар әртүрлі нысандарды, оның ішінде биік ағаштарды өңдеуге арналған алысқа бүрку мүмкіндігі бар бүріккіш көрсетілді. Жұмыс ерітіндісінің біркелкі таралуына, өңдеу сапасына және өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану тиімділігіне тікелей әсер ететін бүріккіш саптамаларды баптау мен калибрлеуге ерекше көңіл бөлінді.
Институт мамандары пестицидтермен жұмыс істеу кезінде жеке басты қорғау құралдарын қолдану бойынша практикалық таныстырылым өткізіп, қатысушыларды еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудің заманауи талаптарымен таныстырды.
Дала күні аясында өсімдіктерді биологиялық қорғау технологиялары, фитосанитарлық мониторинг жүйелері және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға, пестицидтік жүктемені азайтуға және агроэкожүйелердің экологиялық тұрақтылығын сақтауға бағытталған ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің, Қостанай облысы әкімдігінің, Қазақстандағы ФАО өкілдері, ғылыми ұйымдар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, салалық қауымдастықтар, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің отандық және шетелдік компанияларының өкілдері қатысты.
Дала күні ғылым, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасындағы кәсіби диалог алаңына айналды. Қатысушылар практикалық тәжірибе алмасып, фитосанитарлық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін және өсімдіктерді кешенді қорғаудың заманауи технологияларын ауыл шаруашылығы өндірісіне енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

Address

Улица Култобе 1, мкр. Рахат, Наурызбайский район
Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77272467366

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Казахский научно-исследовательский институт защиты и карантина растений:

Shortcuts

Share