Алматинский зоопарк

Алматинский зоопарк Зоопарк

В январе 1935 года Совет народных комиссаров Казахской ССР принял решение о немедленном создании зоопарка в городе Алма-Ата. Выбором места для строительства первого в Республике зоопарка и его созданием занимался опытный охотник и отличный знаток Семиречья Мурзахан Толебаев. Под зоопарк была отведена территория в 26,6 га.

Мурзахан Толебаев лично участвовал в отлове представителей местной фауны дл

я экспозиции зоопарка. Первыми поступившими в Алматинский зоологический парк животными были косули, пара волков, молодые лисицы, архаренок, сайгак, джейран, горный козел. Чтобы с первых дней работы зоопарка удивить алмаатинцев, Толебаев вел переговоры с Московским зоопарком о приобретении животных. Из Ашхабадского зоопарка в Алма-Ату были направлены гиены, шакалы, каракалы, лисы. Из Ленинградского зоопарка прислали белого медведя, северных оленей, енотов. Из Московского зоопарка направили эму, бизонов, зубробизонов, антилоп нильгау. Из заповедника Аскания-Нова прибыли антилопы зеву, гну и канны. В год основания коллекция животных достигла 70 видов.

Зоопарк торжественно открыл свои двери для посетителей 7 ноября 1937 года.

В годы войны наступило непростое время для зоопарка. Многие сотрудники отправились на фронт. Рабочих рук не хватало в этот период остро стояла проблема недостатка кормов для животных, особенно хищников. Сотрудники скупили у местных жителей всех ослов. Позже начали отлов бродячих собак. Львов кормили даже сушеным урюком. Часть коллекции погибла, но многих животных удалось спасти.

В год открытия Алма-Атинский зоопарк из отведенной для него территории занял всего 7 гектаров. В 60-е годы началось расширение и обновление зоопарка. Был построен новый павильон хищных зверей, зимний павильон для слонов и бегемотов, новые вольеры для птиц.

5 сентября 1961 года в зоопарке впервые появились индийские слоны. Молодые слонята Дубас и Пальма стали подарком жителям Алма-Аты от премьер-министра Индии Джавахарлала Неру, в 1955 году посещавшего наш город со своей дочерью.

У этой пары впоследствии родилось пять слонят. Самый известный из них — Батыр из Алма-Аты — был направлен в Карагандинский зоопарк. Слоненок прославился тем, что научился с помощью хобота говорить свое имя.

Другие известные обитатели зоопарка — бегемоты Юлька и Спутник, дававшие потомство практически каждый год.

В общей сложности у пары родилось десять бегемотиков, которые разъехались по зоопаркам и циркам всей страны.

В 2017 году Алматинскому зоопарку исполняется 80 лет.

На сегодняшний день в коллекции зоопарка 310 видов и 2781 экземпляров животных.

Для улучшения условий жизни животных сегодня проводятся реконструкции и строительство новых вольеров. Планируется комплектация пар для сохранения исчезающих видов. Также началось строительство новой ветеринарной клиники, оборудованной новой медицинской техникой.

Достар! Алматы хайуанаттар бағының тарихы — сүйікті қаламыздың тарихымен тығыз байланысты. 🏛️Зообағымыздың өткені қызықт...
03/09/2026

Достар! Алматы хайуанаттар бағының тарихы — сүйікті қаламыздың тарихымен тығыз байланысты. 🏛️

Зообағымыздың өткені қызықты оқиғаларға, ерекше сәттерге және талай ұрпақтың естелігіне толы. Жылдар өтсе де, жануарларға деген сүйіспеншілік пен табиғатты қорғау миссиясы өзгерген жоқ💚

Біз өз тарихымызды ерекше құрметтейміз және мұрағаттағы ескі фотосуреттерді сіздермен бөлісіп отырамыз.

📸 Өткенге бірге саяхат жасап, зообағымыздың тарихын еске түсірейік!

Сіздерге біздің ретро-жарияланымдарымыз ұнай ма?
Пікірлеріңізбен бөлісіңіздер! 💬
_______________________________________________

Друзья! История Алматинского зоопарка неразрывно связана с историей нашего любимого города. 🏛️

За годы существования зоопарк стал частью воспоминаний многих поколений алматинцев. Менялись времена, появлялись новые жители и обновлялась территория, но любовь к животным и природе остаётся неизменной💚

Мы бережно храним историю зоопарка и продолжаем делиться с вами архивными фотографиями.

📸 Давайте вместе отправимся в путешествие в прошлое и вспомним, каким был наш зоопарк много лет назад!

Вам нравятся наши ретро-публикации?
Делитесь своим мнением в комментариях! 💬

02/09/2026

Зообағымыздағы ең тыныш әрі көрікті орындардың бірі — тоған🌿

Судың баяу тербелісі, жүзіп жүрген балықтар, аққулар мен қарақулар, сымбатты қоқиқаздар мен айбарлы бірқазандар — мұның бәрі ерекше тыныштық пен үйлесім атмосферасын қалыптастырады. 🦢🦩

Қоқиқаздар үшін тоған аумағында арнайы көлеңкелі шатыр орнатылған. Мұнда олар күннің ыстығынан қорғанып, жайлы демала алады.

🍂 Алматы зообағына келіп, күздің көркем күндерін табиғат аясында тынығып, ерекше атмосферада өткізіңіз!💚
__________________________________________________
Одно из самых спокойных и живописных мест нашего зоопарка — пруд.

Лёгкое движение воды, плавающие рыбы, белые и чёрные лебеди, грациозные фламинго и величественные пеликаны — всё это создаёт особую атмосферу спокойствия. 🦢🦩

Для фламинго на территории пруда установлен специальный навес, где они могут укрыться от солнца и комфортно отдыхать.

🍂 Проведите красивые осенние дни в атмосфере природы и релакса — приходите в Алматы зоопарк!

12/08/2026

🐘 Халықаралық пілдер күні құтты болсын! 💚

Бұл күн осы бір ғажайып жануарларды қорғаудың маңыздылығын еске салып, пілдердің санын сақтауға және олардың тіршілігі мен ерекшеліктері туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Бүгін сіздерді Алматы хайуанаттар бағындағы керемет жұп — Лао мен Арумен таныстырғымыз келеді. Олар 2000 жылы Лаостан Алматы хайуанаттар бағына әкелінді. Әдетте жануарлар хайуанаттар бағына өздерінің есімдерімен келеді, біз оларды өзгертпейміз. Алайда біздің пілдеріміздің бастапқы аттары — Пампиорон және Лай-Кампошай. Біз үшін айтуға тым күрделі болды. Сондықтан аталығын өзі келген елдің құрметіне Лао деп, ал ұрғашысын нағыз сұлу болғандықтан Ару деп атадық! ❤️

Ару 1998 жылы, Лао 1996 жылы туған. Олар жұп болып қалыптасты, алайда әзірге төлдері жоқ. Ару — мінезі бар, өте ақылды піл. Ол жаттығуларға қатысып, мамандарымыздың командаларын жақсы орындайды. Ал Лао нағыз ер адам сияқты сабырлылау және еркелікке сәл сараңдау.😉
Пілдердің рационында жемістер, көкөністер, шөп пен құрамажем бар.🍎

Лао мен Аруға зор денсаулық, амандық және ұзақ жылдар бойы бірге болуды тілейміз! 💚🐘

09/08/2026

Біздің сүйікті Лоттиге — 16 жас!🎉🦛

Бүгін Алматы хайуанаттар бағында ерекше күн — сүйікті бегемотымыз Лотти 16 жасқа толды! 💚

Лотти бізге Франциядан келген. Осында ол Джамбоны кездестіріп, екеуі бір-біріне үйренісіп, тамаша жұпқа айналды. 🦛❤️

Лоттидің әр күні суға шомылудан және тістерін тазалаудан басталады. Бегемоттарға күнделікті күтім өте маңызды, ал олардың тістері жарты метрге дейін өсуі мүмкін! 🦷💦

Туған күнінде Лоттиге үлкен, шырынды қарбыз сыйға тартылды. 🍉 Оның сүйікті тағамдарының қатарында қырыққабат, сәбіз, алма және қызылша бар😋

💚 Лоттиге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, жақсы тәбет және Джамбомен бірге әлі талай бақытты жыл тілейміз!

🎂 Лоттиді 16 жасымен бірге құттықтауға шақырамыз!🥳

05/08/2026

🎉🐊 Бүгін бізде үлкен мереке — кубалық қолтырауын Фидельдің мерейтойы! Ол 40 жасқа толды!

Біздің мерейтой иесі 1986 жылы дүниеге келген, ал 2001 жылы бізге Рига хайуанаттар бағынан келді. Осы жылдар ішінде Фидель нағыз алыпқа айналды: бүгінде оның ұзындығы 4 метрге жетеді!

Әрине, мұндай айбынды мерейтой иесі тәтті торттарды ұната бермейді. Сондықтан біз оған мерекеге арнайы өзінің сүйікті тағамы — сиыр етінен жасалған ерекше «торт» дайындадық. 🥩🎂

Айта кетейік, Фидель небәрі аптасына бір рет қоректенеді. Бұл қатаң диета емес, қолтырауындардың табиғи ерекшелігі: олардың зат алмасу процесі баяу болғандықтан, олар қоректі ұзақ қорытады және бірнеше күн бойы тамақсыз жүре алады.

🐊 Біздің мерейтой иесінің қоректену сәтін көргіңіз келсе, бізге келіңіз! Фидельді әдетте сейсенбі күндері сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін тамақтандырамыз.

🎈 Фидельді пікірлерде құттықтаңыздар! Барлық жылы тілектеріңізді міндетті түрде оған жеткіземіз💚

02/08/2026

Аптап ыстық әлі де жалғасуда, ал біз жануарларымыздың бұл кезеңді мүмкіндігінше жайлы өткізуі үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз.🌞

Әр жануардың ыстықтан қорғану тәсілі әртүрлі. 🐾

Ақ аю Пурга, бегемоттар, тапирлер мен жолбарыстар бассейнде шомылып, салқындағанды ерекше ұнатады.💦

🦏 Мүйізтұмсықтар үшін балшық ванналары дайындалған. Балшық олардың денесін салқындатып қана қоймай, терісін күннің ыстығы мен жәндіктерден қорғайды.

🐘 Ал пілдер табиғи түрде шаң ваннасын қабылдап, осылайша ыстықтан қорғанады.

🌫️ Түйелер, ламалар, жылқылар, яктар, бизондар, сондай-ақ ірі және ұсақ мысық тұқымдас жануарлар үшін салқындататын су тұманы ұйымдастырылған. Бұл олардың жоғары температураны жеңіл көтеруіне көмектеседі.

🍎🍑 Кейбір жануарларымызға өрік, алма, шие және таңқурайдан дайындалған жеміс балмұздағы беріледі. Әсіресе біздің сүйкімді шимпанзелеріміз Паша мен Лола бұл салқын тәттіні ерекше жақсы көреді. 🍦🐵

Сіздерді хайуанаттар бағына қонаққа келіп, жануарларымыздың жаздың аптап ыстығын қалай өткізетінін өз көздеріңізбен көруге шақырамыз!💚

01/08/2026

Address

Есенберлина 166
Almaty
050007

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Алматинский зоопарк posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to Алматинский зоопарк:

Shortcuts

Share