РГУ "Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан" МКС РК

  • Home
  • Kazakhstan
  • Almaty
  • РГУ "Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан" МКС РК

РГУ "Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан" МКС РК "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" РММ

Республиканское Государственное учреждение «Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан» (РБНСГ) Министерства культуры и спорта Республики Казахстан, является некоммерческой организацией, обладающей статусом юридического лица.

23/08/2026

Тоғызқұмалақ – ұрпақтарды біріктіретін ұлттық ойын!
2026 жылғы 7 тамызда Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру аясында ұлттық зияткерлік «Тоғызқұмалақ» ойынын өткізді.
Іс-шараға балалар қатысып, халқымыздың ең көне ұлттық ойындарының бірі – тоғызқұмалақты үлкен қызығушылықпен ойнады. Бұл ойын логикалық ойлауды, зейінді, есте сақтау қабілетін және стратегиялық дағдыларды дамытады. Қатысушылар әсерлі сәттерге бөленіп, жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық зияткерлік ойындарды насихаттау, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және олардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру болды.
#Тоғызқұмалақ #ҰлттықОйын #ЖазғыДемалыс #Балалар #РеспубликалықКітапхана ЗағипЖандар НашарКөретінЖандар ҚазақстанМәдениеті

22/08/2026

Асық ойыны – ұлттық мұра
21 тамыз 2026 жылы Республикалық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханада балалардың қатысуымен қазақ халқының ұлттық ойыны – «Асық ойыны» ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық ойындарды насихаттау, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ептілікке, дәлдікке және шапшаңдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
Асық ойыны – халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін дәріптейтін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындардың бірі.
Балалар ойынға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді!
#АсықОйыны #ҰлттықОйын #ҰлттықМұра #Балалар #ЖазғыДемалыс

Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған әдеби шара өттіАлматы қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты...
12/08/2026

Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған әдеби шара өтті
Алматы қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты «Alatau Creative Hub» орталығында ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған әдеби-мәдени шара өтті.
Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтардың қатарында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың қызметкерлері де болды. Кездесу барысында Абай шығармашылығының құндылығы, ақынның қазақ әдебиеті мен руханиятындағы орны кеңінен сөз болып, оның мол мұрасын оқырмандарға насихаттауға ерекше мән берілді.
Аталған шара екі кітапхана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және бірлескен мәдени-ағартушылық жобаларды дамыту бағытындағы маңызды қадам болды.
Кездесу аясында кітапхана мамандары өзара кәсіби байланыстарды одан әрі дамыту, оқырмандарға арналған ортақ іс-шаралар ұйымдастыру және инклюзивті мәдени-ағартушылық бастамаларды жүзеге асыру жөнінде пікір алмасты.
Мұндай бірлескен жұмыстар кітапханалар арасындағы әріптестікті арттырып қана қоймай, әдеби мұраны кеңінен насихаттауға және кітапхана қызметінің қолжетімділігін дамытуға ықпал етеді.

10/08/2026

📚 «Өлең – сөздің патшасы»
10 тамыз – ұлы ақын, ойшыл, композитор, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні.
Осы айтулы күнге орай кітапханамызда «Өлең – сөздің патшасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Абайдың шығармалары, өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер, сондай-ақ ақынның мұрасын танытатын түрлі басылымдар қойылды.
Көрменің мақсаты – оқырмандарды Абайдың бай шығармашылық мұрасымен таныстыру, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін насихаттау және жас ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.
📖 Абай мұрасы – ұрпаққа аманат!
#АбайҚұнанбайұлы #АбайКүні #ӨлеңСөздіңПатшасы #КітапКөрмесі #зағипжәненашаркөретіңазаматтарғаарналғанкітапхана Кітапхана Мәдениет Қазақстан

Тоғызқұмалақ — игра, объединяющая поколения! 7 августа 2026 года Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих ...
09/08/2026

Тоғызқұмалақ — игра, объединяющая поколения!
7 августа 2026 года Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан в рамках летнего отдыха детей провела национальную игру «тоғыз құмалақ».
В мероприятии приняли участие дети, которые с большим интересом познакомились с одной из древнейших национальных игр, развивающей логическое мышление, внимательность, память и стратегические навыки. Участники получили не только яркие эмоции, но и возможность интересно и с пользой провести летний досуг.
Главной целью мероприятия стало популяризация национальных интеллектуальных игр, и развития логики содержательного отдыха детей.
#Тоғызқұмалақ #НациональнаяИгра #ЛетниеКаникулы #Дети #РеспубликанскаяБиблиотека Незрячие Слабовидящие КультураКазахстана.

Тоғызқұмалақ – ұрпақтарды біріктіретін ұлттық ойын!
2026 жылғы 7 тамызда Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру аясында ұлттық зияткерлік «Тоғызқұмалақ» ойынын өткізді.
Іс-шараға балалар қатысып, халқымыздың ең көне ұлттық ойындарының бірі – тоғызқұмалақты үлкен қызығушылықпен ойнады. Бұл ойын логикалық ойлауды, зейінді, есте сақтау қабілетін және стратегиялық дағдыларды дамытады. Қатысушылар әсерлі сәттерге бөленіп, жазғы демалыстарын қызықты әрі пайдалы өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық зияткерлік ойындарды насихаттау, балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту және олардың жазғы демалысын мазмұнды ұйымдастыру болды.
Тоғызқұмалақ ҰлттықОйын ЖазғыДемалыс Балалар РеспубликалықКітапхана ЗағипЖандар НашарКөретінЖандар ҚазақстанМәдениеті

СӨЗ МАРЖАНЫ – АБАЙДАН Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ағарту...
09/08/2026

СӨЗ МАРЖАНЫ – АБАЙДАН

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және философы Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Сөз маржаны Абайдан» атты рухани марафон өтті.
Іс-шараның мақсаты – Абайдың рухани мұрасын, ұлттық құндылықтарын және ақынның өткен мен бүгінді сабақтастыратын шығармашылық әлемін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау.
Шара барысында қатысушылар Абай өлеңдерін оқу, әндерін орындау, қара сөздерін мәнерлеп оқу және авторлық орындау атты төрт аталым бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылардың өнеріне Әлем Халықтары Жазушылары одағының төрағасы мен мүшелері әділ бағаларын берді.
Шараға 55 адам қатысты

Кітапханада «Жыл мерейтой иелері»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеде мерейтойлары аталып өтетін қаламгерлердің Бра...
30/07/2026

Кітапханада «Жыл мерейтой иелері»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде мерейтойлары аталып өтетін қаламгерлердің Брайль қарпіндегі, бедерлі-нүктелі, ірі қаріпті және жайпақ басылымдары, аудиокітаптары мен олар туралы әдебиеттер көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, Жамбыл Жабаев, Олжас Сүлейменов, Қадыр Мырза Әлі, Мұқағали Мақатаев, Әлихан Бөкейхан, Исраил Сапарбай және басқа да мерейтой иелерінің шығармалары қойылды.

Көрменің мақсаты – оқырмандарды мерейтой иелерінің әдеби мұрасымен таныстыру, олардың шығармашылығын кеңінен насихаттау, кітап оқуға қызығушылықты арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу.

Көрме жыл бойы толықтырылып, мерейтой күнтізбесіне сәйкес жаңартылып отырады.

«Аю мен қояндар»,  «Волк и семеро козлят» атты тифлотүсініктемемен ертегілер көрсетілімі2026 жылғы 30 шілдеде «Зағип жән...
30/07/2026

«Аю мен қояндар», «Волк и семеро козлят»
атты тифлотүсініктемемен ертегілер көрсетілімі

2026 жылғы 30 шілдеде «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Өнер және спорт әдебиеттері бөлімі» «Кино әлемі» кітапханалық жобасы аясында Алматы қаласындағы FasTracKids Халықаралық балалар академиясында мектеп жасына дейінгі балаларға мультфильмдерді тифлотүсініктемемен көрсету іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге қазақ халық ертегісі желісі бойынша түсірілген «Аю мен қояндар» және «Союзмультфильм» киностудиясы шығарған «Волк и семеро козлят» мультфильмдері тифлотүсініктемемен ұсынылды.
Жобаның негізгі мақсаты: бүлдіршіндердің мультфильм әлеміне деген қызығушылығын арттыру, инклюзивті мәдени ортаны қалыптастыру, көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және олардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру.

Samsung Solve for Tomorrow бағдарламасының қатысушылары, Физтех мектебінің 10-сынып оқушылары республикалық кітапханаға ...
30/07/2026

Samsung Solve for Tomorrow бағдарламасының қатысушылары, Физтех мектебінің 10-сынып оқушылары республикалық кітапханаға өз жобасы бойынша кезекті консультация алу мақсатында келді.

«Аю мен қояндар»,  «Волк и семеро козлят» атты тифлотүсініктемемен ертегілер көрсетілімі2026 жылдың 23 шілдесінде «Зағип...
24/07/2026

«Аю мен қояндар», «Волк и семеро козлят»
атты тифлотүсініктемемен ертегілер көрсетілімі

2026 жылдың 23 шілдесінде «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана» республикалық мемлекеттік мекемесінің Өнер және спорт әдебиеттері бөлімінің қызметкерлері «Кино әлемі» кітапханалық жобасы аясында жазғы демалыс кезінде балаларға арналған мультфильмдерді тифлотүсініктемемен көрсету іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында кітапхананың жас оқырмандарына қазақ халық ертегісі желісімен түсірілген «Аю мен қояндар» және «Союзмультфильм» киностудиясының «Волк и семеро козлят» атты мультфильмдері тифлотүсініктемемен ұсынылды. Тифлотүсініктеме көру қабілеті бұзылған балалардың мультфильм мазмұнын толық қабылдауына мүмкіндік беріп, олардың көркем туындыларды тануына және эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал етті.
Жобаның негізгі мақсаты – бүлдіршіндердің мультфильм әлеміне деген қызығушылығын арттыру, инклюзивті мәдени ортаны дамыту, көру қабілеті бұзылған балалардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және олардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыру.
Көрсетілімге кітапхананың жас оқырмандары ата-аналарымен бірге қатысып, мультфильмдерді ерекше қызығушылықпен тамашалады. Іс-шара барысында балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, алған әсерлерімен бөлісті.
Шараға танымал қазақстандық қоғам қайраткері, спортшы және мотивациялық спикер Данияр Базарбеков демеушілік көрсетіп, балаларға тәтті сыйлықтар таратты. Бұл игі бастама қатысушыларға қуаныш сыйлап, іс-шараның тәрбиелік және әлеуметтік маңызын арттыра түсті.
Мультфильм көрсетіліміне 21 оқырман қатысты.

Address

Улица Богенбай батыра 214
Almaty
050012

Opening Hours

Monday 08:30 - 17:30
Tuesday 08:30 - 17:30
Wednesday 08:30 - 17:30
Thursday 08:30 - 17:30
Friday 08:30 - 17:30

Telephone

+77272937080

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when РГУ "Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан" МКС РК posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Organization

Send a message to РГУ "Республиканская библиотека для незрячих и слабовидящих граждан" МКС РК:

Shortcuts

Share